мамажанов Қаланың оңтүстік жақ бөлігіндегі 79-орамда орналасқан. Көшені жеке меншік екі пәтерлік 1-2 қабатты коттедж үйлер құрайды.Асылбектің анасы осы көшенің бойында тұрады. Бұл көше бұдан бұрын Володарский деп аталған. Халық депутаттары Жезқазған қалалыөқ Кеңесі атқару комитетінің 1990 жылдың 23 тамызындағы №578/16 шешімімен Володарский көшесі  Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеп, ерлікпен қаза тапқан А.Мамажановтың атына өзгертілген. Көшенің жалпы ұзындығы 490 метр, асфальтталған.

   Асылбек Нұрбалаұлы Мамажанов (1960-1980) Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақбай қалашығында туған. 1977 жылы Жезқазған қаласының №8 орта мектебін бітірген. 1979 жылы 27 мамырды кеңес әскер қатарына шақырылып, сол жылдың 25 желтоқсанында өз еркімен Ауғанстан Демократиялық Республикасына әскери және интернационалдық борышын өтеуге аттанады. Соғыс қимылдарына қатысқан Мамажанов 1980 жылы 11 қаңтарда ерлікпен қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен А.Мамажанов қаза тапқан соң «Ерлігі үшін» медалімен, 1988 жылы 19 мамырда Ауғанстан Республикасы Президентінің бұйрығымен «Ауған халқының жауынгер интернационалисі» медалімен, 1988 жылдың 28 желтоқсанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Президиумының грамотасымен және «Жауынгер-интернационалист» медалімен марапатталды.

Дереккөз:  Жезқазған.Энциклопедиялық анықтама.-   Алматы, Эверо,2004.-323 бет    

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments