Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Балалар мен жасөспірімдер кітапханасына №4 орта білім беретін мектептің жазғы сауықтыру орталығы жазғы демалыста кітапханаға саяхат жасады. Кітапханашылар балаларға жаңа түскен әдебиеттерді насихаттап, кітапхананың ережесімен таныстырып, балаларды кітапхананың оқу залы мен абонемент бөлімдерімен таныстырды. Сондай-ақ балалалардың назарына кітапханада ұйымдастырылған «Сүйікті кітапшалар – сүйікті ойыншықтар», «Отбасы – бақыт мекені» кітап көрмелері ұсынылды. Балаларға кітапхананың оқырмандарының қолдарынан шыққан туындылары мен суреттері көрсетілді. Саяхат соңында кітапханашы Рунас Л. оқушыларға әрдайым кітапхананың тұрақты оқырманы болуына, кітапты көп оқуға, жан-жақты болуларына тілек айтты.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер