bannersa207 bannersa208

     1 маусым  –  Балаларды қорғау күні әлемнің көптеген елдеріне ортақ мереке.Бұл күні балалар үшін мерекелік концерт, қойылым  және әртүрлі байқаулар мен жарыстар өткізілді.ОКЖ-нің Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залында «Балалар әлемі –таңғажайып әлемі!» атты  балалар  мерекесі ұйымдастырылды. Кітапханашылар мерекеде кітапхананы  түрлі–түсті шарлармен безендіріп, музыкалық әуендер  ойнатып,  балаларды  көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Балалар мерекесіне ұстаздар мен ата-аналар қатысты.  Балалардың шаттық күлкісі, мерекені қуанышқа ұластырып жіберді. Іс-шарада  кітапханашылар  балалармен әр түрлi байқаулар мен көңiл көтеретiн ойындар  өткiздi.Кітапхананың тұрақты және белсеңді жас оқырмандары Айзада Досанғали, Мінайым Түлкібай, Шолпан Темірболат   бала, балалық шақ туралы өлең-жолдарын мәнерлеп  оқыса, Айдана Қасқабаева «Арманымай» әнін орындап, Жанель Есқайырова «Ұйғыр» биін биледі.Әрбiр байқауға қатысқан көрермен балалар мен өнер көрсеткен балаларға тәттi сыйлықтар таратылды.  Мерекеде шаттық күлкіге кенелген балаларды ОКЖ-нің директор міндетін атқарушы Қалия Әубәкірқызы Бекетова , Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының  меңгерушісі Роза Абылханқызы Нұрышева   балаларды мерекесімен құттықтап, жазғы демалыстарын ойдағыдай өткізулеріне тілектерін білдірді. Мерекеге келген  бала-оқырмандар жақсы көңіл-күймен қайтты.  Іс-шараға 80 оқырман қатысты. 

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik