bannersa207 bannersa208

      Қазақ халқының таңбаланған тарихының өзінде қазақ жасақтары мен жоңғар шапқыншылығының арасындағы болған майданда мәңгілік жеңіс туын желбіреткен шешуші Бұланты шайқасына биыл 290 жыл толып отыр.Осы айтулы оқиғаға байланысты М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалында «Бұланты шайқасы :Қазақ Мемлекетінің Ұлы жеңісі» атты тарихи сағат өтті. Бұл кештің мақсаты: Қазақ халқының басынан өткен қилы-қилы кезеңдерінің тарихына шолу жасай отырып, ұлы тұлғалардың рухты тағлымдарын зерделей келе, ата-бабаларымыздың осыдан үш жүз жыл бұрынғы ерлік үлгісімен тәрбиелей отырып, отансүйгіштікке баулу, Елбасының ұйымдастыру көрегендігін, бейбітшілікті, ұлттық татулықты ту ету мақтанышына сүйсіндіру арқылы іздену. Ұлытау жеріндегі Бұланты шайқасындағы ата-бабаларымыздың ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үйрету, талдау жасау. Жастарды өз өлкесінің тарихын білуге тәрбиелеу. Тарихи сағат Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен ашылды.Тарихи сағатқа Жезқазған қаласы мемлекеттік мұрағатының директоры, Шыңғысхан атындағы бүкіләлемдік академияның құрметті академигі    Бағдат Тілеуліұлы  Байжантаев, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының қызметкері, тарихшы Әуезов Ғабдол қатысып өлкеміздің тарихы  Ұлытау жеріндегі Бұланты шайқасындағы ата-бабаларымыздың ерлік істері туралы мол мағлұмат беріп өтті.Осыған орай тарихтан сыр шертетін «Жау жүрек мың бала», « Ұлытау – сырға толы», «  Қазақ хандығының  550 жылдығы. Бұланты стелласы» туралы бейнероликтер көрсетілді. Осы кеште әні А.Мұсабековтің,  С.Тұрғынбекұлының сөзіне жазылған «Ұлытаудың ұландары», «Жезқазған жазы» атты өлеңдерін өнер мектебінің оқушылары Саламат Ғаламат пен Сұлтанбай Дильназ нақышына келтіріп орындады. Оқырмандарымыздың патриоттық сезімін ояту мақсатында өткізілген бұл іс-шарада музыкалық колледждің студенті Мейрамова Арайлым «Батырлары елімнің», «Туған жер» әнін тамылжыта орындап берді.Кеш соңында  «Бұланты шайқасы: тарихи тағылым»  атты көрмеге шолу жасалынды.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik