Іс-шараға №3 орта мектептің кітапханашылары  Г.Оспанова, Б.Жылтыргузова мен 5 «Б» сынып оқушылары және «Ертөстік» бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі Э.Байдаралинова тәрбиеленушілерімен белсене қатысты. Еліміздің басты мерекесіне арналған шара Қазақстан Республикасының Әнұранның орындалуымен басталды. Мерекелік кешті кітапханашы  ашып, оқырмандарға шараның мәнін, тәуелсіздік, бостандық, еркіндік ұғымдарының тарихи маңызын түсіндіріп өтті.

            Шара барысында «Атасы мен немересі» атты сахналық көрніс көрсетіліп, викториналық ойын өткізілді.

            Сонымен қатар, тәуелсіздікті жырға қосқан М.Шаханов, Қ.Сарин, А.Қалиев сынды елімізге белгілі ақын-жазушыларымыздың өлеңдері оқылып, «Қазақстан», «Мереке» сынды тәуелсіз Қазақстанды, туған ел мен туған жерді сүюге, қадірлей білуге үндейтін әсерлі әндер мен әр жалынды жасқа рух беретін патриоттық әндер шырқалды.

            Кеш соңында  «Тәуелсіздік - менің басты жыр – әнім» атты  кітап көрмесіне библиографиялық  шолу жасалды. Көрмеге Қ.Табеев «Қазақтың Желтоқсаны», Б.Төлепберген «Қасиеттім –Желтоқсан», М.Шаханов «Желтоқсан эпопеясы», «Азаттық аңсағандар», «Желтоқсан көтерілісі»  кітаптары қойылды.

        Оқырмандарға желтоқсантанушы, журналист Болатбек Төлепбергеннің «Қасиеттім-Желтоқсан!» атты кітабы арқылы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі туралы мағлұмат беріп,  нақты деректер айтылды.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments