bannersa207 bannersa208

 

Қаламызда, қоғамда отбасы мен некенің маңыздылығын қалыптастыру, әйел-ананың рөлі мен міндеттерін айшықтап, ұмыт қалған салт-дәстүрлеріміздің құндылықтарын қайта жаңғыртуды насихаттау мақсатында қалалық «Ардақты Әже» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа  отбасының ғана емес әулеттің ұйытқысы, ағайынның бірлігін, татулығын сақтайтын, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиеші ақылгөйі – ардақты әжелер қатысты. Сайыс Таныстыру және Салт-дәстүрді насихаттау  деген екі бөлімнен құрылды.

Бұл сайысқа ОКЖ КММ-нің С.Сейфуллин атындағы кітапхана атынан кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің кітапханашысы Адиева Рауа Қожамжарқызы қатысты.

Өзін таныстырып болғаннан кейін салт-дәстүрді насихаттау бөлімінде қазақтың ұмытылып бара жатқан  «Қызды оң босағаға отырғызу» салтының шағын көрінісін көрсетті. Көрініске кітапхана қызметкерлері  ат салысты.

Үй тапсырмасын орындау барысында домбырамен Алтынбек Қоразбаевтың «Ақшолпан» әнін орындап берді.

Сайыс соңында қазылар алқасының шешімімен «Саялы бәйтерек»  атты номинациямен марапатталды.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0
  • Пікір білдіргендер жоқ
«Жезқазған — жыр қайнарым, мыс балқып қойнауында тулайды ағын. Көзіндей батыр мінез бабалардың ұлы — мәрт, қызы — көркем нұрлы аймағым!» өлең шумағының авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар