bannersa207 bannersa208

 

 Адамзаттың асыл қазынасы кітап туралы философ Ф.Бэкон кезінде «Кітап- заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» деп ой түйіндеген екен.

     Осынау кітаптың құдіреттілігін мойындап, кітапты насихаттап, оқырман мен кітап арасын байланыстыру мақсатында жыл сайын 23 сәуір дүниежүзілік кітап мерекесі күні болып белгіленіп, тойланып келеді.Осы айтулы мерекеге  орай Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ММ-сі С.Сейфуллин атындағы кітапханасында «Жаһандану рухани қазынаға қауіпті ме?” атты ток-шоу  ұйымдастырылды.    Халық ал­дында кітап беделін көтеру және олардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру мақсатымен

Кітап – адамзат қорытқан ой қазынасын мәңгілік есте сақтайтын қойма екендігін ескерген Жезқазған қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерелері мен кітапхананың тұрақты оқырманы Жексенов КыдырәліЖексенұлы оқылған, оқырмандардың сыйға тартқан кітаптарынан  кітап мұнарасын  тұрғызды. Бірегей ескерткіш С.Сейфуллин атындағы қалалық кітапхананың мәжіліс залында  қаланды.

    3000 дана кітаптан  тұратын мұнараның биіктігі 3 метр құрайды.

     Оқырмандардың назарын кітапханаға аударған кітаптан жасалған инсталляция алғаш рет Чех  кітапханаларының бірінде орын алған. Оның авторы словак суретшісі Матей Крен. Қазіргі кезде Қазақстан кітапханалары да қолданып іске асырып жатыр. 

     Осы кітаптан тұрғызылған мұнараның ашылу рәсімін мен құттықтау сөз   Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ММ-сінің директоры  Капкеева  Шарипа Құрманқызы берілді.

     Мұнарамен толығырақ кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімнің жетекшісі Бекетова Қалия Әубәкірқызы таныстырды.

   Мұнараны тамашалаған қонақтар  сырт келбетіне, сонымен қатар ішіне көз салғаң адам, шексіз білім әлеміне  жетелейтін ұшы-қиырсыз кітаптарды көресің деп ой түйіндей отырып, үлкен әсер алды.

       Іс-шарада  «Кітап-тарих, шежіре» атты кітаптың шығу тарихы туралы  слайд- шоу, «Кітап-ақыл-ойдың інжу-маржаны» тақырыбымен  кітап құдіреті жайлы бейнебаяноқырмандар назарына ұсынылды.         

Кешке Жезқазған заң және Жезқазған Көлік және Бизнес колледжінің студенттері қатысып, Интернеттің адам өміріндегі қажеттілігі, кітаптың құндылығы жайлы пікірлерді ортаға салды.

      Мұнараның ашылу құрметіне Халықтар Достығы мен Мәдениет Үйінің әншісі Райымбеков Саян  М.Мақатаевтың сөзіне жазылған   «Аягөз ару»  өленің тарту етті.

 

 «Рухани қазына : ғасырдан ғасырға »    атты кітап көрмесімен кітапхана мамандары Алимбаева Назым Райқұлқызы, Кадирсизова Раушан Шортанқызы, Джумадуллаева Манат Зиядинқызы таныстырады. Оқырмандар сирек кездесетін кітаптар мұрасын тамашалап, еліміздің тарихына  терең ой жүгіртіп қайтты. Шараның мақсаты да сол еді.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0
  • Пікір білдіргендер жоқ
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар