Омаров Ғ. көшесі-қаламыздың шығысында орналасқан.  Оның негізгі тұрғын үй қорын 5 және 2 қабатты коттедж үйлер құрайды. Бұл көше  бұдан бұрын  К.Маркс көшесі деп аталған. Жезқазған қалалық мәслихатының 2004 жылғы 23 қаңтардағы №4/46 шешімімен К.Маркс көшесі Ғазиз Омаров атына өзгертілген. Көшенің жалпы ұзындығы 800 метр, асфальтталған.

      Ғазиз Омарұлы Омаров (1925-2002) –Ұлытау ауданы, Қаракеңгір ауылында туған. Қазақ кен-металлургия институтының (1949ж) тау-кен факультетін бітірген. Еңбек жолын  1942 жылы 17 жасында Жезқазған  мыс комбинатының №№31-32 шахта  басқармасында нормалаушының үйренушісі болудан бастады. Кен өндіру   ауысымының  мастерінен ірі  шахтапроходкалау тресінің басқарушысына дейінгі жолдан өткен. Жезқазған кен  басқармасы парткомының хатшысы (1956ж), қалалық, облыстық кеңестің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі. Академик Қ.И.Сәтбаевтың шәкірті және оның істерін жалғастырушы. Екі мәрте Ленин орденімен, Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет» ордендерімен марапатталған. «Қазақмыс» корпорациясы басқарушысының бұйрығымен (2003 ж) Жезқазған шахтапроходкалау тресіне Ғ.Омаровтың аты берілді.

Дереккөз:  Жезқазған.Энциклопедиялық анықтама.-   Алматы, Эверо,2004.-352бет.                                        

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ