Жезқазған қаласының ОКЖ-нің балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 2 ақпан күні«Тарихты өзгерткен күн» атты естелік сағаты  ұйымдастырылды. Іс-шара қаламыздың №1 орта мектептің 1 сынып оқушылары, ұстаздар мен ата-аналар қатысты.  

Кітапханашылар оқырмандарға бұл іс-шара Сталинград   түбіндегі   неміс-фашист басқыншыларын тас-талқан  еткен  шайқастың    75 жылдығына арналатының айтып, Сталинград үшін шайқасында   1,2 миллионнан астам  кеңес жауынгері   құрбан болғаны туралы жеткізді. Осы соғыста құрбан болған Қарағанды облысының батырларын бір минут үнсіздікпен еске алып, батырлардың аттары айтылды. Олар: Нуркен Абдиров, Николай Колбасов, Казбек Нуржанов, Николай Жадяев, Марбек Мамыраев т.б.

Соңымен қатар, оқырмандарға Сталинград шайқасы - Екінші Дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі, және осы   шайқастан кейін   Қызыл  Армия   бүкіл  майдан бойынша шабуылды бастағаны туралы айтылды.

Кітапханаға келген оқушылар Отан, Жеңіс, Мәншүк Мәметова , батырлар туралы өлеңдер айтса, кітапханашы Рунас Лариса балаларға Д.Яковлевтің «Клятва защитника Сталинграда» өлеңін айтып берді.

Кітапханада «Сталинградты қорғаған батырлар» атты үлкен фото - көрме мен кітап панорамасы ұйымдастырылды. Көрмеге сұрапыл соғыс жылдарында өз Отанын фашистік басқыншылардан аман алып қалған біртуар батырлар туралы материалдар мен майдан кезіндегі фото-суреттер қойылды.

            Кітапханашылар көрмеге библиографиялық шолу жасап, қазақ халқынан шыққан сан мыңдаған батыр ұл-қыздардың ішінде есімі елге ерекше таныс батыр апаларымыздың бірі –Мәншүк Мәметова туралы А.Халимулдина, А. Халимулдин «Мәншүктің жұлдызды сәті» атты кітабында майданда қатар жүріп, қара нанды бөлісіп жеген, қарулас достарының естеліктерімен танысатырып, «Арулар отты жылдарда» кітабындағы Мәншүктін хатын кітапханашы Сексенбаева Д. оқып берді. Сондай-ақ, М.Дінішевтің «Сталинградты қорғаған қазақтар»   атты кітабында Сталингад шайқасына қатысқан қазақ батырлары туралы оқи алатындарын жеткізді.  Шолу соңында, Сталинград шайқасы батырларының ерлігін мәңгі есте сақтау үшін 1963 - 1967 жылдары Мамай қорғанында мемориалды кешен салынып, 1982 жылы «Сталинград шайқасы» музей - панорамасының суреттерін көрсетті.

            Шара соңында оқушылар мәңгілк алауға гүл шоқтарын қойып, соғыс қайтыс болған және жеңіске жеткен батырларға тағзым етті.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0
  • Пікір білдіргендер жоқ