Әміралин Ә. көшесі – қаланың оңтүстік шығыс бөлігіне қарай орналасқан көшелердің бірі. Көшені жеке меншіктегі коттедж үйлер мен 2 қабатты үйлер құрайды.Бұл көше бұрын Дзержинский деп аталған.

      Әбілқасен Әміралин (1912-1991ж.) Қарағанды облысы,Ұлытау ауданы, Алғабас ауылдық округінде туған. Жезқазған-Ұлытау өңірінен шыққан тұңғыш журналист.Қарсақбай аудандық «Қызыл кенші», Ұлытау аудандық «Коммунизм туы» газеттерінде редактор, Қарағанды облысы «Советтік Қарағанда» газетінің бөлім меңгерушісі, Жезқазған телевидениесінде бас редактор болып істеген. «Жамалым жаным, амалым наным», «Жөкей сот», «Май сасыса тұз себер, тұз сасыса не себер» атты мақалалары мен фельетондары әлі ел аузында. 1943 ж. Шашубай мен Болманның айтысын ұйымдастырды., өзі ақын Иманжан Жылқайдаровпен айтысқан. Жезқазған-Қарсақбай өңірі өнеркәсібінің дамуы жайлы «Арқада туған алып» атты публистикалық шығарма (1985ж) жазды. Қазақстан журналистер одағының алғашқы мүшелерінің бірі. Бірнеше медальдарымен марапатталған.

    Дереккөз:  Жезқазған.Энциклопедиялық анықтама.-   Алматы, Эверо,2004.-141-142бет.                              

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер