Исаев  О. көшесі–қаламыздың батысындағы 91-орамда орналасқан. Оның негізгі тұрғын қорын 2 және 1 пәтерлі коттедж үйлер құрайды.  Бұл көше бұдан бұрын Обогатителей деп аталған. Жезқазған қаласы әкімінің 1995 жылғы 17 шілдедегі №391/7 шешімімен Обогатителей көшесі О.Исаев атына өзгертілген. Көшенің жалпы ұзындығы 1577 метр, асфальтталған.

      Исаев Ордабай Досайұлы 1924 жылы Ұлытау ауданы, Кеңгір аулында туған. Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік университетін (1960ж) бітірген. Экономика  ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын (1942ж), есепшілікпен бастап, Жезқазған кен басқармасы бас бухгалтерінің орынбасары, бас бухгалтері, директордың экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары болған. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген экономисі, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдарымен марапатталған.

Дереккөз:  Жезқазған.Энциклопедиялық анықтама.-   Алматы: Эверо, 2004.-264 бет                             

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер