bannersa207 bannersa208

    Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі Наурыз тойы 18 наурыз күні ОКЖ-сі С.Сейффулин кітапханасында мәжіліс залында №9 үлгілі кітапхана –филиалының ұйымдастыруымен  «Наурыз-көктем шуағынан жаралған !» атты этнодуман өтті. Этнодуман ОКЖ-сіне қарасты кітапханлардың қызметкерлеріне арналып ұйымдастырылды. Наурыз той құрметіне шашу шашылуымен басталды.  Наурыз мейрамының шығу тарихы айтыла келе, қырғыз, өзбек, түркемен елдерінің наурыз мейрамын қарсы алу туралы слайд көрсетілді. «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары» энциклопедиясынан «Селтеткізер», «Шарғы» салт-дәстүр түрлерінен көрініс көрсетілді. Кітапхана ұжымының ардагерлері ауылдың алты ауызын «Дедімай-ау» тамылжыта шырқалды. «Бір сәбиді қуантсаң, мың періште қуанады» деген сөзді ескере отырып, қонаққа келген «АНА ҮЙІ» қоғамдық қордың үйлестірушісі Пирикенова Гүлмира Изкеновна еріте келген жас ана-Айдананың сәбиі-Сезімге тұсаукесер ырымы жасалды. Тұсаукесер рәсімін Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Шарипа Құрманқызы мен «Нұрлы -Ана» қоғамдықтың бірлестігінің төрайымы Рақыш Нашкенқызы жасады. Мереке қарсанында бір топ кітапхана қызметкерлері марапатқа ие болды. «Назарулар» тобының мүшелері: Жарылқасынова Назерке, Өмірзақова Аружан, Ибадильда Ділназ шырқаған «Наурыз», «Қазағымның арулары-ай», «Жаса, туған жер» әндері кештің ажарын аша түсті. Келген қонақтар Наурыз көжеден дәм татты.

Наурыз мерекесі – қасиетті күн. Данышпан ата-бабаларымыз бұл күнді табиғаттың айырықша белгілерін ескере отырып белгілеген. Наурыз айын ерекше қасиеті бар ай ретінде бағалаған. Сол себептен бұл күнді Жыл басы деп есептеген. 20.03.2017 жылы 91 орам- «Кенесары» ауылында орналасқан «Қасым» ПИК-не қарасты Түсіпбеков көшесінің № 17, 19, 21 үй тұрғындар мен бірлесе отырып ОКЖ-сі №9 үлгілі-кітапхана филиалында «Наурызды қарсы алудың ұлттық белгілері» атты мерекелік кездесу жалғасын тапты.  Алты ай қыста арқамызға тоң қатып, құрышы жазылмаған құшағымызды ашып, бейне бір «ойдағы ел қырдағы елмен көріскендей» мерекелік кездесу көрісу рәсімімен басталды. Дастархан жайылып, таңдайдан дәмі кетпес наурыз көже ұсынылып, қазақтың үлкен асы- ет тартылды. Қонаққа келген қала әкімінің орынбасары – Нұржан Орынбаев, «Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдар бөлімі» ММ-сінің аға мамандары Мұрат Сейтқазинов, Бауыржан Ақылбаев Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтай келе, жылы лебіздерін білдірді. Кітапханашылар Т.Игибаева, А.Қажмағамбетова «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары» энциклопедиясынан «Селтеткізер», «Шарғы» салт-дәстүр түрлерінен көрініс көрсетті.  Кітапхана филиалының меңгерушісі А.Утебаева «Әлем таныған әсем мейрам» иллюстративті кітап көрмесімен таныстырды. «Қасым» ПИК-төрайымы А.Омарова наурыз мерекесімен құттықтап, ат салысқан тұрғындарға ризашылығын білдірді. 91 орамдағы тұрғындармен кітапхана арасындағы байланыс бұдан әрі нығайа түспек деген ақ тілекпен тарқасты. 

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар