bannersa207 bannersa208

 

24-қазан күні С.Сейфуллин атындағы кітапхананың мәжіліс залында бүгінде–жемісті және табысты еңбектерімен көпшілік ықыласына бөленген, әріптестерінің арасында зор сый –құрметке кенелген, еңбегінің зейнетін көріп отырған кітапхана ардагерлерін ұлықтауға арналған «Кітапхана – даналық мекені» атты кеш өтті. Ең асыл құндылықтың сақшылары, кітапхана саласында ұзақ жылдар еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан  ардагерлерімізді, кітапхана ісінің майталмандарын сахна төріне отырғызып, Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Нұрлыбаева Салтанат Сүлейменқызы, «Тілтану» оқу орталығының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ештанаев Ғазиз Елеусізбайұлы ыстық ықыластарын білдірді. Кеште кітапхана ардагерлерінің өмірі мен еңбек  жолдарына слайд арқылы саяхат жасалды. Ұлықтау кешінде «Шашу» халықтық би ансамблі билеп, Т.Қалмағанбетов атындағы филормония әншілері Гүлдәурен Жидебаева, Асхат Сағындықов, Нұрлан Мұсабеков әннен шашу шашты. Кеште ақын Ғ. Ештанаевтың кітапхана ардагерлеріне арнаған өлеңдерін жас мамандар оқып, ардагерлерге тарту етті. Ұлықтау кешінде кітапхана ардагерлеріне Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі алғыс хатпен сый –сияпат жасады. Кеш соңында кітапхана ардагерлерінің атынан К.А.Бекетова мен Р.А. Нұрышова рахметін айтып, ақ тілектерін білдірді.Естелік суреттері түсірілді.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0
  • Пікір білдіргендер жоқ
«Жезқазған — жыр қайнарым, мыс балқып қойнауында тулайды ағын. Көзіндей батыр мінез бабалардың ұлы — мәрт, қызы — көркем нұрлы аймағым!» өлең шумағының авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар