Аманбай батыр Тоқанұлы

Аманбай батыр Тоқанұлы (шамамен 1810-1880ж.т.) – Ұлытау жерінде дүниеге келген. Бағаналы тайпасының ішіндегі Шәлтеке руынан шыққан. Қос Кеңгірдің Сарысуға құяр тұсын жайлаған. «Қамал бұзған Аманбай батыр» атанған тарихи тұлғалардың бірі. Қоқан хандығына қарсы шайқастарда айрықша атағы шыққан, «Айнакөл шайқасын» басқарған батыр. Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлымен жақсы қарым-қатынаста болған. 1864 ж. өткен Кіші және Орта жүздің жақсылары мен жайсаңдары бас қосқан Сарыторғайдағы құрылтайға қатысқан. Батырдың зираты өзі қорған салып, мекен еткен Сарысу мен Кеңгір өзендерінің қосылған қаражарда тұр. Жезқазған қаласында Аманбай батыр атында көше бар.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments