bannersa207 bannersa208

2017 жылдың 29-қыркүйегінде №2 үлгілі кітапхана-филиалының оқу залында Қазақстан Республикасының халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың 95 жылдығына арналған «Махаббат мүсіншісі» атты пікірталас тау-кен колледжінің студенттері қатысуымен өтті. Пікірталас барысында кітапханашы А.С.Бакибаева Әзілхан ағаның қысқаша өмірбаянымен қатар еңбектерімен таныстырды. Сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, күні бүгінге дейін қазақ әдебиетінде басты тақырыптардың бірі болып саналатын махаббат мәселесінің адам өміріндегі орнын анықтап айтты. Ә.Нұршайықовтың махаббат  тақырыбына байланысты шығармаларын талдай отырып, тыңдармандардың ой-өрістерін дамыта отырып, ғашықтық сезім туралы өз ойларын білді.

      «Махаббат қызық, мол жылдар» романына суйене отырып кейіпкерлердің өмірі мен жүрген жолдары жайында деректер айтты.

Осы роман қалай туды?

Қанша уақытта жазылды?

Роман неге тек қана махаббатқа құрылған?

Романда Ментай неге трагедиялық күйге ұшыратылды? Оны тым болмаса тірі қалдыруға болмайтын ба еді?

Ербол мінезіндегі кейбір жасықтықты қалай ұғуға болады?

осы және басқа қойылған сұрақтарға кітапханашы Елеусізова Қ.А. толық жауап берді. Студенттер өз ой-пікірлерін білдірді. Шара соңында кітапханашы Елеусізова Қ.А. «Махаббат жыршысы» атты ұйымдастырылған кітап көрмесіне, қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады. Көрмеге  12 кітап, мерзімдік басылымдардағы мақалалар қойылды. 13 оқырман қатысты. Кітапханаға жаңадан 7 оқырман жазылып, Ә.Нұршайықовтың кітаптарын үйге жаздырып алды.

Елімізге шексіз еңбек сіңірген Ә.Нұршайықов ағамызды айта отыра,бүгінгі өткен іс-шара  мейірімділіктің, махаббатының жарқын  мерекесі  деп атауға болады.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ
1926 жылы Баку қаласында өткен «Бірінші Туркологиялық Құрылтайдың» төралқа мүшесі кім болған?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

QR код