1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Халықтар Достығы мен мәдениет үйінің фойесінде , Елбасы жазған және Елбасы туралы жазылған  кітаптарды насихаттау мақсатында, «Тәуелсіздіктің нұры –Тұңғыш Елбасы» атты әдеби-флешмобты Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы  ұйымдастырды.     

            Іс-шарада «Шашу» хареографиялық би ансамблі флешмоб билесе, Қ.И.Сәтбаев атындағы №7  мектпетің 6 «д» сынып оқушылары Елбасы туралы атап айтсақ, Гафоров А. «Еліне елеулі Елбасы», «Кемеңгер» Н.Назарбаев әлем назарында , Тәтімов М, «Елбасы және ел саны», Н.Назарбаев «Ақыл - парасат кітабы», Н.Назарбаев « Тарих толқынында»  т.б кітаптар  шеруін көрсетті.

            Сонымен қатар, оқушылар «Тұңғыш Елбасы» ұранымен барлығы бірдей іс-қимылдар жасап, көрермендерге кітапханашылар дайындаған Елбасы туралы әдебиеттер тізімі жазылған флаерлар таратты. Іс-шараға  52 оқырман қатысты.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments