bannersa207 bannersa208

    М.Әуезов атындағы кітапхана филиалында Т.Айбергеновтің туғанына 80 жыл толуына орай «Жан еді өлең үшін дара туған» атты поэзия сағаты өтті.

        Төлеген Айбергеновтің  кемеңгер тұлғасын еске алып, қазақ әдебиетінің поэзия сияқты жанрына қомақты үлес қосқан қарымды қаламгердің әдеби мұрасын  насихаттау, шығармашылығын таныту, Төлегеннің жан-жақты қырларын ашу мақсатында өткізілген бұл іс-шараға жас ақындар тобынан құралған «Жас толқын» поэзия клубы мен №11 мектептің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ахметова Әсем қатысты.

Іс-шара ақиық ақынның «Бір тойым болатыны сөзсіз менің» өлеңімен ашылды.Ақынның өмірінен сыр шертетін «Жырдың жарық жұлдызы» атты бейне ролик көрсетілсе, медицина колледжнің студенті Молдабай Ерасыл М.Шахановтің «Айбергенов шыңы» атты өлеңін нақышына келтіріп орындады.Жас ақындар мен №11 мектеп оқушылары: Фазыл Мөлдір, Жияқбаева Назерке, Сыздық Жайна, Алтынсариева Айзада, Ахмет Рамазан, Жүсіп Мәди, Серікбай Алтынай  ақынның анаға, досқа, туған жерге арналған  өлеңдер топтамасы мен ақынға арналған арнауларды  оқыса, кітапхана оқырмандары Кабдрашова Айнұр мен Тобаш Арайлым «Асыл ана», «Алтын бесік» өлеңінен шашу шашты. Кітапханашы Қыдырманова А. «Төлеген Айбергенов-ұлттық рухтың бұлбұлы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.Қазақтың белгілі ақыны Төлеген Айбергеновтың өмір жолы мен шығармашылығы жас буынға өнеге болып табылды Оның поэзиясы жұртшылықтың сүйінішті лебіздерін оятты. Оның өлең жолдары оқырмандарының жанына жетіп, патриоттық сезімге шақырып, жан тебірентер сәттерін естеріне салды.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0
  • Пікір білдіргендер жоқ
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар