bannersa207 bannersa208

 Жезқазған қаласының 1 орта мектебінде жылда ел болып оқитын «Бір ел – бір кітап»  акциясыаясында аз ғана өмір сүрсе де қазақтың басына күн болуды армандаған ақындарымыздың бірі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Түркі әлемінің рухани жұлдызы» атты  әдеби  жыр  отауы өтті. «Жыр сұлтаны – Сұлтанмахмұт» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің санаулы ғұмырында қазақ поэзиясына құрылымдық, жанрлық өзгерістер енгізумен қатар, ұлт мүддесін ту етіп, артында ұшан-теңіз мұра қалдырған болатын. Ақын, ағартушы, қоғам қайраткері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын №1 орта мектептің 8 «А» сынып оқушылары жатқа айтып, ақынның балалық шағына қысқаша тарихи шолу жасалды. Оқушыларға С.Торайғыров туралы сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауап алынды. Небәрі 27 жыл ғұмыр кешкен ақынның үш арманын оқушылар нақышына келтіріп оқыды. С.Торайғыров шығармалары – ХХ  ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес.  Сұлтанмахмұт есімі қазақтың жыр дариясын құрайтын үлкен, асау, арналы өзеннің бірі болып қалмақ.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0
  • Пікір білдіргендер жоқ
«Жезқазған — жыр қайнарым, мыс балқып қойнауында тулайды ағын. Көзіндей батыр мінез бабалардың ұлы — мәрт, қызы — көркем нұрлы аймағым!» өлең шумағының авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар