bannersa207 bannersa208

 

 Қазақстан  Жазушылар  одағының, Журналистер одағының, Театр қайраткерлері одағының мүшесі, Сарыарқа даласына, Республика аймағына есімі белгілі, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, өзіміздің жерлес жазушымыз Апбаз Қаражігітовтың 90 жылдық мерейтойының аясында С.Сейфуллин кітапханасында «Кенді өлкенің кемелді сөз ұстасы» атты шеберлік сыныбы өтті.

 

Кеш басында С.Сейфуллин  атындағы  кітапхананың  оқырмандарға қызмет  көрсету  бөлімінің  кітапханашысы  Адиева Рауа  жерлес ақсақалға  «Арнау» арнаса, музыкалық колледж студенттері А.Қаражігітовтың қаламынан шыққан «Сәкеннің атылуы» атты драмасынан үзінді қойды. Кітапхана  қызметкерлері  «Ақындар туралы сыр», «Жол  - арғымақ»  өлеңдерін оқып, А.Қаражігітовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы слайд-топтама  ұсынды. Колледж студенттері мен мектеп оқушылары абыз ақсақалдың «Ақмоншақ», «Шақпақ», «Жанайқай», «Абыздар биігі» шығармаларынан үзінді оқыса, №7 мектеп-лицейдің оқушылары Шерхан Нұртаза және Саркенов Сұлтан күй төгілтті. Апбаз атамыздың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін « Қарымды, қайратты қаламгер» атты дәстүрлі емес кітап көрмесі құрастырылды. Кеш соңында кітапхана басшысы Шәрипа Құрманқызы абыз ақсақалға ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт тілеп, естелікке сыйлық сыйлады.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар