Януш Корчак

1. Балаңнан өзіне ұқсағанын немесе өзің ойлағандай болуын талап етпе, оған өзің болуға емес, өзінің болуына көмектес.

2.  Балаға жасағандарынның есесі қайтсын деп оны қарыздар қылма, ол үшін ақы сорама. Сен оған өмір сыйладың, оны ол қалай ақтай алады? Ол басқа адамға өмір сыйлайды, ал ол адам үшінші адамға, сөйтіп бұл ешкім ақтай алмайтын - заңдылық.

 

3. Қартайған шақта ащы нанның дәмін татқың келмесе, балана қанша ашуланып тұрғаныңды білдірме, өшіңді балаңнан алма. Не ексең, соны орасың.

 

4. Қиын жағдайға түскен балаңа түсіністікпен қара, өмір 1-ақ рет беріледі, өмірлік тәжірибесінің жоқтыған ескер, өзіңе қандай қиын тисе, оған 2 есе қиын екенін біл.

 

5. Қорлама!

 

6. Ең маңызды кездесу – өз балаңмен кездесу екенін ұмытпағайсың! Балаға көп көңіл бөлу керек, әйтпесе біз баланың кім болып шығатынын қайдан білеміз?

 

7. Балаң үшін қолыңнан келмей жатқан іске өзіңді қинама. Қолыңнан келіп тұрып көмектеспеген жағдай болса ғана ол - өкініш. Балаға онсыз да ешкім аянып қалмайды.

 

8. Бала бар өміріңді жаулап алушы немесе қаның ғана емес, ол баға жетпес асыл қазына, оны тағдыр саған шығармашылық отың жақсын, сақтасын деп сыйлаған.

 

9. Басқа біреудің баласың жақсы көре біл. Өзіңнің балана тілемейтін нәрсені, біреудің баласына тілеме.

 

10. Өз балаң қанша дарынсыз, жолы болмайтын,  жасы нешеде болса да жақсы көр. Балаңмен өткізген уақытына риза бол,өйткені бала – ол мереке. Балаңмен өткізген күніңнің бәрі мереке.

 

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер