Отбасы — бірлесіп күн көретін туыстық қатынастан тұратын адамдар тобы. Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым - отбасы болса керек.

ОКЖ-інің балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары № 11 мектептің 3 «А» сыныбында «Отбасым- сүйенішім, мақтанышым» атты ауызша журнал өткізіп қайтты.

ОКЖ-нің Балалар-жасөспірімдер кітапханасы №133 мектепте «Кітапхана күні мектепте" атты кітап десантын ұйымдастырды . Іс-шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, кітапханаға оқушыларды барынша көбірек тарту, оқуға баулу мақсатымен өтті.

Жезқазған қаласының ОКЖ-нің балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 2 ақпан күні«Тарихты өзгерткен күн»    атты естелік сағаты  ұйымдастырылды. Іс-шара қаламыздың №1 орта мектептің 1 сынып оқушылары, ұстаздар мен ата-аналар қатысты.   

2018 жылдың 30 қаңтар күні Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары, «Жерұйық» клубы мүшелерімен бірге «Бізді қоршаған әлем» атты танымдық сағатын № 1 мектептің жылыжайында ұйымдастырды.

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Халықтар Достығы мен мәдениет үйінің фойесінде , Елбасы жазған және Елбасы туралы жазылған  кітаптарды насихаттау мақсатында, «Тәуелсіздіктің нұры –Тұңғыш Елбасы» атты әдеби-флешмобты Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы  ұйымдастырды.