Едіге батыр

«Едіге батыр» - батырлық жыр. Тарихта болған атақты батыр, ел билеуші Едіге батырдың ерлік істерін жырлауға арналған. «Едіге батыр» жыры қазақтарда ғана емес, түркі тілдес халықтардың  біразында кездеседі. Жырда тарихи оқиғалармен эпостық-ертегілік сарындағы қиял-ғажайып, әсірелеу сарындағы араласа келеді. Эпоста тарихта есімдері мәлім Әмір Темір, Тоқтамыс хан жайлы да сөз болады. Жыр қазақ даласына кең тарап, халықтың сүйікті  шығармасына айналған жырдың қазақ тілінде бірнеше нұсқасы бар. Олардың ішінде құндылары – Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы жазып алған нұсқа. 1905 ж. ғалым П.М.Мелиоранский осы нұсқаны Санкт-Петербургте жеке кітапша етіп шығарады. Академик Қаныш Сәтбаев жас кезінде ел аузынан жазып алған жыр нұсқасын 1927ж. Мәскеуде «Ер Едіге» деген атпен  бастырды. Осы жыр үшін Қ.Сәтбаев 1950 ж. құғынға ұшырады. «Едіге батыр» жыры жарты ғасырға жуық уақыт баспа бетін көрмеді. 1989ж. «Қазақ халық әдебиеті» көптомдығының батырлық жырларға арналған топтамасында Мұрын жырау  жырлаған « Қырымның қырық батыры» циклі бойынша «Едіге» жыры 5-томда жарияланды. Қ.Сәтбаев жариялаған жыр нұсқасы жыр нұқасы 1995ж. «Ер Едіге» деген атпен қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап болып жарық көрді. 1996 ж. ҚР ҰҒА корр.-мүшесі  Р.Бердібайдың алғы сөзімен және ф.ғ.д. О.Ә. Нұрмағамбетованың құрастыруымен «Едіге батыр» жинағы басылды. ( «Қазақ әдебиеті» энц.217 бет)

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments