Алашахан даңғылы бойындағы көпір маңы жағалауы бойы абаттандырылды. М.Жәлел көшесі бойына  көше сағаты, ат мүсіндері, түнде жанатын көше нұсқамалары орнатылды. «Наурыз» және «Жастар» саябақтарына түнгі жарықпен  көмкерілген тіреулі қақпалар қойылды.

   «Наурыз»  саябағы-қаламыздың оңтүстік шығыс бөлігінде, Некрасов көшесінің бойында орналасқан. Бұл саябақ бұдан бұрын «Южный» саябағы деп аталған. Жезқазған қаласы әкімінің 1993 жылғы 8 қазандағы №504/10 шешімімен «Южный» саябағы «Наурыз» саябағы болып өзгертілді.                                                 

      «Жастар» мәдени-демалыс саябағы-қаламыздың шығыс бөлігінде, Жастар көшесінің бойында орналасқан.  Бұл саябақ бұдан бұрын «ВЛКСМ» мәдени-демалыс саябағы деп аталған. Жезқазған қаласы әкімінің 1993 жылғы 8 қазандағы №504/10 шешімімен «ВЛКСМ» мәдени-демалыс саябағы «Жастар» мәдени-демалыс саябағы   болып өзгертілді.

 Дереккөз: Жезқазған қаласының   көшелері:Ақпараттық-танымдық материалдар.-Жезқазған,2009.-124-125 б.

 

 

 zholdar men sayabaktar

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0
  • Пікір білдіргендер жоқ