2018 жылдың 30 қаңтар күні Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары, «Жерұйық» клубы мүшелерімен бірге  «Бізді қоршаған әлем» атты танымдық сағатын № 1 мектептің жылыжайында ұйымдастырды.

Танымдық сағатты кітапханашы «Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» атты  тақырыппен ашты. Оқырмандарға Ж. Ж. Жатқанбаевтың «Экология негіздері» кітабы бойынша ауамыз қаншалықты  адамдарға қажет екенін түсіндірілді. Сонымен қатар автокөліктен, заводтан, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзатындығы туралы  айтылды.

 Шара барысында «Тіршілік көзі –су», «Табиғат байлығы –өсімдіктер», «Орман сәні құстар», «Табиғаттың сұлу мүсіні хайуанатар» деген тақырыптар талқыланды. Мысалы «Орман сәні құстар» тақырыптакітапханашы құстармен байланысты табиғаттың белгілері туралы айтып берді.

Іс шараны қортындылау кезеңінде оқырмандармен : «Жүректен жүрекке» атты табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен « Гүлдей бер, Жер-Ана!», «Аспаның ашық болсын! » т.б. сөздерді апарып ілді.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0
  • Пікір білдіргендер жоқ