bannersa207 bannersa208

    ОКЖ-нің Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Жезқазған қаласы мен Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы, өнер қайраткері Ғалым Мұхамединнің 65 жасқа толуына арналған «Қазақ әнінің қызғыш құсы» атты сазды әуен кеші ұйымдастырылды.

             Іс-шараға өнер саласында Ғалым ағамен бірге қызметтес әріптесі Береке Көшенов, шәкірттері Жандос Сыздықов, Толқынай Мұхамеджан, Әсем Байжолова, Алмагүл Қаратаева мен Орталықтандырылғын кітапхана жүйесінің кітапханашылары, Музыкалық колледждің кітапхана-ісі бөлімінің студенттері және оқырмандар қатысты. Ұлтымыздың әдет- ғұрпы мен салт- дәстүрлеріне жан бітіріп, оның құнды қалпын сақтауға мұрындық болып жүрген, әнші, ізденуші, музыка зерттеушісі Ғалым Мұхамединнің атқарған аққұла еңбегінің бір парасына тоқталып, шығармашылығына  арналған бейне роликпен кеш басталды. Кітапханада оқырмандарға арнап, ұлт руханиятының  жанашыры, табиғи таланттың иесі, ән айтуы мен домбра шертуі шебер үндескен дарын  Ғалым Мұхамединге  арналған көрме-панорамасы  ұсынылды.

             Кітапхана меңгеруші Роза Абылханқызы Нұрышева кешті жүргізіп, көрермен оқырмандарға Ғалым Мұхамедин сынды өнер иесін ел арасынан маржан сүзіп, оны қызғыштай қорып, дамытып, насихаттау шараларымен айналысып жүрген ұлт руханиятының жанашыры ретінде халыққа таныстыру керек деп айтып,  «Алтын кесе» атты әндер жинағына тоқталып, «Алтын кесе» әнін орындауға Ғалым ағаны ортаға шақырды.

            Ғалым Мұхамединнің әріптесі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Береке Көшенов өз сөзінде Жаңаарқа жері  Ғалым Мұхамединдей әнші тудырмауы мүмкін емес деп айта кетіп, Ғалым әріптесі екеуі өнер-шығармашылық жолын Тайжан Қалмағанбетов атындағы филармониядан бастау алғанына тоқталып, ел-елді аралап концерт берген кездерін еске алды. Сөз соңында кітапханашыларға өз алғысын білдіріп, көрермен жастарға ізгі тілектерін айтты.

            Танымал әнші, ұлағатты ұстаз Ғалым Мұхамединнің, халқымыздың дәстүрлі ән өнерін жалғастырып жүрген жастар баршылық, олар  шәкіртері. Ұстаздарынан тәлім алған шәкірттері Ыбырайдың «Гәкку», Тайжанның «Шолпанға», «Ұлытау», Шашубайдың «Ақ қайың» әндерін дәстүрлі шеберлікпен орындады.

            Сазды-әуен кеші соңында Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының міндетін атқарушы Қалия Әубәкірқызы Бекетова және Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Роза Абылханқызы Нурышева кітапхана атынан Ғалым Мұхамединді 65 мерейлі жасымен құттықтап, ақ тілектерін білдіріп, алғыс хат пен сыйлық тапсырды.

            Кеш  Ғалым Мұхамединнің орындауындағы «Сақ-сақ» әнімен аяқталды.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0
  • Пікір білдіргендер жоқ
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik