Кітапхана тарихы

1973 жылы Қазақ ССР-і Министрлер Советінің 1973 жылғы 23 сәуірдегі №228 қаулысына сәйкес, 1 тамыздан бастап, облыстық әмбебап кітапханасы

11 штатпен құрылды.

1973-1975 Кітапхананың алғашқы директоры Белғожанова Роза Рысқанқызы. 1976 жылы кітапхана директорының басқа жұмысқа ауысуына байланысты жаңа директор болып Молдағайынова Гүлжаухар Аухатқызы тағайындалды.

1977-1988 жылдары директордың Алматыға ауысуына байланысты кітапхананы Құрманбаева Мәрзия Жалмұқанқызы басқарды. 1980 жылы қаламыздың кітапханалары бір орталыққа көшірілді. 2857,0 мың дана кітабы бар 268 кітапхана біріктіріліп - 12 орталықтандырылған кітапхана жүйесін құрды. Олардың 208.9 оқырманы болды, оларға 4294,9 мың кітап берілді.

1988 жылы қараша айының 29 – нан бастап кітапхана директоры болып Кәриева Кәбира Кәриқызы тағайындалды.

1990 жылы кітапхана жалпы көлемі 1436 шаршы метірлік Есенберлин көшесі 9а үйінде орналасқан, жаңа ғимаратқа көшірілді.

Кітапхана штаты 47 адамға өсті, облыстық кітапхана 295 кітапханаға әдістемелік көмек көрсетті.

1994 жылы Жезқазған облыстық атқару комитетінің Қаулысымен қазақтың біртуар ұлы, қоғам қайраткері, дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің аты кітапханаға берілді.

1997 жылы Жезқазған облысының жабылуына байланысты Қарағанды облысының әкімшілігі мәдениет басқармасының 1997 жылы 9 маусым айындағы № 35 бұйрығына сәйкес, 25 штатпен С.Сейфуллин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы болып қайта құрылды.

2002 жылы «Библиотека-4.02» кітапханалық электрондық бағдарлама кіргізіліп, электрондық каталог жұмысы басталды.

2003 жылы Республикалық ұлттық кітапхана шығарған «Қазақстанның музыка мұрасы» атты электрондық оқулықтың тұсау кесер рәсімі болды. Кітапхана қызметкерлері Х1Ү «Ұлытау үні» фестивалінің аясында өткізілген «Ауылым-алтын бесігім» атты республикалық айтысқа арнап «Сарқылмас қазына» атты кітапша шығарды.

2004 жылдары «Заң» атты электрондық бағдарлама енгізілді. «РАБИС» атты республикалық электрондық бағдарламасы игерілді. Кітапхана Интернет жүйесіне қосылып, электрондық пошта жұмысы оқырмандарға есігін айқара ашты. Кітапхана директоры Кәриева Кәбира Кәриқызы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды.

2006 жыл 8 қараша айынан бастап С.Сейфуллин атындағы қалалық әмбебап кітапханасын Шарипа Құрманқызы Қапкеева басқарып келеді.

2006 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия атты дискінің тұсаукесері болды. «Power Point» бағдарламасы енгізілді.

2007 жылдары Құқықтық ақпараттық орталығы ашылды. Акимат сканермен және принтермен жабдықталған екінші түрдегі қоғамдық қолжетімді тіректерді орнатты. Бұл терминалдар үкіметтінің сайтына еркін кіруді қамтамасыз етеді. Жоғары жүйедегі «Megaline» Интернетке қосылды.

2008 жылы кітапханада оқу залына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.

2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша кітапхана төбесі және мәжіліс залы толық ағымды жөндеуден өтті.

2009 жылы «Кітапханаларды дамыту және жұмыс» бөлімі және ақпаратты-библиографиялық бөлім қайта құрылды.

2010 жылдың 1 сәуірінен бастап Қала әкімінің шешімімен «Кітапханаларды қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-сі болып қайта құрылды.

С.Сейфуллин кітапханасынан «Ұйымдастыру және пайдалану қоры», «Кітапхана ісін автоматтандыру» бөлімімен толықтырылды.

ОКЖ құрамына 11 кітапхана қарайды. Қалалық -6 оның ішінде 2-і үлгілі кітапхана-филиалы және 5-і селолық кітапхана-филиалдары.

Халқымыздың ардақты азаматы Алаш арысы, қоғам қайраткері ақын С.Сейфуллиннің атымен аталатын кітапхана алдына Саржайлау мәдени-сауықтыру мекемесінің алдындағы мүсін әкеліп қойылды.

2011 жылы ОКЖ директоры Ш.Қ. Капкеева «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен, Тәуелсіздіктің 20 жылдық медалімен марапатталды.

Қала әкімінің «Жыл кітапханашы» номинациясымен 100 000 теңге ақшалай сыйақысымен Ғ.И. Ғазизова, «Ауылдың үздік» кітапханашысы және 100 000 теңге сыйақысымен №3 кітапхана-филиалының кітапханашысы М.Т. Қасымбекова марапатталды.

«Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-сі не қарасты 11 кітапхананың 2011 жылдық көрсеткіші

Кітапхананың кітап қоры – 334691 дана кітап, оның ішінде мемлекеттік тілде-81679 Оқырман саны -24606. Кітап берілімі-545543 Келушілер саны-308147

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments