Кітапханашы :Сәлеметсіздер ме балалар? Бүгін «Халықаралық кітап күні», осы мереке байланысты сіздермен бүгін Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында мереке  өтуде.

- Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.

Кітапханашы: Бізге қонаққа №7 мектеп-лицейінің кітапханашысы Оспагова Жанат апайларын қонаққа келіп отыр, тыңдайық. Сөз кезегі Жанат апай сізде.

Кітапханашы:
- Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?
- Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» биін тамашалайық

№5 мектеп оқушылары би

Кітапханашы: Балалар бүгін кітап күні осыған орай №5 мектептің 3 сынып оқушылары   «Жыртылған кітап», «Ескірген кітап» туралы көрніс дайындапты тамашалайық.

Кітапханашы :
- Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
- Ертегілер елінде кімдер тұрады?(Түймеқыз, Су перісі, Сиқыршылар)
- Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
- Ертегілер бізді неге үйретеді? (Жамандықтан жиренуге, жақсылыққа баулиды)

Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
- Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
- Төменнен іздеңдер, бар ма?
- Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында - а - а - а»

Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Кітапханашы:
- Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
- Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
- Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
- Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
- Жарайсыңдар, балалар.
- Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап кітапханашыға айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын - дейді
«Бауырсақ», ертегісінен үзінді ойнайды
- Бұл қай ертегі?
- Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?

Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
- Балалар, мына ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
- Бұл қай ертегілер? "Үш торай"
- Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?


Кітапханашы:Бұл қай ертегіден ? ойының ойнайық. Мына шарлардың ішінде қағазда ертегіден үзінді жазылған, ол қай ертегіден екенің табу керек.

Кім бірінші шығады.

Кітапханашы:Ендігі ойнайтын айынымыз «Ойлан тап!» ойыны. Қазір ортаға бір бала шығып, мен қойған сұраққа жауап беріп, үстелде тұрған қағаздардан жауабын құрастыру керек. Кім шығады?

Кітапханашы: Жарайсыңдар балалалар!

Сендер де, әрқашан бір - біріне көмектесіндер, бір - бірлерінді ренжітпендер, бір - бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.

Ертегі ханшайымы кіреді:
Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
Әр баланын қасына барып;
- Қандай ертегі құрастырдың?

Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.

 

 

 

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер