Домбауыл кешені ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Домбауыл кешені Ислам ықпалынан бұрын, оғыз-қыпшақ заманында салынған. Ел арасындағы аңыз бойынша ол Домбауыл батырдың басына орнатылған. Бұл ескерткіш Кеңгір өзенінің сол жақ жағасында Жезқазғанның солтүстігіне қарай 50км жерде орналасқан. Домбауыл кешенінің  табаны төрт бұрышты болып төселгенімен, көтеріле келе күмбезге ұласып кеткен. Бұл дегеніңіз, Қазақстан мен Орта Азиядағы орта ғасырда етек алған сәулет үлгісі болуымен айрықша мәнділігін айғақтайды.  Ал, Домбауыл кешені ең бері қойғанда X-XIII ғасырлық уақытты бастан кешкен құрылыс. Биіктігі 9-10 метр.
Солтүстік және оңтүстік иығында терезелері бар. Қабырғаларының қалыңдығы 2 метр болады. Күмбездің есігі оңтүстік шығысқа қараған.
Домбауыл есімі тарихи жазбаларда, аңыз әңгімелерде кездеседі. Домбауыл Алашаханның сазгері, құлы болыпты деген аңыз бар. Жошы ханды құлан теуіп өлтіріпті деген хабарды белгілі күйші, домбырашы Кетбұғы домбыра сарынымен Шыңғысханға естіртсе , Домбауыл Жошыны өлтірген бүкіл құландарды біржола құртамын деп Бетпақдаладағы құландарды қырыпты дейді.
Бұл ескерткіш жайлы ең алғаш зерттеу еңбектер жазған Ш.Уәлиханов. Соңғы жылдары Домбауыл кешенін де қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments