bannersa207 bannersa208

 

 

       Орталықтандырылған кітапхана жүйесі  мемлекеттік мекемесінің «Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс» бөлімінің мұрындық болуымен  27-29 наурыз күндері  «Білікті маман- білімнің көшбасшысы» атты сайыстың І кезеңі өтті. Бұл сайысқа үш қалалық кітапхана қатысты, яғни олар: С.Сейфуллин кітапханасы, Балалар және жасөспірімдер кітапханасы, М.Әуезов кітапхана-филиалы. Жалпы сайыстың мақсаты: кітапхана мамандығының шығармашылық потенциалын анықтау, кітапхана имиджін нығайту, мамандармен жұмыс бойынша іс-тәжірибелерді алмастыру болып табылады. Кітапханалар сайыстың І кезеңінде   үш тапсырма бойынша сынға түсті. 1-ші  тапсырма: бейнеролик «Топтамалар базарлығы» болса, 2-ші тапсырма:дәстүрлі емес кітап көрмесі, 3-ші тапсырма: шеберлік сыныбы. Алғашқы күні сайыстың шымылдығын Орталықтандырылған кітапхана жүйесі  мемлекеттік мекемесінің директоры Капкеева Шәрипа Құрманқызы ашып, кітапханашыларға сәттілік тіледі. М.Әуезов кітапхана-филиалында  Күй атасы – Құрманғазы Сағырбайұлының 190 жылдығына орай « Сыры бар небір тылсым күйлерінде» атты шеберлік сыныбы және « Ғасырдың ғажап үні» дәстүрлі емес кітап көрмесі ұйымдастырылса, «Жас толқын» топтамасының аясында «Жадыңда жүрсін жас қалам!» бейнеролигі жасалды. Дода екінші күні С.Сейфуллин кітапханасында жалғасты. Шабысынан тынбаған тұлпар Апбаз Қаражігітовтің 90 жылдық мерейтойына  « Кенді өлкенің кемелді сөз ұстасы» атты шеберлік сыныбы, «Қарымды, қайратты қаламгер» дәстүрлі емес кітап көрмесі жасалынып, «Жыр жауһары» топтамасына бейнеролик көрсетілді. Үшінші күні сайыс Балалар және жасөспірімдер кітапханасында болды. Қазақтың біртума ақыны Төлеген Айбергеновтің шығармашылығына арналған «Өмір деген көк мұхиттың толқыны» атты шеберлік сыныбы, ал дәстүрлі емес кітап көрмесі  «Менің алғашқы кітапшам» тақырыбына арналып, бейнеролик «Алтын классик» топтамасына құрастырылды. Сайыстың І кезеңінің қорытындысын кітапханашылардың өнерлеріне қазылық еткен Орталықтандырылған кітапхана жүйесі  ақпараттық-библиографиялық бөлімінің жетекшісі Бекетова Калия Әубәкірқызы, «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің маманы Рымбекова Әйгерім Берікқызы, Орталықтандырылған кітапхана жүйесі кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану бөлімінің жетекшісі Алимбаева Назым Райқұлқызы, «Тілтану» оқу әдістемелік бөлімінің қызметкері Сейсебаева Жанат Рахымжанқызы шығарды. Қазылар алқасының шешімі бойынша, жүлделі 3-ші орын С.Сейфуллин кітапханасы иеленсе, 2-ші орын Балалар және жасөспірімдер кітапханасы алса, бас жүлде М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалына бұйырды. Бұл игі шараның жалғасы, яғни ІІ кезеңі мамыр айында жалғасын таппақ.

 

 

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0
  • Пікір білдіргендер жоқ
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik