bannersa207 bannersa208

 

С.Сейфуллин атындағы кітапханада қаламгерлер клубының отырысы аясында журналистиканың ғана емес, бүкіл мәдениетініміздің желмаясына айналған Камал Смайыловтың 85 жылдығына орай "Алаш рухты ұрангер" атты тағылымды – ғұмырнамалық кеш өтті. Іс-шараға Жезқазған қаласының Құрметті азаматтары  Ақпанбетов Мырқы Асқарұлы, Қожамсейітов Сағындық Үсенұлы, Жезқазған қалалалық мұрағатының басшысы Байжантаев Бағдат Тілеуліұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ахметов Кенжебай Кәрібозұлы, «Дидар» телеарнасының тілшісі Түсіпов Ізтілеу Бекенұлы және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Игі іс-шарада мардымды сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынып, жиналған көпшілік қауыммен  тағылым мол сұхбат орнады. Жаңашыл да жанашыр санаттан үнемi табыла бiлген сирек сүлейлердiң бiрi де, бiрегейi де Камал Смайыловқа арналған «Өнер сүйген өмір» виртуалды көрмесі көрсетілді. №8 гимназия оқушылары Баянова Диляра, Рақымжанов Шахнияз, Тұрсын Айсұлу, Шәмшиева Асылзат, Қосылбеков Нұрхан, Мұратбек Анель, Жетпіс Динара, Әлкен Толғанай Камал Сейітжанұлына арналған естеліктер мен өлеңдер оқып, Серіков Аймырза, Әлкен Толғанай мен Алтынай ән орындады. Адам ғайып болғанмен, соңында « жақсы болса – аты, ғалым болса – хаты» қалады. Міне, сондай ғибратты ғұмыр сүріп, соңында абыройлы аты, тағылымды хаты қалған Камал Смайыловтың рухани мұрасын оқырман қауымға насихаттау кітапхананың басты мақсаттарының бірі болып қала бермек.  Кешті Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Капкеева Шәрипа Құрманқызы қорытындылап, белсене қатысқан оқырмандарды марапаттады.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

  • Қонақ - hoowei

    The actual distinctive facet of rolex replica uk with regard to Business trophy view may be the watch's situation back again. Whilst Rolex situation shells are usually remaining completely unadorned, this specific 1 has the actual replica watches coronet insignia within the middle, together with Herszage's title and also the 12 months he obtained the actual honor. Round the advantage from the situation back again, correct close to the fluting, scans the actual inscription The actual replica watches with regard to Business. Even though easy, this particular situation back again engraving bears by using it excellent importance as well as genuinely models this particular replica watches in addition to the numerous additional two-tone Datejusts around. Leon Herszage is considered among the world's the majority of important healthcare government bodies about the human being stomach walls, as well as any kind of view replica watches with their might maintain a few importance in order to enthusiasts.

    Short URL:
«Жезқазған — жыр қайнарым, мыс балқып қойнауында тулайды ағын. Көзіндей батыр мінез бабалардың ұлы — мәрт, қызы — көркем нұрлы аймағым!» өлең шумағының авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар