bannersa207 bannersa208

 Жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және ұлықтау.мақсатында «Жастар Отанға!» бағдарламасы аясында М.Әуезов атындағы  кітапханада, көрнекті қазақ жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Мәңгілік махаббат жыршысы» атты жыр кеші өтті. Жастарға өмірі де, өзі де өнеге бола білген жазушыны таныстыру, шығармаларын талдай отырып Отанын, елін, жерін сүюге өмірінен үлгі алуға баулуға насихатталды.

    Іс-шара -  махаббат символына арналған «Махаббат қызық мол жылдар» романы желісінде баяндалды. Әзілхан Нұршайықовтің өмірінен сыр шертетін  «Өмір жолы атты бейнефилімі ұсынылды. Кешке Әз ағаның туған жерінің тумасы, кітапхана сөресіндегі Нұршайықовтің барлық шығармаларын оқып шыққан кітапхана оқырманы,ұлағатты ұстаз Орынбаева Айгүл апай, Қ.И.Сатпаев атындағы № 7 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстазы Саметова Қуанышкүл Жақыпбекқызы мен медицина колледжнің ұстазы Жанар Шакенқызы қатысып мәнді де мағыналы тұшымды ойды ортаға салды.

Ғашық бола білген әрбір жүрек иесінің жастығының астына қойып, сүйіп оқитын кітабы «Махаббат, қызық мол жылдар» романындағы  Ербол мен Ментайдың махаббатынан көріністі Медицина колледжнің студенттері сомдады.:Жазушының «қызға өсиет, ұлға өсиет» атты афаризмдері жастарға өсиет ретінде айтылды.
Сүйгені Халимаға арнаған «Қызыл көрпе» өлеңін Саз колледжнің жігіттері нақышына келтіріп орындаса, қаламы ұшқыр «жас толқын» поэзия клубы Әзілхан ағаға арнап жазған арнауларын оқыды.Күмбірлеген күй ойнап, әнмен шашу шашылды.Кітапханашы Оспанова Гүлайым кітап көрмесіндегі Ә.Нұршайықовтің кітаптары мен баспа беттерінде жарияланған мақалаларға тоқталып өтіп,кітапхана қорына жаңа түскен Қайсар Әлімнің «Кәусар» атты кітабындағы «Әзіз жүрек әзаға»  мақаласына шолу жасап, Ә.Қайырбековтің «Тұлғалар тағылымы» атты кітабындағы «Жаны жаз аға-Әз аға» атты арнауын оқырман қауымға оқып берді. Кеш соңында Орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ-не қарасты С.Сейфуллин атындағы кітапхананың кітапханалар ісінің әдіскері Батыршинова Жанна Серікқалиқызы келген қонақтарға алғыс білдіріп,өз өнерлерін ортаға салған оқырмандарға мадақтау қағазымен марапаттады.Барлық өнер көрсеткен оқырмандар соңынан шығып «Қазақ жастары» әнімен қорытындылады.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

  • Қонақ - Зочин

    pandora Silver Charm Bracelet with Heart Clasp Charm. Pandora Outlet 2017 Brand new Christmas 2017 collection.pandora Ivory White Braided Double Leather Bracelet. Charms Pandora Sale pandora Gift Card amp pandora Coupons Promo Deals?During this sale you can enjoy 50% off or even more on Pandora Outlet Store selected pandora charms,Famous for its beauty and uality, pandora jewelry offers style and eleganc.

    Short URL:
«Жезқазған — жыр қайнарым, мыс балқып қойнауында тулайды ағын. Көзіндей батыр мінез бабалардың ұлы — мәрт, қызы — көркем нұрлы аймағым!» өлең шумағының авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар