bannersa207 bannersa208

 

     Ақпанның 22-де С.Сейфуллин атындағы кітапханада Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан жазушылар Одағы, Қазақстан Журналистер Одағы, Театр қайраткерлері Одағының мүшесі,  ҚР мәдениет қайраткері, жазушы Апбаз Қаражігітовтің шығармашылығына арналған   «Қайсарлықты үйренген дала қырдан» атты әдеби қонақжайжәне «Қарымды, қайратты қаламгер» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Кешке «Қаламгерлер» клубының төрағасы Қазақстан Жазушылар Одағының Жезқазған қалалық филиалының мүшесі, «Ұлытау және ұлт» - тарихи –танымдық, көркем- әдеби журналдың бас үйлестірушісі Мырзабеков Батырбек Тыныштықбайұлы, «Ұлытау және ұлт» - тарихи –танымдық, көркем- әдеби журналдың бас редакторы Смағұл Сара Кәрімсаттарқызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Ұлытау және ұлт» - тарихи –танымдық, көркем- әдеби журналдың жауапты редакторы, «Тілтану» оқу орталығының басшысы Ештанаев Ғазиз Елеусізбайұлы, «Сарыарқа» газетінің директоры –бас редакторы Дархан Мұханов, аймақтық «Дидар» телеарнасы директорының кеңесшісі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Түсіпов Ізтөлеу Бекенұлы  қатысты.

А.Қаражігітовтің шығармаларынан М.Әуезов атындағы кітапхана –филиалының оқырмандары «Айхан» әңгімесін,  №9 үлгілі кітапхана –филиалының оқырмандары  «Абай келгенде» әңгімесінен монолог, «Базекеңнің әңгімесін» №7 кітапхана –филиалының оқырмандары, «Аққу мен қыз» әңгімесі бойынша №2 үлгілі кітапхана –филиалының оқырмандары,  балаларға қалам тартқан туынды «Ақылды Гүлжан» туралы ертегіден  үзіндіні балалар мен жасөспірімдер кітапханасынының жас бүлдіршіндері, С.Сейфуллин атындағы кітапхананың оқырмандары  «Ағайымның көзі» повесінен үзіндінң көрермендер тамашалады. Сонымен қатар ҚР Журналистер Одағының мүшесі Түсіпов Ізтөлеу Бекенұлы жазушыға арнауын оқыды. Кеш соңында ОКЖ-нің директоры Ш.К.Құрманқызы жазушыға естелік сыйлық тарту етіп кеш қонақтарына алғысын білдірді.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар