EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы.

      Астанада EXPO өткізуге арналған тақырып кездейсоқ таңдап алынбаса керек. Жерінде табиғи байлықтың мол қоры бола тұра Қазақстан баламалы энергетика мәселесін қозғауы тегін емес, әрине. Өйткені, шикізат көзіне айналып отырған еліміз оның түбінде бір түгесілетінін жақсы түсінеді. Сондықтан да тұрақты энергияны, баламалы энергетиканы пайдалану және табиғи ресурстарды сақтау барлық энергетикалық саланы дамытудың басым бағытының бірі болып табылады. «Болашақ энергиясы» – жел, күн, су, ғарыш баламалы энергетика, биомасса энергиясы, атмосфераға СО2 қалдықтарын төмендету мәселелерін терең қозғайтын өте ауқымды түсінік. 

 www.bnews.kz

« ЭКСПО-2017 - елдіктің ерен жеңісі» атты кітап көрмесі

Газет - журнал беттерінде жарияланған мақалалар 

 Белгібайұлы І.Инновация игілігі жандана түседі [Мәтін] :  ЕХРО-2017 Астана / І. Белгібайұлы   // Сарыарқа.- Жезқазған, 2013. - 24 мамыр(№20). - 3 б.        

Наурызбай, М.  Жастар және экспо [Мәтін] / М. Наурызбай   // Сарыарқа.- Жезказған,2013. - 24 мамыр(N20 ).- 16 б.                                      

  Рахұлы, А.     Жел мен күннен қуат алады [Мәтін] : ЕХРО-2017  / А. Рахұлы     // Орталық Қазақстан.-.Қарағанды,2014. - 25  қаңтар(N13-14).-3 б.

   Төлегенова, Ш.  Ұлт тарихынан сыр шертеді [Мәтін] : 18 мамыр- халықаралық мұражайлар күні / Ш. Төлегенова   // Мысты өңір.- Жезқазған, 2013. - 17  мамыр(№19).-6 б.                     

Шауенова С.Елбасы саясаты – баянды болашақтың кепілі.-Сарыарқа.-2012.-7 желтоқсан (№51).-1 б.

                                                            *************************************************************************

 

   Афзалова    А.Мы бережем историю страны.-Жезказганская правда.-2013.-17 мая(№19).-С.4.

 Есенов, Н.  "ЕХРО-2017"-будущее во имя будущего [Текст] / Н. Есенов    // Жезказганская    правда.- 2013. - 24 мая(№20).-  С.2.                                                

Картинки по запросу экспо 2017 қазақша

Пікір білдірді (0) Қаралды: 141