Жезқазған  қаласының бірнеше көшелері  2011 жылы  әртүрлі сәндік мүсіндерді қою жүзеге асты.  Жезқазған - бұл Орталық Қазақстандағы 1761 шаршы километр аумақты алып жатқан 96,7 мың тұрғыны бар, бай өнеркәсіп инфрақұрылымы көптеген мәдени-ағарту және спорттық мекемелері бар қала. Жезқазған аймағының аумағында 1500 ге жуық тарихи және мәдени ескерткіштер бар, олар әсіресе Сарысу, Сары Кеңгір өзендері жағалауында көптеп кездеседі. Қалада 20 дан астам мәдениет орындары жұмыс істейді, соның ішінде С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық драма қазақ театры және жасөспірімдер театры, Ө.Байқоңыров атындағы университет, бірнеше колледж бар. Өлкетану музейі, С.Сейфуллин атындағы кітапхана, С.Қожамқұлов атын-дағы театр және басқалары жез¬қаз¬ғандықтардың мәдени өмірінде өзін¬дік алар орны бар орындар. 

  
 
Пікір білдірді (1) Қаралды: 348