bannersa207 bannersa208

           Оқырмандарға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатымен кітапханамызда «Кім боламын?»  атты мамандық сағаты өтті.

     Аталмыш  шараға №1 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.  Кітапханашы Динара Сексенбаева  мамандықтар  тарихы,  мамандықтың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады?  Оқырмандар қойған сұрақтарға  түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқырмандармен  «Ең жақсы», «Мен мамандық әлеміндемін» ойындары өткізілді. Мысалы  «Ең жақсы» ойынында ең ақшасы көп, ең жасыл, ең тәтті, ең күлкілі, ең жауапты, ең қиын мамандықтар, ең қажет етілетін мамандар сұрақтары  жасырылды.

          Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды. Осыған орай, ұйымдастырылған «Кім боламын?» кітап көрмесіне мамандықтарды жан-жақты ашатын «Кәсіптік білім» сериясымен шыққан А.Асанова «Киімді конструкциялау», С.Губашева «Тәрбие жұмыстарының әдістемесі», Р. Казиева «Основы бизнеса», А.Брагинец «Газоэлекросварщик» т.б кітаптар ұсынылды.

            Шара соңында оқырмандарға мамандық таңдаудың маңыздылығы жөнінде кеңестер берілді.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

«Жезқазған — жыр қайнарым, мыс балқып қойнауында тулайды ағын. Көзіндей батыр мінез бабалардың ұлы — мәрт, қызы — көркем нұрлы аймағым!» өлең шумағының авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар