Сағындық батырСағындық батыр 1704 жылы Ұлытау өңірінде дүниеге келген. Қазақ – Жоңғар шапқыншылығына 17 жасынан бастан араласып, 62  жасына дейін Шақшақ Жәнібектің айтулы батырларының бірі болған. Ол ұрыстар мен жекпе-жектерде үнемі жолы болып жеңіске жетіп отыратындықтан, Шақшақ Жәнібек оны «Жолды қарт» атап кеткен. Сағындық батыр 1727ж. Бұланты-Білеуті-Шұбартеңіз шайқастарында ерекше көзге түскен. Батыр 1779 жылы дүние салып, батырдың өз аманаты бойынша Бала Жездідегі Зортөбе деген жерге жерленген. Сағындық батыр туралы халық ақыны Болман Қожабайұлы былай деп жырлаған:
Атамыз Сағындықтан кімдер асқан,
Егескен дұшпандардың сұлқын басқан.
Еліңді жау шапқанда атам шығып,
Жылаған көңіліміздің зарын басқан.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments