Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме  құрметті қонақтар, оқырмандар!

  1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің туған күніне орай яғни 2 сәуір- халықаралық балалар  кітап күні  атап өтіледі. Бүгін кітапханамызда «Кітап- менің рухани астанам» атты әдеби – лото ойыны ұйымдастырылуда.  

Мақсаты:  жас оқырмандардың кітапқа деген ой-өрістерін кеңейту, шығармашылық бейімділіктерін дамыту, кіші және орта жастағы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, кітапханада өткізуді ұйымдастыру, оларға балалар әдебиетінің бай құндылықтарын ашу.

Жүргізуші: Әдеби –лото ойының Ханс Христиан Андерсеннің ертегілері бойынша өтеді. Олар:  «Түймеқыз», «Бұлбұл», «Су перісі», «Жабай аққулар», «Қайтпас қайсар қалайы солдат» , «Бұршақ үстіндегі ханша» ертегілері.

 Жүргізуші: Ойын өткізу үшін қажет құралдар маған : әдемі безендірілген 6 конверт, олардың әрқайсысы 1-ден 6-ға дейін нөмірленген; 6 қырлы кубик, әр қырында 1-ден 6-ға дейінгі сандар жазылған; жетондар қажет.

           Жүргізуші:Ойынның барысымен таныстырайын:

          Балалар! Үстелде сұрақтар салынған 6 конверт жатыр. Ойынға қатысушылар кезекпен столға жақындап кубик тастайды. Кубик қырындағы санмен бірдей түскен конверттегі сұрақтың біреуін жүргізуші дауыстап оқиды. Жауабын ойлауға бес секунд уақыт беріледі. Сұрақтың жауабын дұрыс айтқан ойыншыға жетон табыс етіледі және оның үстелге тағы да шығуына құқы бар. Жауап бере алмаған ойыншы орнына отырады, ол енді ойынды тек көрермендер арасында ғана жалғастыруына болады. Көрермендердің де ойынға белсенді қатысуына болады: қолын бірінші көтеріп, жауап қайтарған бала да жетонға ие болады. Үстелге  екінші, үшінш рет тек қолында жетоны бар ойыншылар ғана шыға алады. Кім бұрын 6 жетон жинаса сол жеңімпаз атанады.

 

Жүргізуші:         Ойынға қанша адам қатысам десе де ерікті.

          Ескерту: Егер ойыншы сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, ол өзінің жетонын дұрыс жауап айтқан балаға береді де өзі көрермендер қатарына қосылады.

 

 

Бірінші конверттің сұрақтары:  «Түймеқыз» ертегісі

1.Түймеқыз неден өсіп шықты? (Гүлден өсіп шықты)

2.Түймеқыздың төсегі мен көрпесі неден болды? (Жаңғақ қабығы төсек, райхан гүлі жапырағы көрпе)

3.Кәрі құрбақадан Түймеқызды кімдер құтқарды? (Шабақ балықтар  гүлдің сабағын кеміріп)

4.Неге  қоңыз  Түймеқыздан бастартты? (Қоңызды достарына ұнамады, өйткені ол оларға ұқсамайды)

5.Дала тышқаны Түймеқызды  қандай шартпен  қыстауға қалдырады?  (Тышқанның бөлмелерін жинап, күнде ертегі айтады)

6.Неге қарлығаш жылы жаққа ұшпады? (Қанатын бұтаға  жарақаттап алды)

7.Қарлығашқа кездескенше  дейін Түймеқызға неше  жігіт құда түсті? (құрбақа мен көртышқан)

8.Қарлығашпен ұшып кеткен соң Түймеқыз кімді кездестіреді? (Эльфтердің патшасын)

9.Түймеқыздың бойы неше сантиметр болды? (2,54 см)

Жүргізуші: Екінші конверт сұрақтары «Бұлбұл» ертегісі

1.     Императордың сарайы неден  жасалған? (фарфордан)

2.     Императордың бағындағы гүлдерге не байланған? (күміс қоңырау)

3.     Қытай императорының  астанасына келген саяхатшылар  бәрінен нені әдемі деді? (Бұлбұлдың ән салғаның)

4.     Бұлбұлдың ән салатын жерін кім көрсетті? (ас пісіруші әйел)

5.     Бұлбұлдың ән салғаның естіген  император  бұлбұлға  не сыйлады? (Алтын  аяқ киім алқа мойынына тағатын)

6.     Жапон  императоры сыйлаған жасанды  бұлбұл  кіммен ән салды? (Нағыз бұлбұлмен)

7.     Жасанды бұлбұл бұзылғанда  кімдерді шақырды? (сарай емшісі мен сағат жөндеушіні)

8.     Жасанды бұлбұлды сағат жөндеуші жөндегенен кейін неше рет қосуға болды? (жылына бір рет)

9.     Императорды  өлімнен  кім  құтқарды?  (бұлбұл)

 

 

Жүргізуші: Үшінші конверт сұрақтары: «Су перісі» ертегісі.

1.Теңіз патшасының неше қызы болды? (6)

2.Кішкентай ханша қандай  гүлзар жасады? (күн сияқты)

3.Қанша  жаста теңіз ханшайымдары су бетіне көтерілуіне  рұқсат етеді? (15 жасқа келгенде)

4. Адамға айналу үшін су перісі мыстанға не  берді? (Дауысын)

5.Су періснің әпкелері сіңілдерін құтқару үшін не берді? (шаштарын)

6.Су перісі қалпына келу үшін ол не істеу керек еді? (Ханзада жүрегіне пышақ салу керек еді)

7. Ханзада кімге үйленді? (Көрші патшалықтың ханшайымына)

8.Ханзада су перісін кімге  ұқсатты? (Суға батып бара жатқанда  ханзаданы  құтқарған қыз деп ойлады)

9.Су перісі қанша жыл өмір сүреді? (300 жыл)

 

Жүргізуші: Төртінші конверт сұрақтары: «Жабайы аққулар» ертегісі.

1.Элизаның қанша ағайыны  болды? (11)

2.Шаруаның үйінде Элиза ойыншықтардың орнына немен ойнады? (Жасыл жапырақты  тесіп ойнады)

3.Элизаны сиқырлайын деген бақалар неге айналды? (қызыл көкнәр гүліне)

4.Элизаның беті қоңыр-қара болу үшін жауыз өгей шешесі не жақты? (Грек жаңғағының суын)

5.Элиза ағаларын қандай кейіпте көрді? (11 аққу , алтын тәж киген)

6.Туған жерлерінде аққулар қанша күн бола алады? (11күн)

7.Элизаға ағаларын сиқырдан  құтқаруын кім айтты? (Түсінде фея айтты)

8.Элизаны әйелғып  алған  патшаның  жақындарынан кім оны мыстан деп айтты? (Архиэпископ)

9.Элизаға жазалауға бір түн қалғанда тоқуға кімдер  көмектесті?  (тышқандар, қарға)

 

Жүргізуші: Бесінші конверт сұрақтары «Қайтпас қайсар қалайы солдат» ертегісі.

1.25 қалайы солдат қандай анадан туылды? (ескі қалайы қасықтан)

2.Кімнің туған күніне қалайы солдаттарды сыйға берді? (кішкентай балаға)

3.Қалайы солдаттардың бәрін бір-бінен ажырата алмайсын. Тек біреуі ғана ұқсамайтың, неге?  (оның 1 аяғы ғана бар еді)

4.Үстелдің үстінде болған ойыншықтардың ішінде ең әдемісі қай  ойыншық болды? (Картоннан жасалған сарай)

5.Нешінші  қабаттан қалайы салдат құлап кетті? (Үшінші қабаттан)

 

Жүргізуші: Алтыншы конверт сұрақтары «Бұршақ үстіндегі ханша» ертегісі.

1.     Ханзада  әлемді неге шарлады? ( Нағыз ханшайымға үйлену үшін )

2.     Жаңбыр жауып, найзағай соққан күні кім келді? (Бір қыз үсті басы су , өзін ханшайынмын таныстырды)

3.     Кәрі патшайым төсек астына  не салды ?( бір бұршақ)

4.     Ханшайым неше қабат төсекте жатты? (Қырық қабат )

5.     Ханзада  ханшайымға үйленді ме? (Нағыз ханшайымға  үйленді)

Жүргізуші: Құрметті оқырмандар енді барлығымыз қанша жетон жинағанымызды көрейік. Кім ең көп жетон жинады? Сол оқырман бүгінгі  әдеби-лотомыздың жеңімпазы.

Жүргізуші:   Құрметті оқырмандар назар аударыңыздар  бүгінгі мереке ұйымдастырылған кітап көрмесіне назар аударыңыздар.  «Кітап- менің рухани астанам»  атты кітап көрмесіне кітапханашы Искакова Сауле Сұлтанқызы шолу жасайды.

Кітапханашы: «Білімдінің жүзі - жарық, білімсіздің жүзі  шарық» деп бұрынғылар бекер айтпаған шығар. Ендеше, кітапты үзбей оқып, өзіңе сенімді дос етіп табыса білгін. «Адам – керуен, өмір – жол», сол  өмір жолдарында кітаппен сенімді дос болындар, кітап өмірлеріңе бағыт сілтеп тұратын ұстаз әрі шамшырақ болсын.

Жүргізуші: Қонаққа келген оқырмандарға, қатысушыларға  көп рахмет.

Марапаттау.

 

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments