Бұл қаланың аты бізге белгілі әдебиетте тұңғыш рет Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы жорығы жайлы жазбада аталады. Қаланың құрылыстарының қираған үйінділері Сарысу өзенінің бойында Телікөлден бір күндік жерде жатыр. Жошы ұлысын билеген Орда Еженнің екінші ұлы Құлидің әйелін Белеңхатун деп атаған. Плано Карпинидің Монғол империясына саяхаты жайлы жазбаларында Шыңғыс хан ұрпақтарының бірнеше әйел алғандығы және олардың орданың белгілі бір бөлігіне иелік етіп,  билік жүргізгендігі жайлы айтылады. Осылардың негізінде Белең ананы Орда Еженнің келіні деп кесіп айтуға болады.
       Қираған қаланың үйінділерінің  көлемінен оның аумағы өте үлкен болғаны байқалады. Орыс ғалымы П.Рычков бұл қаланың жұртының ұзыны алты, ені екі верста шамасында деп жазады. Белең ана – зерттелуін күтіп жатқан тарихи маңызв зор күрделі ескерткіштердің бірі. Ол ұлт бірлігінің ескерткіші саналатын «Таңбалы таспен» іргелес жатыр

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments