Жезқазған     қаласының       60 жылдық мерейтойына сыйлық ретінде  «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «Металлургтер» стелласын    салуға қаржы бөлінді.      Ескерткіш қаланың кіреберістегі Оңтүстік қақпасына сән беретін кәделі ескерткіш. Теміржол вокзалы мен автовокзал  тұсындағы үлкен көпірден өткен бетте қонақтардың көзіне түсетін  енселі стелла қалаға көрік беретін белгінің бірі болып табылады. Қызыл, сұр және граниттен салынған стелланың биіктігі 20 метр. Монументтің ұшар басына жер бейнесіндегі шар орнатылып,өңірдің ерекше өсімдігі қызғалдақ бейнесімен толықтырылады. Ал, төменгі жағында мыс бұлағын ағызған төрт  шөміш қойылады.

     Жобаның  авторлары-сәулетші Өмірхан Жүнісбеков пен қазақстан Дизайнейлер   одағының мүшесі Шахибадан  Сейіткенов.

      Рахұлы А. «Металлургтер» стелласы бой көтерді: Вокзал мен автовокзал теміржол көпірінің бойында монумент  бой көтерді// Орталық Қазақстан.- 2014.-19 шілде (134-135).-7б.

                                                    

 

          

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер