Қаладағы Абай ,Сәтбаев,Бейбітшілік,Жастар көшелерінің қиылысында орналасқан саяси-мәдени орын. Алаң жанында «Қазақмыс» корпорациясының бас офисі, С.Қожамқұлов атындағы  музыкалы драма театрының ғимараты бар. Алаң көгалдандырылып, безендірілген. Қала халқы көп жиналатын демалыс орыны. Алаңда академик Қ.И.Сәтбаевтың ескерткіші орнатылған.

Халық депутаттары Жезқазған қалалық Кеңесі атқару комитетінің 1983 жылғы 20 сәуірдегі №174/7 шешімімен алаңға Металлургтер алаңы атауы берілген болатын. Ал, 1999 жылғы 15  маусымда Жезқазған қалалық мәслихаттың шешімімен бұл алаң Қ.Сәтбаев алаңы деп өзгертілді.

Дереккөз:  Жезқазған.Энциклопедиялық анықтама.-   Алматы, Эверо,2001.-123бет.  

Satpaev alany                           

                             

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments