bannersa207 bannersa208

     Қажетті ақпараттық ресурстарды тарататын мәдени орталық – С.Сейфуллин атындағы «Орталықтандырылған кітапханажүйесі» ММ-сі.  Осы рухани қазына орталығында 15- қазан күні ««Кітапхана-даналық мекені»  атты семинар –конкурс өтті. Семинар –конкурсқа ОКЖ қарасты 6-қалалық, 5-селолық кітапхананың кітапханашылары, сонымен қаланың мектеп кітапханасының, колледж және Талап, Кеңгір мектеп кітапханашылары қатысты. Іс-шараға «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің басшысы Нұрлыбаева Салтанат Сүлейменқызы, Тілтану әдістемелік орталығының бастығы Ештанаев Ғазиз Елеусізбайұлы,Білім, спорт және денешынықтыру бөлімінің әдіскер Раиса Есдәулетқызы Турсынова қатысты. Семинар –конкурста      өзінің жүрекжарды тілегін Нұрлыбаева Салтанат Сүлейменқызы және келген қонақтар білдірді. 

   Бүгінгі заманның жас кітапханашысы өз кәсіби міндетін жетік білумен шектелмей, компьютер технологияларын жұмысында пайдаланып-қолдана білетін, ақпараттық сауаты мол білікті маман болуы тиіс.  Сондай жас мамандардың бірі, шығармашылық, ізденіс үстінде жүрген кітапхана маманы Джумадуллаева Манат Зиядуллақызы Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Еліміздің зияткерлік әлеуетін дамыту жастардың қолында» атты облыстық жас кітапханашылардың 1 форумына қатысып «Құнды кітаптар әлеміне саяхат» инновациялық жобасын қорғап, жүлделі 1 орынды жеңіп қайтқан. Манат Зиядуллақызы осы жұмысын әріптестерімен бөлісті.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Ізтілеуова Халысқаным «Оқитын.. «Шығармашылық платформа» облыстық семинарынан тәжірибе алмасып және «Қарағанды әдеби картасы» атты іс –шараның түрін ұсынып, жүргізілу жолын көрсетті.

№21 орта мектептің  кітапханашысы  Қадырсизова  Қызғалдақтың  «Білім жүйесіндегі кітапхана және кітапханашының қызметі», Жезқазған политехникалық колледжінің кітапхана қызметкері Оспанова Гүлнар Мұқатайқызы «Кітапханадағы жаңашылдық ойлар мен технологиялар» тақырыбы істеліп жатқан жұмыстары бойынша ой бөлісті.

Кітапханашылар жаңа технологияларды меңгеруші маманға айналды, жаңа міндеттер мен жаңа ұғымдар да пайда болды. Сонымен бірге ізденіс әрекеттерін, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, жаңа технологиялармен жұмыстың ең қарапайым түрін меңгерген сауатты пайдаланушыны қалыптастыру болып табылады. Келесі кезек кітапхана ісін дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері Бірәлі Әсел Бірәліқызы «Жаңа  ақпараттық қоғамдағы көпшілік іс-шаралар» электрондық оқулық тұсау кесерін  көрсетті және

  З.Самашев «Қазақстанның жеті кереметі» атты кітабы бойынша көрме- экспозиция көрсетілді.

«Ауыл кітапханаларының жетістіктері мен проблемалары» -ОКЖ директоры Шарипа Құрманқызы Капкеева слайд арқылы жеткізді.

Семинар –конкурстың 2-ші блогында марапаттау рәсімі болды.

«Балалар тәрбиешісі» -  Сағынтаева Орал Абылхасенқызы- балалар  мен  жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы.

«Үздік кітап насихаттаушы» - Үмбеталиева Қуаныш Мұхаммедияқызы- С.Сейфуллин атындағы  кітапханасының кітап қорын толықтыру   және   өңдеу бөлімінің кітапханашысы.

«Оқырман жанашыры» - Абенова Айнұр Исатқызы – С.Сейфуллин атындағы кітапханасының кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану  бөлімінің кітапханашысы.

 

«Ізденімпаз кітапханашы» - Ибраева Шынар Мұратбекқызы - С.Сейфуллин атындағы кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің  кітапханашысы .                  

«Кәсіби шеберлігі» - Қожырбаева  Құралай  Сламбекқызы –

   №7 кітапхана-филиалының  кітапханашысы.

«Жаңашылдық  жаршысы»  -  Оспанова Гүлнар Мұқатайқызы -  Жезқазған политехникалық  колледжінің кітапханашысы.

«Іскер кітапханашы» -  Сүйіндікова Гүлназира Қайырқұлқызы-

С.Сейфуллин атындағы кітапханасының кітап қорын толықтыру және   өңдеу бөлімінің кітапханашысы.

«Әмбебап кітапханашы»  -  Сүйінбаева Гүлзада Әбдірашқызы-

   С.Сейфуллин  атындағы  кітапханасының ақпаратты-  библиографиялық   бөлімінің  библиографы .

 «Үздік ұйымдастырушы» - Махмұтова Анар Жамантайқызы- Әуезов атындағы  кітапхана-филиалының кітапханашысы. 

 «Өнерлі  кітапханашы» - Қадирсизова Қызғалдақ  Махадиевна- №21 мектептің кітапханашысы

 «Жыл кітапханашысы»  -  Рунас Лариса Николаевна- балалар  мен    жасөспірімдер  кітапханасының кітапханашысы берілді.

Білім, спорт және денешынықтыру бөлімінің әдіскер Раиса Есдәулетқызы Турсынова «Национальный атлас Республики Казахстан» 3-томдық кітабын сыйға тарты.

 Іс-шара кезінде Т.Қалмағанбетов атындағы филормония әннен шашу шашты. Іс-шара «Шығармашылықтан табысқа» атты көрмені тамашалаумен аяқталды.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар