Кітапханашы :Сәлеметсіздер ме балалар? Бүгін Сапарғали Бегалин атамыздың  туған күні . Бүгін Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында сіздерді атамыздың шығармашылығымен таныстырамыз. Сіздердің назарларыңызға «Балалар бағының бағбаны» атты кітап көрмесін ұйымдастырдық.  Көрмені тамашалайық.

Көрмеге қойылған кітаптар :

1. «Замана белестері»

2. «Сәтжан»

3. «Көкемнің көргендері»

4. «Балалар бағының бағбандары»

5. «Шоқан оқулары»

6. «Қыран туралы аңыз»

7. «Сахара сандуғаштары»

Көп томдық шығармалар жинағы «Тасарал», «Қарқаралы», «Өрісті өмір», «Тау суы» поэмалары,  С.Бегалин «Екі томдық шығармалары».

Кітапханашы: Балалар сіздерге Сапарғали атамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берейін.

Балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сапарғали Бегалин 1895жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Дегелең ауылында туды. Ауылдағы молдадан оқып хат танығансоң, Семей қаласына келеді. "Приходская школаны" 1915 жылы бітіреді.

1916 жылы патша өкіметінің жарлығымен әскер қатарына алынады. Петроградтүбінде қара жұмыс істеп, 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін ғана үйінеқайтады.

1925-1928 жылға дейін аудандықхалық соты болады.

1935 жылы "Теміржолшы"газетіне әдеби қызметке орналасады.

Әдеби жұмысыҚазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында, кейінірек Жазушылар одағында жалғасады. Ұзақ уақыт әдебикеңесші болады. Шыңдап әдебиетке араласуы осы жылдардан басталады.

Өмірі шежіреге толы жазушы жиырмашақты поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар жазған.

Оның әңгіме-повестерінде малшылар өмірі, аң аулау, атбегілік, құсбегілік, мергеншілік сияқты ұлттық кәсіптеріміздің сан қыры қызықты, әсерлі бейнеленеді.

Халқымыздың асыл перзенті Шоқан Уалиханов туралы "Шоқан асулары"дилогиясы - тамаша адамдар өмірін фактілік негізден ауытқымай, дәл  бейнелейтін туынды. Ол Шоқан өмірінің сәтті бір көрінісін таба білген. Бала Шоқанмен мүсінші Мысық деген баланың достығы - "БалаШоқан" повесінің сюжетінің негізгі бір арқауы.

"Сұрапылда", "Керкиік","Колхоз бәйгесі" әңгімелерінде ғасырлар бойы мал өсірумен шұғылданған халықтың бәйге атқа сүйіспеншілігі суреттеледі. "Замана белестері"мемуарлық романының басты кейіпкерлері (М.Әуезов, Н.Құлжанов, т.б.) қазақ халқына есімі белгілі адамдар.

"Жамбылдың ата тегі, өмірі", өнер саңлақтары жайлы "Сахара сандуғаштары","Халық ақындары" т.б. еңбектері С.Бегалиннің зерттеуші, фольклорист маман ретіндегі бір қыры.

Кітапханашы: Сапарғали атамыз "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы" ордендерімен марапатталған.

 

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ