bannersa207 bannersa208

 «Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды.  Тәуелсіздік мерекесін ұлықтау, егеменді елдігіміздің маңызын білуге, туған халқының тарихын құрметтеуге, отансүйгіштікке баули отырып, патриоттық рухта тәрбиелеу үшін, Орталықтандарылған  кітапханалар жүйесі, балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 8 желтоқсан күні  «Тәуелсіздік - менің басты жыр – әнім» атты тарихи кеш ұйымдастырылды.

               Іс-шараға №3 орта мектептің кітапханашылары  Г.Оспанова, Б.Жылтыргузова мен 5 «Б» сынып оқушылары және «Ертөстік» бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі Э.Байдаралинова тәрбиеленушілерімен белсене қатысты. Еліміздің басты мерекесіне арналған шара Қазақстан Республикасының Әнұранның орындалуымен басталды. Мерекелік кешті кітапханашы  ашып, оқырмандарға шараның мәнін, тәуелсіздік, бостандық, еркіндік ұғымдарының тарихи маңызын түсіндіріп өтті.

            Шара барысында «Атасы мен немересі» атты сахналық көрніс көрсетіліп, викториналық ойын өткізілді.

            Сонымен қатар, тәуелсіздікті жырға қосқан М.Шаханов, Қ.Сарин, А.Қалиев сынды елімізге белгілі ақын-жазушыларымыздың өлеңдері оқылып, «Қазақстан», «Мереке» сынды тәуелсіз Қазақстанды, туған ел мен туған жерді сүюге, қадірлей білуге үндейтін әсерлі әндер мен әр жалынды жасқа рух беретін патриоттық әндер шырқалды.

            Кеш соңында  «Тәуелсіздік - менің басты жыр – әнім» атты  кітап көрмесіне библиографиялық  шолу жасалды. Көрмеге Қ.Табеев «Қазақтың Желтоқсаны», Б.Төлепберген «Қасиеттім –Желтоқсан», М.Шаханов «Желтоқсан эпопеясы», «Азаттық аңсағандар», «Желтоқсан көтерілісі»  кітаптары қойылды.

            Оқырмандарға желтоқсантанушы, журналист Болатбек Төлепбергеннің «Қасиеттім-Желтоқсан!» атты кітабы арқылы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі туралы мағлұмат беріп,  нақты деректер айтылды.

            

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik