Жүргізуші:

Армысыңдар балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!

Ведущий.

Здравствуйте, Здравствуйте, Здравствуйте!
Мы рады приветствовать вас!
Как много светлых улыбок
Мы видим на лицах сейчас.
Сегодня праздник нас собрал:
Не ярмарка, не карнавал!
Первый летний день в году
Не отдаст детей в беду.


Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,
ата - аналар, балалар!Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.

Ведущий.

Сегодня у нас с вами веселый праздник, посвященный Дню защиты детей. Мы будем петь, играть, плясать и, конечно, к нам придут замечательные гости.

1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз. Аталған мерекемен бізді құттықтай келген қонақтарымызбен таныстырып өтейін.

Құттықтау сөз кезегі ОКЖ-нің бөлім меңгерушісі Бекетова Калия Әубәкірқызына беріледі.

 

Жүргізуші:

Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті бүлдіршіндерге берейік.

Би      Қозыбаева Рауананың орындауында  өзбек биі                                                   

1-оқушы:Аймырза Бауыржан

 Өткен күн таңтамаша ертегі ғой, 

Айтады ертегі сыр, ертегі ой. 

Ертегі айтса еліктіріп балалар, 

Қиялға қызықтырып ертеді ғой.

 

2-оқушы: Аманжан Ғалым

Ертегіде халықтың мұң-зары бар, 

Орман, тау, өрмелейтін кұздары бар. 

Жамандықпен алысып, жауын жеңген 

Халқымның ұлдары мен қыздары бар!

 3-оқушы: Бекежанова Аяулым

Жауларымен алысып жекелеген, 

Батыр ма ел намысын өтемеген. 

Ертегімен халқымыз ертеңіне 

Ұрпағын қызықтырып жетелеген.

 

4-оқушы: Айдана

Кел онда, ертегіні шертейік біз,

Қауымды мына келген ертейік біз.

"Ертегі еліне" бір саяхаттап,

Келгендерді соңымыздан ертейік біз.


Жүргізуші: келесі көретіндеріңіз «Түлкі мен Қоян» ертегісіне сахналық қойылым
Автор: Бір хандықта ну орманның ішінде түлкі мен қоян дос болыпты. Олардың достығы сонша, тіпті олар екеуі бір - бірімен көрші болып тұруды ұйғарады. Содан түлкі өзіне мұздан, ал қоян ағаштан үй салады екен. Жылдар жылжып, күндер өтеді. Қыс өтіп көктем де келеді. Түлкінің мұздан жасалған үйі су болып еріп кетеді, сосын түлкі қулық жасап, қоянның үйіне кіріп алмақ болып қоянға келеді.
Түлкі: Қоянжан, біз екеуміз дос едік қой, менің үйім мұздан жасалған еді, міне күн жылынып мұз да су болып еріп кетті, екеуіміз бірге тұрайықшы...
Қоян: Жарайды біз доспыз ғой бірге тұрсақ тұрайық.
Жүргізуші: Сөйтіп түлкі қоянның үйіне кіріп алып, қоянды далаға қуып шығады. Қоян жылай бастайды. Сөйтіп қоян жылап отырғанда Қасқыр кездеседі.
Қасқыр: Қоянжан сен неге жылап отырсың?
Қоян: Мен жыламағанда қайтейін, түлкі екеуміз дос болып, көрші тұратынбыз, түлкінің үйі мұздан жасалған, ал менің үйім ағаштан жасалған болатын. Күн жылынып түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кетіп, менің үйіме кіріп алып мені үйімнен қуып шықты. (Жылайды)
Қасқыр: Қоянжан сен жылама, мен саған көмектесемін. түлкіні сенің үйіңнен қуып шығамыз.
Қасқыр: Түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Мен қазір пештен секіріп түсіп, тырнақтарыммен сендерді тырнап, тістеріммен тістеп аламын
Автор : Қасқыр қаша жөнеледі. Қоян одан да бетер жылай бастайды. Сөйтіп қоян жылап отырғанда Аю кездеседі.
Аю: Қоянжан сен неге жылап отырсың?
Қоян: Мен жыламағанда қайтейін, түлкі екеуміз дос болып, көрші тұратынбыз, түлкінің үйі мұздан жасалған, ал менің үйім ағаштан жасалған болатын. Күн жылынып түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кетіп, менің үйіме кіріп алып мені үйімнен қуып шықты. (Жылайды)
Аю: Қоянжан сен жылама, мен саған көмектесемін., түлкіні сенің үйіңнен қуып шығамыз
Автор : Сөйтіп аю қоянның үйіне, қоянмен бірге еріп келеді.
Аю: Түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Мен қазір пештен секіріп түсіп, тырнақтарыммен сендерді тырнап, тістеріммен тістеп аламын.

Автор: Аю қаша жөнеледі. Қоян одан да қатты жылай бастайды
Қоян жылап отырғанда, оған Әтеш кездеседі.

Әтеш: КУ - КА - РЕ - КУ, Қоянжан сен неге жылап отырсың?
Қоян: Мен жыламағанда қайтейін, түлкі екеуміз дос болып, көрші тұратынбыз, түлкінің үйі мұздан жасалған, ал менің үйім ағаштан жасалған болатын. Күн жылынып түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кетіп, менің үйіме кіріп алып мені үйімнен қуып шықты. (Жылайды)
Әтеш: КУ - КА - РЕ - КУ, Қоянжан сен жылама, мен саған көмектесемін біз түлкіні сенің үйіңнен қуып шығамыз. КУ - КА - РЕ - КУ?
Автор: Әтеш пен қоян үйіне, қоянмен бірге еріп келеді.
Әтеш: КУ - КА - РЕ - КУ, қолымда шалғым бар, түлкінің басын шауып аламын, түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Қазір мен пештен түсіп жатырмын.
Әтеш: КУ - КА - РЕ - КУ, қолымда шалғым бар, түлкінің басын шауып аламын, түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Қазір мен киініп жатырмын.
Әтеш: КУ - КА - РЕ - КУ, қолымда шалғым бар, түлкінің басын шауып аламын, түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Қазір мен шығып келемін.

Автор: Түлкі әтештерден қорқып, үйден жүгіріп шығып қаша жөнеледі. Сөйтіп қоян түлкінің кеткеніне қуанып, әтештерге рахметін айтады.
Қоян: Рахмет сендерге, сендер менің үйімнен түлкіні қуып жібердіңдер.

  

Жүргізуші: Кітап нені сүйеді? ойыны

Ойын шартында мен сіздерге бірнеше нұсқаны айтам, келіссеңіздер  шапалақ ұрасыздар, келіспесеңіздер ұрмайсыздар.

-Қаптағанды- иә

-лас қолмен ұстағанды

-қар мен жаңбырға тастағанды

- Аялап ұстағанды

-кітап сөрелерінде тұрғанды

-кітапқұмарларды

-полда жатқанды

-құрметтегенді

-Жұмыртқа жаққанды

-төбелескенді

Қорытынды.

-Ертегі еліне саяхат жасау сендерге ұнады ма?..

Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен, олар керек кезде бір - біріне көмекке келеді; біріккеннің арқасында; достығының арқасында барлығында жеңіп шығады екен.

 Жүргізуші:

Иә, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де! - дей келе

құрметті ата – аналар балалық шағымызды еске ала отырып,  ойын ойнайық.

Ойын:

Жер, су, ауа

Алдыңғы ойынды түрлендіріп ойнай беруге болады. Мәселен, «Жеймін-жемеймін» ойыны. Шеңберде тұрған балалар бір-біріне түрлі сөздерді айтып, доп лақтырады.  Егер жейтін нәрсені атаса, допты қағып алу керек. Жеуге болмайтын нәрсені атаса, допты қолға тигізбеуге тырысу керек. Осы ойынның тағы бір нұсқасы – «Балық, құс, аң» немесе «Жер, су, ауа». Жүргізуші допты лақтырғанда «балық» (құс, аң…) десе, допты қағып алған ойыншы дереу балықтың бір түрін атау керек. Сол мезетте ешбір балықтың (құстың, аңның…) түрін атап үлгермесе, ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанға дейін жалғаса береді.

 

Жақсы сөз

 

Қатысушыларды шеңбер бойына отырғызамыз. Жүргізуші қолындағы допты қай балаға лақтырса, сол баланың жақсы бір қасиетін атауы тиіс. Мысалы, «мейірімді», «әдемі», т.с.с. Допты алған бала дереу бір «жақсы сөзді» айтады да, қолындағы добын келесі балаға лақтырады. Жақсы сөздер тізбегі осылай жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша айтылған сөздер қайталанбауы керек. Сөз таппай қалған немесе өзінен бұрын айтылып кеткен сөзді айтқан қатысушы ойыннан шығады. Ойынның тағы бір ізгі шарты бар: ойыннан шығып қалған баланы досы «жақсы сөз» сыйлап, қайта кіргізе алады. Бірақ бұл мүмкіндікті әр ойыншы бір рет қана пайдалана алады.

 

Бағдаршам

 

Ойынға кез келген жастағы адам-дар қатыса алады. Жүргізуші бала ойыншыларға теріс қарап тұрады да, кез келген түсті атайды. Егер «қызыл» десе, қызыл түсті киімі бар бала жүргізушіге көрініп, келесі бетке өтеді. Киімінде ондай түс кімде жоқ болса, сол қаша жөнеледі. Ол біреу немесе бірнеше бала болуы мүмкін. Жүргізуші қайсысын ұстаса, сол ары қарай жүргізуші болады. Ең қызығы, кей баланың бойында барлық түс табылуы мүмкін. Мұндайда жүргізушінің түсті атаудағы ұтқырлығы да керек.

 

Би      Флешмоб биі Камила Петровых, Шахзода Садуллоева, Гарифа Фатхутдинова                                                                                                                                                                                                                   
Жүргізуші:

Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.

Ән  Шахзода Садуллоева

 

Жүргізуші: Осымен  «Ертегі әлеміндегі балғын» атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ