Тайжан ақын көшесі- қаламыздың оңтүстігіндегі Рыбачий елді мекенінде орналасқан. Оның негізін коттедж үйлер құрайды. Бұл көше бұдан бұрын Озерная деп аталған. Көше халық депутаттары Жезқазған қалалық Кеңесі атқару комитетінің 1979 жылғы 8 маусымындағы №247/11 шешімімен Тайжан, ақынның есімімен аталған. Көшенің жалпы ұзындығы 1606 метр,асфальтталған.

    Тайжан Қалмағанбетұлы (1878-1938) суырып салма ақын. Жастайынан ән-жырға, шешендік сөзге әуес болған.  Алғашқы өлеңдерінде ауыл адамдары арасындағы қайшылықтар, оқиғалар жырланады. Ақындық атын шығарған өлеңі-«Сегізден бастап сенделдім» (1842 ж). Өз тұсындағы көптеген ақындармен айтысқан. «Октябрь құдіреті», «Демалдым сонда салқындап», «Мен қайттым Мәскеу барып» өлеңдерінде кеңестік өмірді жырға қосады. К.Алтайскийдің аудармасымен ақынның бірнеше шығармасы «Правда», «Известия» газеттерінде жарияланған. Тайжан Қалмағанбетұлы Республикалық халық ақындары слетіне (1931ж), қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен оңкүндігіне (1936ж) қатысады. Сталиндік зобалаң жылдардың құрбаны болған.

      Жезқазған қаласының көшелері: Ақпараттық-танымдық материалдар/ Құрас., және редактор Б.Т.Байжантаев. Қарағанды: Гласир,2009.-94-95 бет.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments