Өмірі мен шығармашылығы

                                                   

 Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының            әншісі ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Ғ.Мұхамедин 1952 жылы 20 мамырда  Қарағанды  облысы  Жанаарқа ауданы,   Ескене ауылында туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары.1969 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін туған  ауылында ауыл  шаруашылығының  әртүрлі саласында еңбек етті. Еңбек ете жүріп, әншілік өнерімен  де көпшілікке таныла бастады.

 Өнер жолындағы алғашқы жеңіске 1973 жылы жетіп,  Жезқазған облыстық көркем өнерпаздар байқауының жүлдегері атанды. Сол жылы    Республикалық эстрадалық     өнер  студиясына  оқуға түсіп,     елімізге  танымал  халық  әртісі Жүсіпбек  Елебековтың  сыныбын  ойдағыдай    бітіріп  шықты.

  1975 жылы Мәдениет министрлігінің арнайы жолдамасымен Жезқазғанға келіп «Жез киік» ансамбліне әнші болып орналасып, Жезқазған      облыстық  филармониясының негізін қалаушылардың бірі болды. Кең байтақ Отанымызды кеңінен шарлап, асқақ әнімен тыңдаушыларын сүйсіндіре  сусындатты.

 Облыстық, Республикалық құрмет грамоталарына ие болды. 1985 жылы жастардың Республикалық «Жігер» фестивалінің, 1988 жылы    Республикалық «Әміре Қашаубаев» атындағы байқаудың жүлдегері атанды.

 Ғалым Мұхамедин шебер орындаушы ғана емес, ұлағатты ұстаз. 1993 жылдан Жезқазған саз колледжінде домбырамен ән салу мамандығы  бойынша Жүсіпбек Елебековтің дәстүрін насихаттап дәріс беруде. Ғалымның сыныбын бітіргендердің алды өнер ұжымдарында еңбек етіп,       Республикалық, халықаралық байқауларда өнердің биік асуларын бағындыра бастаса, соңғылары консерваторияда окып жүр.

 Табиғи талантының, орындаушылық шеберлігінің, әнге деген талғампаздығының арқасында елімізге кеңінен танымал болған Ғалым Мұхамединге  1995 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» атағы берілді.  Ғалым орындайтын ән қоры бай бола тұрса да  ол үнемі ізденіс үстінде. Бүгінде  ұмытылған немесе сирек орындалатын әндерді ерінбей жалықпай жинап, халқымыздың мәдени игілігіне айналдыруда. «Алтын кесе»,  «Қос апаның  әні», «Көк айдай»,  «Ертөлеудің әні» және Тайжан Қалмағамбетовтің ұмыт болған әндерін халық арасынан жинап, қазақ музыкасының алтын  қорына  қосуы қыруар еңбегінің нәтижесі.  

 

Ғалым Мұхамединнің баспасөз бетінде жарияланған мақалалары:

 

ЕСКЕНЕДЕН ЕСКЕН ӘН    

     Қазақ әнінің «Сұржекейі»ұлағатты ұстаз  Жүсіпбек  Елебековтен оқуымды тәмамдап, «Гүлдер» ансамбліне әншілікке орналасқан алғашқы күзім еді. Қыркүйек айында сәлем  беріп Жүсекеңе бардым. Әдеттегідей  алдында 5-6 шәкірті бар, жаңа ән үйретіп отыр екен. Сәлемімді алып, бос орындықты нұсқады. Жіпсіген маңдайын сүртіп, хал-жағдайымды сұрап болысымен, «Әй, Ғалым, кешегі үйренген әніңді салып бер», - деп, ортаға шақырды. Ғалым маған қарап, бас изеп, қуана амандасты. Оның мұнда келіп оқуға түскенінен хабарсыз болатынмын. «Қайратчик, мына баланы танисың ба? Ендеше тыңда, жалғыз баритонмын деп, шікірейе берме», -деп, мағұрланып маған қарап жымың-жымың етті.

Айхай, зымыраған уақыт-ай! Сөйткен қара Ғалым Мүхамедин де 60-қа келіп қалыпты. «Жақсыларың елде қалып, жамандарың астанаға кеткен екенсіңдер», - деп, бір едде М.Мақатаев.айтты деген бір сөз   ,бар екен. Сол сияқты, жолдамамен Жезқазғанға келген Ғалым қиырда жатса да, өзінің қоңыр үнін бүкіл қазақ даласына паш етті. Сөйткен қара Ғалым Мұхамедин де 60-қа келіп қалыпты. «Жақсыларың елде қалып, жамандарың астанаға қеткен екенсіндер»,-деп, бір елде М.Мақатаев айтты деген бірсөз бар екен.Сол сияқты, жолдамамен Жезқазғанға келген Ғалым қиырда жатса да, өзінің қоңыр үнін  бүкіл қазақ даласына паш етті. Шын өнерпазға алыс-жақын деген сөз емес. Мәдениет Ешекеев - Семейде, Дәнеш Рақышев - Талдықорған облысыңда, Қатимолла Бердіғалиев - Оралда, өзінің курстастары- әнші композитор Тұрсынғазы  Рахимов , Келденбай Өлмесеков, Мырзахмет Мұқамановтар-әр түпкірден  үн қосып, қазақ өнерінің асыл тұлғаларына айналды емес пе?

    «Біреудің аспандағы асылымын»,-деп Қасым ағамыз жырлағандай, «Өзіміздің Ғалым ғой»,-деп ел ішінде айтылған Ғалым, қарапайым болса да, оның өнерге қосқан еңбегі ұшан-теңіз,             алтыннан артық деп санаймыз.

Ғалымның әншілігі-өзгеге  ұқсамайтын өзіндік өрнегі бар,қуатты баритон дауыс.Ешкімге еліктеп-солықтамайды. Себебі, бойына туған жердіңтабиғаты мен нәрі сіңген. Кешегі Игілік ағамыздың салған ізі. Туған ағасы Сембінің алтыбақанда әуелетіп салған әндері үлгі болды. Ғалым - тек әнші емес, ізденуші, музыка зерттеушісі. Гастрольдік сапарда жай жүрмей, асыл мұраларды қазбалап іздестіріп жинап жүреді. Үкілі Ыбырайдың «Гәккуінің» 2-3 түрін, ашығын айтайын, орындап халыққа жайған да осы Ғалым. Мен қайталап орындаушымын. Репрессия құрбаны болған ақын Тайжан Қалмағамбетовтің де елге беймәлім бірталай әнін іздеп тапты. Ғалекеңнің бастауымен жан-жақтан 12-13ән жинақтадды. Сонымен қатар, Қазақстан композиторларының шырайлы туындылары Қазақ радиосының алтын қорынан орын алды. Құдай қосқан қосағы -көркемсаз шебері Әлиямен 43 жыл көлемінде жұптасып өнерге қызмет етті. Аптап ыстықта, қақаған қарлы боран, аязда, филармонияның жыртықавтобусы да кедергі бола алмады. Осындай жанкештілік пен қазақ өнерін насихаттай білді. Бұл күнде ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамедин - аяулы әке, ұлағатты ұстаз, өсіп-өнген шәкірттері еліміздің түпкір-түпкірінде еңбек етуде. Ескенеден ескен ән - Елімізде еркін самғап, қазақтың жалпақ даласына жайылды.

Ғалеке, дауысың қарлықпасын, үнің талмасын. Мерейтойың құтты болсын демекпін!

Орталық Қазақстан.-2012.-14 шілде.-6 б.

 

ГЕОЛОГТАР КЕН ІЗДЕСЕ, БІЗ ӘН ІЗДЕЙМІЗ

        Қазақтың дәстүрлі ән енерін кешегі   Жүсіпбек Елебековтерден іліп қалып,  алға сүйреп келе жатқан әншілердің  бірісіз. Әнді орындау бар да, қум ішіне   түсіп кеткен лағылдай, көзден         тасаланып қалған әндерді тауыл,   оны қайтадан халыққа усыну бар.   Осы тұрғыдан келгенде, сізге атақты  Тайжан ақынның аруағы разы шығар?   Мен Жаңа-арқаның тумасы болсам   да, бүкіл саналы ғұмырым   Жезқазғанда етіп келеді, Сондықтан  маған геологтардың тыныс-тіршілігі  өте таныс. Олар үнемі жер қойнауынан  кен іздеп жүреді. Мен де өзімді кейде  осы геологтарға ұқсатамын. Өйткені,  олардың іздейтіндері кен болса, мен    үнемі жаңа ән іздеп жүремін. Олжаға  жолықсақ, қанжығасы майланған   аңшыдай қуанып қаламыз. Менің репертуарымда ел арасына гастрольге   шыққанда, тіпті, құдалыққа барғанда  естіп қалып, үйренген әндер баршылық,  «Ел іші-енер кеніші», -деп бекер  айтылмайды. «Жүрген аяққа жөргем    ілінеді». Жасырын жатқан қазынаны   тауып, халықтың өзіне қайтадан қайыра  білген әншіден асқән бақытты әнші болмайды. Бұл жағынан келгенде, менің   әншілік тағдырыма еш екпем жоқ.    Сұрағыңа орай алдымен Тайжекең   әндерінің ізіне түсуім қалай  басталғанын айтайын. Алматыдағы  Өнер студиясында жүргенде  даңғайыр әнші Жүсіпбек Елебековтің шәкірті болдым. Ол кісі бізге: «жүрген  жерлеріңнен ән қарастыра жүріндер. Біз білмейтін, көпшілікке танылмай жатқан  әндер ел ішінде көп кездеседі. соны теріп алуды ұмытпандар», - деп үйретіп  отыратын. 1973 жылы студияны тәмәмдап, Жезқазған облыстық филармониясына жолдамамен кетіп бара  жатқанда сәттілік тілеп, батасын беріп тұрып Жүсекең: «Жезқазған жағында  атақты Тайжан ақын Қалмағанбетов  ғұмыр кешкен. «Халық жауы» атанып,  бертінде ақталған кісі. Соның бай мұрасы мұрты бұзылмаған күйі жатыр.  Ғалым, сол Тайжанның әндерін  тірілтуді өзіңе аманаттап тапсырамын»,   деген еді. Ұстаздың айтқаны мен үшін  өмірлік заңғә айналды. Жезқазғанға  келісімен Тайжан әндерін іздестіре бастадым. Бірақ оңайға түспеді, Көзге   керініп жатқан масақты теру оңай,   ал кеннің қайдан шығарын табу үшін кеп   ізденіс керек. Менің ән іздеуді   геологтардың кен іздегенімен салыстырып отырғаным да сондықтан. Дес бергенде, сол уақыттары Жезқазғанда Тайжан ақынның немере қарындасы Шаһыбал деген кісі тұрады екен. Ол қісі бұрынырақта Атбасар жағында тұрмыста болып, Жезқазғанға кейінірек келсе керек. Қазір дүниеден өтіп кеткен сол тәтеміздің арқасында Тайжекеңнің бірсыпыра әндеріне жолықтым. 37-жылдардың халықты қанш*алықты үрейлендіріп тастағанын да сол кісімен жолыға жүріп, ұғына түстім. Біздің кездескен кезіміз кемелденген социализмнің тұсы болса да, әр барған сайын Шаһыбал тәте: « есікті мықтап жаптық па екен, қарап келейінші», -деп кілттің салынған-салынбағанын бір мәрте тексеріп алатын. Ақыры не керек, сөйтіп журіп, Шаһыбал тәте маған Тай-жан ағасының «Шалқыма», «Сақ-сақ», «Жомарт Тайжан», «Нартайға», «Ги-ги-гай, Га-га-гай» дейтін әндерін үйретті. ¥лытаудың Аманкелді ауылында тұратын Әлен Әлімбетов деген азамат менің Тайжан ақын әндерін іздестіріп жүргенімді естіп, езі іздеп келді. Ол ақынның «Жігіттер», «Қызыл алма» дейтін әндерін біледі екен, Қызылорда жағына барған гастрольдік сапар кезінде Тайжекеңнің «Сыр еліне» деген әнін үйреніп, репертуарыма енгіздім. Ертеректе Дүтбай есімді әнші Тайжекеңнің «Ги-ги-гай» әнін грампластинкаға «халық әні» деп жаздырыпты. Тегі, бұл Тайжан бабамыздың әлі толық ақтала қоймаған кезі болса керек. Сол грампластин-каны Алматыға барғанда қолына түсірген Тайжан ақынға немере іні болып келетін Әбдікәрім Шубайұлы деген кісі үйге әкеліп ойнатқанда, тесек тартып жатқан шешесі ба-сын кетеріп: «ақын аға қайдан келіп қалды?», -деп жан-жағына қараған екен. Сосын мән-жайға қаңыққанда , әнді тындап отырып: «мұның соңында әдемі бір күлкі қосылатын еді ғой»,-   депті. Атақты Затаевичтің кітабын ақтарғанда Тайжекеңнің «Ұлытау» және «Тайжанның әні» деп аталған әндеріне жолықтым. Осыдан үш-терт жыл бұрын «Қос арна» атты күйтабақ шығардым, мұндағы әндердің басым кепшілігі - Тайжекең әндері, Ол кісінің езім білетін әндерінен тек « Сақ-сақ» енбей қалды. Өйткені қаншама жыл айтып жүрсем де, соның бір қайнауын ішінде қалдырып, иін қандыра алмай жүргендей сезінемін өзімді. Ширықтыратын тұстары бар секілді боп көрінеді де тұрады.

-   Сөз арасында сурап қалайын,осы Үкілі Ыбырай, Тайжан, Нартай ақындар арасындагы байланыс қалай өрбіген, осы жағына зер са-лып көріп пе едіңіз?-   Шынында да, «Үкілі Ыбырай -Кекшені, Тайжан - Арқаны, ал Нартай Сыр бойын мекендеген, сонда олар бір-бірін қалай білген?», - дейтін сұрақтың туындауы заңды. Тайжан ақын Үкілі Ыбырайдың Мейіз дейтін апасынан туады. яғни. жиен. Тайжекең нағашысынан үйренген әндерін Сырға жеткізген, Ол тұрған Қарсақбай мен Қармақшының арасы таяқ тастам жер ғой және мұның үстіне Тайжекеңнің он бес жылға жуық ғұмыры Сыр бойында өткен. Сол кезде Нартайды өзіне шәкірт етіп, ертіп алған жанына.

-   Енді сұхбатымыздың негізгі желісіне оралсақ. Көпшілікке беймәлім әндерді арнайы іздеп жүресіз бе, жоқ әлде кездейсоқ кездестіріп қаласыз ба?

-   Әлгінде айтқанымдай әрине, іздеп жүремін. Әрине, «Ел аралап, ән іздеп қайтсын» деп сені ешкім де іссапарға жібермейді. Бірақ барған, жүрген жерімізде құлағымызды түре жүреміз. Мәселе сонда.

Көкшетау жағында ертеректе Ильяш Тақауов деген әнші өтіпті. Сол жаққа жол түскенде Мұхамеджар Қойбағаров деген жігіт «Ілекең ай-татын ән еді» деп «Ақшашақ» әнін тарту етті. Ал Қостанайға жол түскенде Балжан Жүсіпбеков деген әншіден «Машина-шама» әнін үйрендім. Кәдімгі Жарылғапбердінің «Шамасы-на» келіңкірейді. Оны Балжан: «Шәкен Аймановтың айтуы бойынша жаттап алып едім», - дегенді айтқан. Енді мына қызықты қараңыз, Қарқаралыдағы концерт кезінде осы «Машина-шаманы» орындағанымда, Баймұқан деген ақсақал: «Бұл әнді кезінде мен де айтып едім. саған да сол бұзылмаған қалпы жеткен екен. Сақтаушысы мықты, енерге адал болғанға ұқсайды»,-  деп толқып кетті. Кердіңіз бе, әндерел ішін осылайша аралап жүре береді екен ғой. Бірде Көкшетаудың Аманкелді дейтін ауылында Марат деген жігіттің үйінде қонақта болдық. Ол өзі өнерге біртабан жақын азамат екен. «Әкем жарықтық айтып отыратын еді», - деп, «Естайдың соңғы әні» дейтін тамаша ән орында-ды. Жата қалып үйрендік. Ақтоғайға барғанда Болатбек Қасымжанов деген азамат «Ер Телеудің әні» деген зарлы да қасыретті ән айтып. сай-сүйегімізді сырқыратқаны бар. Осы Болатбектен Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» дейтін белгілі әнінің ескі нұсқасын естідім. Сондай-ақ «Ақбала мен Боздактың айтысы» дейтін ән де осы Болатбектен үйрену арқылы репертуа-рыма енген болатын. Мұндай мысал-дар көп. Бұл нені аңғартады? Әрине, ел ішінде іздегенге ән көп екендігін айғақтайды.Тек ықылас сала жүрсек болғаны. Кезінде ҚанБГШ Сәтбаев ағамыз Затаевичке қазақтың 25 әнін жаздырған екен. Өнерге қамқорлық міне, осылай болуға тиіс. Арада көптеген жылдар еткен соң сол әндерд қазіргі ұрпақ Затаевичтің кітабынан алып, үйреніп, айтып жүр.

-   Жезқазған - Үлытау өңірінің осы замандағы енердегі қос жулдызы тәрізденген Шынболат Ділдебаевты да, Жақсыкелді Сейіловті де кезіңіз керді, қатар жүрдіңіз...

-   Шәкең де, Жақаң да енерде әріптес, өмірде аға болды маған. Шынболат ағамыз; «Бұлар деген кешегі Жүсекендерден қалған кез ғой», - деп еркелететін. Ара-тұра филармонияға арнайы соғып. «Ғалым, «Қанатталдыны» тыңдауға келдім», -дейтіні де бар еді. Ал Жақсыкелді ағамызбен филормания құрылған күннен бастап ол өмірден еткенше бірге жүрдік.

-  Жақсыкелдінің атақты «Жезкиігін» алғаш орындаған да өзіңіз көрінесіз. 

- Жоқ, әнді шығарған да, оны халық алдына алғаш алып шыққан да Жақсыкелді ағаныңвзі болатын. Ән эстрадаға арналып жазылған-тын. Маған бұл ән әстрадаға үйлеспейтіндей керінетін де тұратын. Сосын домбыраға салып көрдім, Өзіме ұнады. Жақаңа тыңдатып керіп едім. ол кісі орны-нан тұрды да: «бұрын неғып айтпай жүргенсің? Біз «Жезкиікті» эстрадаға байлап, аяқ-қолын матап тастаппыз ғой. Енді домбыраға қосып тынысын ашайық», - деп қуанып қалды. Ән авторының ақ батасын алған соң. 1978 жылы Алматыдағы қазіргі Республика сарайында тұңғыш рет домбырамен орындадым «Жезкиіеті», Кейде мені осы әннің алғашқы орындаушысы деп жататын себебі сол. Бірақ ақщаттан аттауға болмайды.

-  Ғалым аға, ән әлеміндегі ізденістеріңіз тек қана табысты болсын!

 Төртінші билік.-2012.-10 желтоқсан(№46).-5 бет

 

 

Ғалым Мұхамедин туралы мақалалар:

КӨРЕРМЕНДЕР РИЗА БОЛДЫ

Жуырда Көкшетау қаласына "Ән - көңілдің ажары" атты концертпен Жезқазғаннан дәстүрлі әншілер көшін жалғастырып келе жатқан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамедин өз шәкірттерімен келіп, ән сүйер қауымды бір серпілтіп кетті.

Салтанат ДОСЕТОВА,
 "Арқа ажары"

   Көкшетауға алғаш рет келіп отырмыз. Ақан сері, Біржан сал епін көптен аңсап жүргенбіз. Көкшетау нағыз киелі жер ғой. Иран Тасқара, Бисара Мәкенова, Мара Ес-мұқанова, Саян Мұхамедьяров сияқты жерлестеріңіздің бәрі де бетке ұстар белгілі өнер иелері емес пе. Әрі, біз Мара екеуміз бір курста оқығанбыз.
Өзім Жүсіпбек Елебековтің көзі тірісіндегі соңғы шәкірттерінің бірімін. Жезқазған фи-лармониясында отыз төрт жылдан астам еңбек етіп келемін. "Ән - көңілдің ажары" кезінде атақты сазгер Жақсыкелді Сейі-ловтің өмірге әкелген концерті. Міне, сол дәстүрді жалғастырып, еліміздің түкпір-түкпіріне, ауылды жерлеріне барып, қазақ-тың қара домбырасымен, таза әуен, шы-найы дауыстың ундестігімен ән орындай-мыз. Менімен бірге келген жас әншілер Гүлдәурен Жидебаева мен Дәрігүл Алда-жанова өз шәкірттерім, - дейді Ғалым Мұхамедин өз сөзінде.
Бір айтып кететін жәйт, осындай жақсы концерттің жарнамасы аз болды. Халық аз келді.» Әйтсе де, келген қауым әншілер өнеріне риза болып, гүл шоқтарын аяған жоқ.
Суретте: әнші Ғалым Мухамедин
Бұл концертке керермен шынымен риза болды. Себебі, мұнда асқан шеберлікпен халқымызға белгілі кептеген әсем әндер орындалды. Мысалы, "Гәкку", "Балқадиша", "Өзім туралы", "Шіркін-ай", "Майра", "Ар-мандастар", сонымен қатар, тағы басқа халық әндері көпшілік көңілінен шықты.
 


Арқа ажары.-2009.-20 маусым.-4 бет.

 

ТҰЛПАР - ӘНДІ ТУЛАТЫП ТҰҒЫРЫНДА...

Сәкен әнін әспеттеп тұмарындай,
Тоқа күйін сақтаған шырағындай,
Өлең-жырдың бір туған сыңарындай,
Дарындардың сарқылмас
бұлағындай.
Сахна төрінде қанатын қомдаған қыранша саңқылдаған жүргізуші осы-лайша көсіле жөнелді. Ол - жай ғана жүргізуші емес, Арқа әнінің ақтангері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жақсыкелді Кемалов! Әншінің тойын әнші бастады!
Бұл той - танымал әнші, дара дарын, Жаңаарқаның тумасы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамединнің 60 жасқа толған мерейтойы. Жай ғана той емес, ән мерекесі! Тұғырында тулаған тұлпар-әннің дүбірі! Иә, кешегі Сәкен ақбоз атының дүбірі қалған жазиралы Жаңаарқа бүгін ән бесігіне бөленді.Ұлы өнердің арнасында Игілік (Омаров) болып иірім тапқан, Қайрат (Байбосынов) болып қанаттанған, Келмағанбет (Нұрмағанбетов) болып көсіле шапқан, Байзақ (Сейілов) болып байыз тапқан, Береке (Көшенов) болып бел асып, Қорабай (Есенов) болып қоңыраулатқан, Сенбі (Мұхамедин) бо-лып серпілген, Серік (Оспанов) болып селдеткен, Абылай (Шүленбаев) болып арқаланған, Жақсыкелді (Кемалов) бо-лып жаңғырған, Бекболат (Тілеуханов) болып бебеу қаққан, Айтбек (Нығызбаев) болып айыз қандырған, Биғазы (Тұт-қабеков) болып сағындырған ән ордасы ғой - бұл Жаңаарқа! Бүгін тағы дүбір құшағында! Ұлы Жүсіпбек келіп ән салғандай әсерге бөлендік. Өйткені, Ғалым - Жу-секеңнің соңғы шәкірттерінің бірі. Қайрат Жүсіпбек болып тулаған ән-ғұмырдың қайырмасы болса, Ғалым - Жүсіпбек болып тербелген арман-әннің соңғы шумағы іспетті. Ұлы ұстаздың алдын көріп, тәлімін алған Ғалекең де бүгін алпыстың асқаралы беліне қадам басып, өн өнерінің бәйтерегіне айналды. Өзі де жүздеген шәкірт тәрбиелеп, ұстаз атанды. Жүсекеңнен жүйе тартқан мерейлі мөктептің дәстүрін үзген жоқ. Шәкірттері де Жүсекеңше шырқауға машықтанды. Ұлы өнердің, өрелі мектептің мәңгілік екенін дәлелдеп жүр Ғалым мен оның шәкірттері. Тура сол күні Жаңаарқаға Жүсекең келіп ән салғандай әсерге бөленгеніміз де сондықтан. Айтпақшы, Ескене бойын, Иманақ баурайын, Сарысу сағасын ән дүбіріне бөлеген мерекеге ұлылар мекені - Семейден талантты сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жүсекеңнің тағы бір шәкірті Тұрсынғазы Рахимов пен қазақ әнінің жас перісі, ҚР Мәдениет қайраткері, Ә.Қашаубаев атындағы республикалық ән байқауының Бас жүлдегері, керекулік Ербол Айтбаев келген екен ғой. Сондықтан да, Жүсекеңнің ұлы рухы осы жерде еді сол күні. Үкілі Ыбырайдың «Гәккуімен» шық-ты Ғалекең сахнаға. Біржанның «Жо-ныпалдысы». Тайжанның «Сақ-сағы»...

    Рух! Ән төгіліп, тыңдаушы егіліп, күйкі тірліктің көбесі сөгіліп барады. Ән-ғұ-мыр асқақтап, пенде-ғұмыр жырақ қал-ған. Ән - есті, көрермен де - көшелі. Олай дейтініміз, сол күні аудан орталығында бес той болып жатыр деген. Қауіптенгенбіз. Зал толмай қалады-ау деп. Олай болмады. Залда ине шан-шар жер қалған жоқ. Өрелі жұрт өнерге құрмет көрсетті. Риза болдық. Өз ұлын өзекке теппейтін өре танытты "жаңаарқалық жайсаң ел. Кезек - Ғалекеңнің шәкірттерінде.Арысы-Алматыдан, берісі -іргедегі Ағадырдан. Осалы жоқ. Бірыңғай «сен тұр, мен атайындар». Республикалық «Атамұра» ән байқауының жеңімпазы Амангелді Күзеубаев, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, республикалық Ж.Елебеков атындағы байқаудың жеңімпазы Ардақ Мұқышев, республикалық Естай атындағы байқаудың лауреаты Амангелді Қожамұратов, республика- лық саяси әндер байқауының жүлдегері Еркебұлан Ахметов, жас та-ланттар Мұхтар Сәтқозы, Арна Өмірзақова ұстаздарын құттықтап, бір-бір ән орындады. Ғалым Мұхамедин мектебінің ғаламат арынын аңғартты.
    Дәстүрлі әннің дарабозына дархан елі де шексіз құрмет көрсетіп жатыр. Аудан әкімінің орынбасары Марат Жандәулетов ел басшысы Ғабдрахман Омаровтың сәлемін жеткізіп, өнерпаздың астына ат мінгізіп, иығына шапан жапса, аудандық мәслихаттың хатшысы Дүйсенбай Жұмасейітов Ғалекеңнің «Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы» атанғанын жариялады. Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Амангелді Түсіпов облыстық басқарманың сый-сияпаты мен құт-тықтау хатын тапсырды. Әншінің жары, белгілі көсемсөз шебері, ҚР Мәдениет қайраткері Әлия Айтжановаға да ла-йықты құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Ғабекең ән бесігінде тербеліп өскен, әйгілі Игілік Омаровтың тұяғы ғой. Ресми жиынға аттанып бара жатып, әке әнін сағынған ұлдың пейілін танытып, бүгінгі ән мерекесіне қатыса алмағанына қатты өкініш білдірген сыңайлы. Дегенмен, өнерге құрмет көрсетудің тамаша үлгісін ұйымдастырып кеткен. Дархан елдің сыйынан қонақтар да құр алақан қалған жоқ. Шексіз риза болдық!
    Дарынды ұлға деген ел ықыласында шек жоқ. Әншінің туған аулы Ескене халқының атынан белгілі кәсіпкер Әбүйірхан Төлеуов құттықтап, астына ат мінгізді. Облыстық мәслихаттың депутаты, ұлағатты ұстаз Ғазым Жа-рылғапов та ел атынан тиісті сый-сияпатын жасап жатыр. Мәселе - Ғалымның елінен алға-нында емес, еліне бергенінде. Жүсе-кеңнен 150-ге тарта ән үйренген ол тынымсыз ізденісі арқасында қазақтың ән қоржынын жүздеген ескі әнмен то-лықтырды. Орындаушылығынан бөлек, Ғалекеңнің осы еңбегі үшін оған бар жақсы атақты беруге әбден болады дер едім. Сөз жоқ, Ғалекеңнің алғаны - адал. Сахна төріне меймандар көтеріліп, мерейлі елдің мейманасын тасытты. Ғалекеңнің өнердегі досы Тұрсынғазы Рахимов «Сәби болғым келеді» деп тербелсе, рухани інісі Ербол Естай болып төгілді. Ғалым әншінің ағалары Пазыл Тұтқабеков пен Мұхаметжан Тілеуханов күмбірлете күй төгілдіріп, Қорабай ағасы әннен шашу шашты. Жақсыкелді бауыры да бір сәт жүргізушіліктен ауысып, қасиетті қара домбырасын қолға алды. Үш жарым сағатқа созылған ән ке-шінен «шаршадық» деп тарқаған ешкімді көрмедік. Қайта рухты әнге құмары қан-бай қалған секілді көпшіліктің. 

Сарыарқаның самалды сағымынан 

Бастау алған жандардың бағы бұла.

Еліктіріп,
Ерітіп,
Желіктіріп,
Тағы бір ән шырқашы, тағы бір ән! Орындарынан сүлесоқтау қозғалған ел осы бір жыр шумағын қайталап бара жатқандай көрінді маған. Әнші тойы ертеңіне туған аулы Ескенеде, Талдыбұлақтың бойында жалғасты. Дала дүбірге бөленді.Көктемде Жезқазғанда басталған дүбірлі той туған жер төсінде тұғырланды. Алдағы уақытта облыс орталығы Қарағандыда салтанат құрмақ. Орысы ормандай Қарағанды лайықты қарсы ала алса, Жүсекеңнен бастау алып, Ғалым болып жалғасқан ән керуенін...
ЖАҢААРҚА ауданы.
Орталық Қазақстан.-2012.-26 шілде.-8 бет.

 

ӘНШІ ҒАЛЫМ ЕЛ ІШІНДЕ ЖҮР

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ, «Орталық Қазақстан»

    Ертеде үлкендердің айтқанынан білетінбіз, соғыстан кейінгі жылда-ры көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері „ел-елді аралап, концерт қояды, екен. Рухын келтіреді. Кезінде автоклуб ауылға келсе халық шат-шадыманға бөленіп, кино көріп, ән - күймен сусындап, бір көтеріліп қалатын. Өнер керуенін қыстауда да, жайлауда да асыға кутіп отыратын. Нарық кезеңінен кейін осы дәстүрдің жібі үзілгелі қашан...
    Ән тұлпары Ж.Елебековтен дәріс алып, талантты шәкірттерінің бі-рі болған, бүгінде ҚР-сының еңбек сіңірген артисі Ғалым Мұхамедин үзілген дәстүрді қайыра сабақтауға кі-рісті. Рахмет, Ғалеке. Жуырда Т.Қал-мағанбетов атындағы Жезқазған филармониясының «Ән - көңілдің ажары» атты тобы Ақтоғай өңірін аралап, тегін концерт берді. Ғалекең бастайды, ҚР Мәдениет қайраткері Әлия Айтжанова қоштайды. Ел-ден шалғай жатқан Айыртас, Қусақ, Абай, Нарманбет, Саршыған, Таса-рал, Тораңғылық тағы басқа елді-мекендерінде болды. Көптен бері ән-күйге сусап қалған жұртшылықтың рухани шөлін қандырды. Ғалекеңнің шәкірттері Қоңырбай Жұмабаев, Құндыз Әшірбекова, Дәрігул Алда-жаңова, тағы басқалар дәстүрлі, сондай-ақ, бүгінгі қазақ эстрада ән-дерін Нақышына келтіре шырқап, қошёметке бөленді.
  Бұл өзі көз жазып қалған дәстүр еді. Ғалекең шәкірттерімен баяғыда Манарбек, Жүсіпбек, Дәнеш, Болат Сыбанов, Мәдениет Ешекеевтердің ел аралағанын еске түсіріп отыр. Шет жағасын көрдік қой. «Нарық» деп,-өнерді, рухымызды әлсіретіп алуға бола ма. Не нәрсеге де күш-қайрат, жігер керек. Қолдау керек,- дейді Ай-ыртас селолық округінің әкімі, өнерлі жігіт Қалыбек Ақбергенов.Ақын Ғалым сахна төрінде төк-пелеп жыр оқиды, әнші Ғалым елді аралап, ән-күймен сусындатып жүр. Бар болындар, қазақы рухтың Ғалымдары!
АҚТОҒАЙ ауданы.

 

ЖЕЗҚАЗҒАНДЫҚ ЖЕЗКИІК

      Сан ғасырлар сүзгісінен өтсе де қазақ-тың ән қазынасы желісін үзбей ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Мәди, Әміре, Естай сынды жүрегінен жыр, көмейінен ән төгілген ұлдарының дәстүрлі өнердің қалқып алынған қаймағы іспеттес ән мұрасы біз үшін көне ғасырлар күмбіріндей. Халқымыздың дәстүрлі ән өнерінен қазақ даласының иісі аңқып тұрғандай. Осындай қазақ ән өнерін насихат тау -шылардың бірі - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Тайжан Қал-мағамбетов атындағы Жезқазған филарониясының әншісі Ғалым Мұхамедин. Ол - майталман әнші, Қазак КСР халық эртісі, халкымыздың дәстүрлі ән мектебінің көрнекті өкілі Жүсіпбек Елебековтің шәкірті. 1952 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Ескене ауылында дүниеге келген бала Ғалым орта мекгепті бітіргесін туған ауылыңда қалып, енбек етті. Ауыл шаруашылығынъщ әр саласында жұмыс істей жүріп, әншілік өнерімен де көпшілікке таныла бастады. Туабітті талантымен ауыддық, аудаңдык көркемөнерпаздар байқауында көзге түскен ол 1971 жылы Жанаарқа аудандық мәдениет бөліміңде автоклуб меңгерушісі болып бекітіледі. Алдына биік мақсат қоя білген жас әнші 1973 жылы Республикалық эстрадалык өнер студиясына оқуға түседі. Оның пешенесіне отандык музыкалык мәдениетіміздің тарихы-на өлшеусіз үлес қосқан әйгілі әнші Жүсіпбек Елебековтен тәлім алу бақыты бұйырыпты.  Жүсіпбек Елебеков сынды қайталанбас ұстаздан тәлім алғаным үшін өзімді бақытты са-наймын. Белгілі әнші-сазгер, жерлестеріңіз Тұрсынғазы Рахимов екеуміз бірге оқыдық. Жүсекең бізге өмір бойына азық боларлық білім беріп кетті. Екі жыл ішіңде жүзден астам ән үйретті. 1974 жылы Жүсекең өзі 70 жасын атап өтетін қарсаңда шэкірттерінің ішінен мені таңдап алып, касына ертті. Ол шақта мен бірінші курсты енді бітірген студентпін.  Талай өңірді араладық. Сол кезде ұстазым жетпіс жасқа келсе де даусының еш талмағанын көрдім. Жүсе-кеңнің бір қасиеті - сол ауылдардың әрқайсы-сына барғанда әндерін ауыстырып отыратын-дығы еді. Бір ауыдда айтқан әнін екінші ауыдда қайталамайтын. Ұстазымның сол қасиетін алуға тырыстым. Ол әңді шын жүрегімен орындайтын. Одан әнді беріліп айтуды үйрендік. Жүсе-кең жай жүргенде басқа адам да, ән айтқаңда мүддем басқа адам боп кететін. Өнерде ол өте қатал еді,- деп еске алады ұстазын. Алғаш оқуға түскен жылы ән академигі атанған Жүсіпбек Елебековтің шәкірті. арқа-ның әншілік дәстүрін кемерінен асырған Мәдениет Ешекеевтің де ағалык қамқорлы-ғын талай көрді, сабактан тыс уакытта әнші ағадан ән айтудың әліппесін үйренді. Ғалым Мұхамедин қазақтың кайталанбас өнер шеберлерінің бірі, дәстүрлі ән өнеріндегі бірегей тұлға Жәнібек Кәрменовпен де талай бірге болған еді. "Жәнібек Кәрменов пен Қай-рат Байбосынов бізден бұрын оқыған ағалары-мыз ғой. Бізді олардың ән айту шеберліктері қызықтыратын. Семейлік Жәнібек Тұрсынға-зының ағасы болатын да, жезқазгандық Қайрат менің агам болатын. Қазір ойлап отырсам, осы-ның бәрі кайтьп келмейтін күндер екен". Жүсекең телкоңыр деп атаған Қайрат Байбосынов пен Жәнібек Кәрменов сынды ағаларының ән айту шеберлігі ұнағанмен де, жас әнші өзіңдік мәнерін табуға тырысты. Өйткені. ұстазының "Әркімнің айту мәнері болады" деген сөзін көкейінен бір сәт те шығарган емес. 1975 жылы Жүсекең өзі батасьш беріп, Қара-ғаңдыдан түлеп ұшқан қыранды бабына келтіре баптап, қасиетті Ұлытауға шығарып салады. Мәдениет министрлігінің арнайы жоддамасымен Жезқазғанға келіп "Жезкиік" ансамбліне әнші болып орналасқан Ғалым Мұхамедин содан бері қазақ халқының бесігі, көшпелі халық мәдениетінің алтын кіндігі Ұлытаудан табан аудармай еңбек етіп келеді. Шынболат Діддебаев. Жақсыгелді Сейілов сынды өнер иелерімен бірге еңбек етіп Жақсыгелдінің "Жезкиік" әнінің орындаушысы болды. "Жезкиікпен" бірге Үкілі Ыбырайдың "Гәккуі". Ақансерінің "Балқадишасы" әншінің бағын ашқан, дауыс мүмкіндігін паш еткен әңдер болды. Жас әнші "Жезкиік" эстрадалық жастар ансамблінің кұрамында талай жердің дәмін татты. Қырғызстан. Қарақалпақстан, Өзбек-стан, Балтық елдері, Мәскеу, Ленинград қалалары мен Германияда болып, өнерсүйер тыңдарманына қазақтың халық әндерін барынша насихаттады. 1985 жылы жастардың Республикалық "Жігер" фестивалінің. 1988 жылы Әміре Қашаубаев атындағы Республикалық байқаудың жүлдегері атанды. Халық әңдері мен халық композиторларының әндерін шырқай жүріп, ұмытыла бастаған ескі әндерді жинап, оларды сахнаға алып шығып. жауһар туындыларды халқымен қайта қауыштырды. Ел аралап жүріп "Ертөлеудің әні". "Естай-дың соңғы әні", "Алтын кесе" т.б. әндерді тау-ып, үйреніп, қайтадан қатарға қосты. Ел ішінде "Тайжан әндері айтылмай кетті" деген өкінішті сөздерді жиі естігесін Тайжан Қалмағамбетов әндерін іздестіріп, көнекөз қарттардан сұрас-тыра жүріп, жинап,қазақ музыкасының алтын қорына қосты. Тайжан Қалмағамбетов кім дегенге келер болсақ, ол - шашасына шаң жұқтырмай өткен суырып салма ақын. Тайжан ақын 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақстанның он күндігінде қазақ өнерінің мәртебесін көтерген көрнекті кайраткерлердің бірі. Тайжан үш жүзге аты мәлім асқан әнші, ақын, сазгер, 1937 жылы "Халық жауы" атанып, нақақтан атылып кеткен қазақтың арда ұлдарының бірі. Ғалым Мұхамедин 1993 жылдан Жезқазған саз колледжінде Жүсіпбек Елебеков дәстүрі бойынша класс ашып, қаншама шәкірт тәрбиелеп ұшырды. "Кешегі Жүсіпбек әншінің маған үйреткенін мен шәкірттеріме үйреттім. Әрине, эстрадаға қарағанда дәстүрлі ән орыңдаушыларына қолдау аз. Қолдау жоқ деп өнерді тастап кетуге болмайды. Біз ән өнерін кейінге жеткізуіміз ке-рек"-дейді ол. Ал, оның Амангелді Күзеубаев, Ардақ Мұқышев. Мерей Кәрімов, Амангелді Қожамұратов, Дәрігүл Алдажанова, Гүлдәурен Жидебаева сынды шәкірттері түрлі байқаулар-дың жүлдегері атаньш. ән өнерінің туын биікке көтеріп жүрген жас таланттар. Ғалым әншінің алдынан түлеп ұшқан шәкірттерінің алды өнер ұжымдарында еңбек етіп, республикалық, халықаралық байқау-ларда өнердің биік асуларын бағындыра бас-таса, соңы консерваторияда білім алуда. Тайжан Қалмағамбетов атындағы филармониядан табан аудармай тынымсыз еңбек еткен әнші Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі атанды. Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығын-да Елбасының Алғыс хатына ие болса, 20 жыл-дықта өңіріне мерекелік медаль тақты. Сондай-ақ, ол - Жезқазған қаласыньң Құрметті азаматы. Бүкілодақтық жастар фестивалінің жүлдегері, көркемсөз оку шебері, өмірдегі де, өнердегі де серігі Әлия Айтжанова екеуі үш бала тәрбиелеп өсіріп, қазір ата-әже атанып отырған жайы бар. Киелі Семей жеріне алғаш рет гастрольдік сапармен келіп отырған Жезқаз-ған филармоиясының концерті 25 қазан күні сағат 18.00-де Қалалык Мәдениет сарайында өтеді.

Күлия МАҚАНҚЫЗЫ.
Ертіс өңірі.-2012.-17 қазан(№42).-11 бет.

 

 
ТАЙЖАН АҚЫН - МЕНІҢ ӨНЕРДЕГІ  ҒҰМЫРЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫМ! 

Сұқбаттасқан Нұрсерік Жолбарыс

Астана қаласы

    Қазақтың ән өнерінің тарихы тағдырдың жазуымен небір қиындықтарды бастан кешті. Әні мен мен әншісінің басына қатар келген қасірет өнерімізді ойсыратып тастады. Мәдени өмірімізде біраз ақтаңдақтардың әлі де беті ашылмай жатыр. Қасиетті Ұлытау өңірі кеңестік үкіметтің зардабын біраз тартқан, енер иелерінен көз жазып қалған өлке. Сталиндік қуғын-сүргін кезінде ұлтымыздың ұлдары мен олардың жазып қалдырған рухани азықтары жалын болып жоғалды. Ел жадында қалғандары мылқаудың күйін кешті. Сол қасіретті көрген, өмірі қуғындаумен өткен ұлытаулық, иісі қазаққа ортақ тарихи тұлға Тайжан Қалмағамбетов еді. Ел аузында Тайжан ақын, Тайжекең деген атпен орныққан ақынның мұралары бугінде ортамызға оралуда. Зерттеп, тереңіне үңіліп жүрген жоқтаушылары бар. Соның бірі, Тайжанды өзіне өмірлік рухани азық еткен ҚР Халық әртісі Ғалым Мұхамедин. Әніне елі сүйсінген,жырын жадында сақтаған Тайжан ақын жайлы жалықтырмайтын ұлағаты мол әңгімені де айта алатын осы кісі. Бүгінде Тайжан ақын атындағы Жезқазған филармониясында еңбек ететін Ғалым ағамен сұқбаттасудың сәті түсті. - Ғалым аға, көпшілік ел Сізді Тайжан әндерінің орын-даушысы ретінде таниды. Бір қызығы Сіз Тайжан әндерінің орындаушысы ғана емес, соңына май шам алып түскен зерттеушісі, жоқшысы ретінде де көрініп жүрсіз. Тайжан әндеріне деген құмарлық неден басталды?
- Тайжан әндерінің соңына шырақ ала түсуіме мына екі жағдай әсер еткен еді. Біріншісі, 1973 жылы Жезқазған облысы ашылып, мәдениет саласының өкілдерін облыс орталығына жинай бастады ғой. Сол жылы облыстық көркемөнерпаздарының байқауы болды. Мен Жаңаарқа ауданының атынан Игілік Омаров, Қорабай Есенов, Тілеухан Мұхамеджан, Роза Беймендина бастаған өнерпаздармен бірге осы өнер байқауына қатыстым. Бұл байқауда мен лауреат атандым. Орындаған әнім Сәкеннің «Тау ішінде» әні болатын. Концерт аяқталған соң маған бір жігіт келіп: «Сенің даусың жақсы екен. Алматыға эстрада өнер студиясына келсең қайтеді?» демесі барма?!. Ол кезде қай жерде үлкен байқаулар өтсе, сол жерге арнайы келіп таланттарды іздейді екен. Ұсыныс айтқанымен қоймай, атақты әншілер, халық әртістері Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Кұрманғалиев ағалардан дәріс аласың деп студиясының адресін, телефонын түгел жазьш берді. Ауылдағы бозбалаға осыдан артық не бақыт керек?! Сол жылы, яғни 1973 жылы Жүсіпбек Елебеков сыныбына окуға түстім. Студияға түскен еліміздін түкпір-түкпірінен жиналған әнші балалар өз елінің ақын-әншілерін, күйшілерін мактан ететін. Менімен бірге Қызьшорда облысы, Арал ауданының «Қызыл ту» совхозынан келген Темірхан Ерғалиев әнші жігіт Ғарифолла Құрманғалиевтің сүйікті шэкірті болды. Бірге жолдас болдық, оқуды бірге бітірдік. Жұбымыз жазылмаған жақсы досқа айналып кеттік. Дарындылығы керемет, әнді өте көп білуші еді. Батыс өңіріміздің әндерін керемет меңгеріп,өнерге қанат қаққан термеші болды. Бірақ ғұмыры қысқа болып, қайтыс болып кетті. Сол Темірхан Сыр елінің сүлейлерін, әнші жыршыларын айтып отыратын. Бірде Темірхан:
«Ғалым сен Тайжан Қалмағамбетовты естуін барма?
Жезқазғаннан келдім деп отырсың ғой. Ол кісі керемет болған деп біздің Сыр елі аузынан суы құрып айтып отырушы еді. Тайжекең сырнаймен, домбырамен, қобызда да қосылып ән шырқайды екен. Жендеттер оны халық жауы санап, атып тастаған көрінеді. Әндері ескерусіз қалып барады-ау» деп, ой тастады. Онысымен қоймай Темірхан Тайжекеңнің «Сыр еліне» деген әнін бойымды шымырлата отырып айтып береді. Бір күлетін әндері де болған екен деп тамсаңдырып қойды. Тайжанды жалпы естуім болмаса, оның өнері мен «Сыр еліне» деген әнін бірінші рет осы Темірханнан естідім. Міне, осы әңгіме менің Тайжан әндеріне деген ізденісімді оятты. Ал, екінші бір жағдай окуды бітіріп, 1975 жылы Жезказған облысының филармониясындағы «Жез киік» эстрадалық ансамбліне жолдамамен кеддім. Әлі күнге дейін осы ұжымда еңбек етіп жүрмін. «Жез киік» ансамблімен алғашқыда Жез-қазған облысының барлык қала, аудан, совхоз, бөлімшелерін бір жылда аралап шыктық. Ел аралап жүргенде, ауыл ақса-қалдары: «Ғалым балам-ау, Тайжан акыннын әндері айтыл-май жүр. Осы аймақтың әншісі емессің бе, сен айтпағанда кім айтады?» деген сөздерді естіп жүрдім. Оқуды бітіріп, елге қайтып бара жатқанымда Жүсіпбек Елебеков ағамыздың өзі: «Ғалым үш жүздің басын қосқан Ұлытау еліне бара жатыр-сың. Ол жер қасиетті жер. Небір дүлділдер шыққан жер. Ол елде Тайжан ақын өмір сүрген. Нақактан «халық жауы» деп атып өлтірген оны. Талай жерде бірге ән салғанбыз. Тайжан-ның әндері айтылмай кетті ғой қайран дүние! Осы Тайжан-ның мұрасын барысымен қолға алшы» деп үлкен бір аманат тапсырды.
- Аға, Алматыдан елге досыңыз бен ұстазыңыздан үлкен аманат арқалап келген екенсіз. Аманатқа адалдық, дос пен ұстаздын сенімі өз жалғасын қалай тапты?
 Тайжекеннің әндерін ел ішінен көп іздедім. Қызылорда, Шымкент, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Атбасар, Көкшетау, Өскемен, Семей өңірлері және Қарақалпақ елінің Тайжанды біледі деген ақсақаддарымен, өнер адамдарымен кездестім. Өкініштісі, Тайжанмен кездесіп, әнін тыңдаса да бірде-бір әндері,әннін сөздері естеріңде қалмаған. Тек айтатындары: «Дауысы әсем, өте жағымды. Талмай тыңдай бергің келеді және әнді түрлендіріп ерекше шабытпен орындаушы еді» деуден әріге бара алмады. Көп әнді көңілденіп, шаттанып, күліп шырқайтынын да айтады. Содан не керек, «Қазақтың 1000 әні» жинағынан Тайжекеңнің «Тайжан әні», «Ұлытау» деген әндерін үйрендім. Концерттерде домбырамен айтып жүрдім.
   Бірде аяқ астынан қызық жағдай болды. Облыстық «Жез-қазған туы» газетінің редакциясына Сайлаухан Нәкенов ағамызды іздеп бардым. Жаны жайсаң, өнердің қамқоршысы Сайлаухан ағамызға Тайжан әндерін іздеп, Ақтөбе, Торғай өңіріне барған сапарымнан ештене шықпай, салым суға кетіп отырғанын айттым. «Ех, Ғалым-ай, сен іздеуді білмейді екенсің. Ақсақалдардан гөрі қария әжелерден сұрағанын жөн болады. Себебі, еркектерден гөрі әйелдердің миы тез қабыл-дап, жаттап алады. Әйтпесе, Тайжанмен малдас құрып отыр-ған бір еркек Тайжанның бір әнін айтып берер еді ғой. Тілімді алсаң былай жаса. Тайжанның ең үлкен ағасы Құлжан деген кісі болған. Осы Құлжаннан Шаһбал деген қыз қалыпты. Тайжан әндерін жатқа білетін көрінеді. Әуелі сол кісіні іздестірсең қайтеді» деп жөн сілтеді. Маған да керегі осы болатын. Айнала отырып, Шаһбал апамыздын мекен-жайын тауыл алып, үйіне тура бардым. Қария әжептәуір жасқа келсе де әлі тың көрінеді. Амандық сұрасып, жөнімді айтқан соң кария менен секем алды. Атасы Тайжанды атқан үкімет, оның туған-туысын, елін де біраз әуреге салса керек. Содан әбден үркіп қалған екен. Шаһбал апамыз менімен әрі қарай әңгімелесуден бас тартты. Кеудесі алтын сандық болып тұр-ған жанның қорқынышы енді бекер екенін айтып түсіндір-генімнен ештене шықпады. Жылы қоштасып, амалым кұрып үйден шығып бара жатканымда балаларының бірі жаныма таянып: «Аға, келген мақсатыңыз бізге түсінікті болып отыр. Өзіңіз білесіз, ел әбден үркіп қалды ғой сол саясаттан. Егер апамнан ән жазып аламын десеңіз, апам ақырын ғана ыңылдап ән айтып, көңілденіп жүретін уақыты болады. Сол кезде Сізді шақыра қояйын. Сіз дайын болып, дереу келсеңіз апам әнді орындап, тарихында айтып береді» демесі барма?! Мұндай куанбаспын. Телефонымды, мекен-жайымды калдырып, үзілген үмітті жалғап үйден шыктым.
Арада айдан астам уакыт өтті. Сәті түскен күн болса керек. Шаһбал апаның баласы қоңырау шалып: «Аға, апам бүгін көңілді. Атамның әндерін айтып бақша ішінде жүр. Жылдам келмесеңіз тағы біраз күтіп қаласыз» деп хабар берді. Таксиге мініп алып, апайдың үйіне жеттім. Шаһбал апамыз шынымен бақша ішінде гүл суарьш, арам шөптерін тазалап жүр екен. Жанына жақындағанымда Тайжан атасының әнін сызылта ақырын ғана орындап жүргенін құлағым шалды. Бұрын таныс емес әнді жаттап алайын деп тұра қалғанымды кария сезіп қалып, басын көтерді. Амандасып, екі қолымды соза берге-німде: «Әнеукүні атамның әнін іздеп келген бала емессің бе? Амансыңба қарағым?» деп жылы қабақпен қарсы адды. Есік аддында жүрген балалардың біріне: «Шәй қойыңдар, қонақ келді» деген сөзін естігенімде бойым кеңи түсті. «Әй бала, үй сыртынан біреу естіп қалып жүрер, үйге кірейік. Ақыры атам-ды іздеген екенсін Мен саған біраз нәрсе айтамын» деп үйге кіргізді. «Бөтен кісі аяғы жокпа. есікті жауып жүріңдерші» құлаққағыс етті. Апырмай, 37-нің зұламаты үрей болып бойлап алғанын сонда анық сездім Қорқынышы әлі басылмапты. Менің әрбір қимылымды да бағып отырды. Шамасы үкіметтің адамы деп сескеніп отырса керек. Әуелі менің «анкетамды» сұрастырып, біліп алды. Сөйтіп, Тайжанның алты әнін айтып берді. Дереу нотаға түсіріп, жазып алып отырмын. «Шалқыма», «Жомарт Тайжан», «Сақ- сақ» (1-түрі), «Гигигай», «Нартайға», «Гага-гай» атты алты әнмен қоржынымды осы Шаһбал апа толтырды. Шынын айтсақ, ол кісі қазақ ән өнерінің тарихына алты әнді табыс етті.
- Өте қызықты жағдай екен. Тайжан әндерін орындап жүрген, Шаһбал апамыздың өзі де өнерге жақын болғаны ғой сірә?
  Әрине. Өз әңгімесінде, Шаһбал апамыздың әндерді сонша жаттап алуынын тарихьнда айтып берген еді. Жас күнінде Атбасар өңіріне ұзатылса керек. Балалығынан айы-рыла қоймаған жас қыз елін аңсап, сағынумен күндерін өткізеді екен. Елден хабар алып, жөн сұрасып тұру қияметтің нағыз өзі. Жас қыздың сағынышын осы Тайжан атасының Атбасар жәрмеңкесіне келуі басатын болса керек. Атбасарға Тайжан акын келе жатыр деген хабар жәрмеңкеге жиналған жұртқа апта бұрын жетеді екен. Елден турасын айтсақ төркіннен келе жатқан жанды асыға күтетін жан Шаһбал апамыз еді. Бірде жәрмеңкеге келген Тайжан ақын Шаһбал-дың үйіне түсіпті. Қона жатып, екі-үш күн өнерін көрсетіп, жас қыздың сағынышын басьш, елді әнмен сусындатқан екен. Атбасардан әрі асып Қараөткел, Көкшетауды бетке алатын ақын кайтарында да Атбасардағы Шаһбалға соғып, тағы бір өнер көрсетіп кетеді. Міне, осы жағдай Шаһбал апамыздың әнге құмарлығын арттырып, жадында қалуына әсер етіпті.
- Тайжанның әкесі Қалмағамбеттен 5 ұл туады ғой. Тайжан акын соның үшіншісі. Ал, қалған ұлдарынан осы Тайжан мұрасын бүгінге жеткізгендері бар ма?
- Иә, Қалмағамбеттен 5 ұл туады. Үлкені жаңағы айтқа Шаһбалдың әкесі Құлжан. Одан кейін Тойжан, Тайжан, Шубай, Шалабай. Бәрінің де ұрпактары бар.Кезінде үлкендер Кеңестік үкіметтің қаһарынан қорқып, балаларымызға кесірі тимесін деп көп әңгімені өздері қара жер қойнауына ала кетгі. Бірақ, қазақтың ұлы болып туған Тайжанды өзге бауырларынан туған ұрпақтары ұмыта қойған жоқ. Шубай деген інісін туған Әбдікәрім ағай «Гигигай» («Сақ-сақтың» II түрі) әуенін ша шала біледі екен. Сол кісінің үйінде осы ән туралы  әңгіме қозғалып, әуенін Әбекең маған ыңылдап үйретті. Бірде ол Алматыда оқып жүріп, демалысқа ауылға келгенінде күйтабақ ала келіпті. Күйтабақтың іші сырнаймен айтылатын әндерге толы болса керек. Барлық әндердің орындаушысы Дүтбай әнші екен. Ауырып жатқан анасына ән тыңдасын деп күйтабақты қосып берген. Патефондағы әндері кезегімен айтыльш, тағы бір жаңа әуен қосылып жатқанда төсектегі анасы: «Ақын 
атам келді. Атам қайда? Ән соныкі ғой» деп төсегінен атып тұрыпты. Әннің патефоннан шығып жатқанын білген анасы, біраз тындап отырып: «Гигигайдың» сақылдап күлетін жерін алып тастапты ғой. Мына әннің күлкісі қайда? Әннің маңызы мен нәрі сол күлкі еді ғой» деп налыпты. Кейіннен анасының айтуымен сол әнге Тайжанның күлкісін қосып, орындауды қолға алдым.
- Тайжанды елдің ортасынан әкеткен ызғар сынып, санамыз бір сілкінді ғой. Дәл бүгінгі күні ел арасынан жаңа деректер кездестіре алдыңызба?
- Ұлытаулық Әлен Әлімбетов деген әнші Тайжан ақын әндерін іздестіріп жүргенімді естіп келіпті. Жұмыс орным музыкалық колледжде болатын. Дереу нотаға түсіріп, «Жігіттер», «Қарсақбай», «Қызыл алма» әндерін жазып алдым. Тайжан мұраларына ден қойып, зерттеп жүрген жезқазғандық аксақал, каламыздың Құрметті азаматы Өмірбек Мұқановта акын әндерінің ноталарын тауып берді. Сыр еліне барған сапарымда халық аузынан «Сыр еліне» атты әнін толықтырып жазып алдьш. Бүгінде өзімнің жеке репертуарымда Тайжан ақынның 13 әні бар. Орындай қалсаң халық ұзағынан тұрып қошемет көрсетеді. Бұйырса Тайжан әндерімен репертуарым-ды байыта түсемін. Ізденіс үстіндемін. Тайжан ақын - менің ән өнеріндегі ғұмырлық тақырыбым. Бұл ел жадынан өшпейтін, өлмейтін мәңгілік тақырып. Мұны Кеңестік жү-йенің кұйтырқы саясаты да өшіре алмады. Себебі, халықтың Тайжанға деген кұрметі, ықыласы жоғары болды. Рухы-мыздың биіктігін осыдан-ақ байқауға болады. Оның үстіне дос пен ұстазға берген уәдем, олар жүктеген аманат бойымда тұр.
- Сұқбатыңызға көп рахмет! 

 

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ОРЫНДАҒАН ӘНДЕР АЛТЫН ҚОРҒА ЖАЗЫЛДЫ

     Қарағанды облыстық телерадио компаниясының кешенінде «Мәдени мұра» тележо басымен халық әндері Алтын қорға жазылды.
Оған Сарыарқаның әр аймағында халық әнін орын-даушылар, ауыз өдебиеті үлгілерін насихаттаушылар шақырылды. Облыс бойын-ша Алтын қорға жазылған алғашқы әндерді біздің жерлесіміз Ғалым Мұхаме-дин мен оның шәкірттері орындады.
     Елбасының қолдауымен өмірге жолдама алған «Мәдени мұра» бағдарламасы - рухани жаңғырудың жасампаз бейнесі. «Мәдени мұраны» мемлекеттік қам-қорлыққа алып жай ғана жәдігер күйінде емес, насихат шараларымен кәдеге асыру қолға алынып отыр. Ұлттық өнердің жанашыры ретінде осы бастамаға облы-стық телерадиокомпаниясы қолдау көрсетіп, Жезқазған,Торғай, Астана өңіріндегі дарындардың өнерін мәдени мұра ретінде Алтын қорға топтастыруда.
    Бұл шара Арқаның әншілік дәстүрін насихатта-ған арқалы әнші Жүсіпбек Елебековтің туғанына 100 жыл толу құрметіне арна-лып отыр. Алтын қорға алғ-ашқы әнді Ғалым әншінің орындауы тегін емес. Қазақ-стан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Жез-қазган қаласының Құрметті азаматы Ғалым Мұхамедин - Жүсіпбек Елебековтің шәкірті.  "Мәдени мұра" Алтын қорға Ғалым Мұхамединнің өзімен бірге оның шәкірт-тері Қарлығаш Байдалина, Райхан Иіпбергенова, Аман-келді Күзеубаев және Ал-матыдан Құрманғазы атын-дағы мемлекеттік консерва-торияның І-курс студенті Аманкелді Қажымұратов қатысып, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырайдың әндерін орындады. Жезқа-зғандық әншілерге бұл жолы қалалық мәдениет бөлімі демеуші болды.
Ж. КӘРКЕНҚЫЗЫ.

 

ӨНЕР


        Ғалым Мұхамедин - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Тайжан Қалмағанбетов атындағы Жезқазған филармониясының әншісі, Тайжан ақынның әңдерін жинақтап. насихаттаушы. 1952 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының "Ескене" аулында дүниеге келген. 1975 жылы Республикалық эстрада өнері студиясын Ж.Елебеков сыныбы бойынша бітірген. 1985 жылы республикалық "Жігер" фестивалінің лауреаты; 1988 жылы республикалык Әміре Қашаубаев атындағы байкаудың жүлдегері;
1999 жылы Қ.И.Сәтбаев сүйіп орындайтын әндер байқауының жүлдегері. 1993 жылдан бастап Жезқазған музыкалық колледжінде домбырамен ән салу мамандығы бойынша сабақ береді.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы құрметіне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен, ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.2006 жылы Қарағаңды облысы Әкімінің "Халық әндерін үздік орындаушы" но-минациясы бойынша жеңімпаз, "Алтын кобыз" иегері. 2010 жылы әншінің "Жез киік" үнтаспасы шықты. 2011 жылы "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалінің иегері. Ғ.Мұхамедин орындаған әндер Қазақ радиосы мен теледидарының "Алтын корына" жазылған. Аптаның әр күнінің өзінін қуанышы мен қызығы жетерлік. Өткен аптаның соңғы 16-17 маусым күндері Жаңаарқа жұртшылығы үшін қуанышқа кенелтіп, әнмен сусындатқан күн бодды. Ауданымызда «Жан жүрегім-Жаңаарқа» ретро-фестивалі өтіп, 70-80 жішдары аудан жұртшылығына танымал болған ваколды инструменталды ансамблдердің концерті болды.
Дүйсенбі жұмыс күнінде кешегі өткен ретрофестифалдің әсерін айтып, көрген білгенімізді ортаға салып отырғанымызда кабинетке ел еркесі, әнші Ғалым Мұхамедин аға келіп, алдағы айдың он төртінші жұлдызында аудан басындағы мәдениет үйінде «Ән тербеген ғұмыр» атты ән кешін өткізетінін жеткізді. Аядай бөлмедегі бесеумізге барлай қараған аға:

-Бар бөлмелерің осы ма?-деді.
-Иә, барымыз осы, өзгелерге көңіл аудармай әңгімеңізді айта отырыңыз-дедім де қаламыма кол жүгіртіп, ағаның әр лебізін койын кітапшаға түсіре бастадым.
- Әне-міне дегенше алпыстың асуына келіп қалыппыз. «Алпыс-талтүс»-дегенімен өмірдін біразын бастан өткердік. Жақсы мен жаманды, киынщынык пен қуанышты, қайғымен шаттықты алмастыра жүріп асқарлы асуға табан тіредік.
Көңіл жас болғанымен, сол жастық шақты қимағанымызбен біз де бүгін алдыңғы буын ағалардын екшесін баса Алланың бұйыртқан жасына келдік. 

Осы жасқа дейін не бітірдім, жетістігім кәне?-деген мақсатпен осы концертті туған еліме тарту етпекпін-деп ағынан жарылған аға алдыма жарнама парақшаларын қоя берді. Бұрыннан таныс адамдай әнші ағамен әңгімеміз жа-раса кетті.

- Аға, сізге әншілік өнер кімнен дарыған. Ұстаздарыңыз кім?
-Өнерді кімнен дарыды дерің бар ма? Бұл өнер маған алтын бесік, туған жер Ескенемнен, кір жуып, кіндік кескен өлкем Жаңаарқамнан, аяулы аға-апала-рымнан, жеңге-жезделерімнен, ағайын-тумамнан, әке-шешелерімнен жұқты десем өтірік айтпағаным.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі ел еңсесін түзеп, ес жия бастаған шақта Ескене ауылының тұрғындары Мазбеков Мұхамедия мен Айманның (Нұраның аза-матшасы) отбасында 1952 жылы 20 мамырда бесінші балаболып туылыппын. Қоңыр тірлікті мамыражай бэрі бір-біріне бауыр, ағайындас ауылда ержеттім. Бүкіл ауыл бір шалдың баласындай, бір колдың саласындай болатын. Теледидар деген не екенін білмейміз. Ауылда қалқанқұлақ радио ғана бар еді. Сол кездегі балаң жастар шетімізден ел аузындағы әнді естіген бойда қағып алатын құйма құлақ болатынбыз. Бір-бірімізден асып түсіп ән айтуға құмар едік. 
   Ән айтудамен алдынғы буын ағаларға қарап өстім. Ел ішіңдегі үлкендер кі-шілерге қашанда үлгі ғой. Қайып Төлешов, Төлеубай Құрманбаев, Ғалым Төтеев, Фазьш Тұткабеков, Мейрам Ұлмағанбетов, Қорабай Есенов, ағам Сенбі (Қарақойшы) бәрі де менің ұстаздарым. Әкем қара домбыраны шертіп, ән са-латын еді. Шешемізде өнерден құр алақан емес. Кезінде нағашы ағаларым ке-ремет ән салған екен.
    Өнерге бала жастан келдім. Әкем колхоз совхоздың бар жұмысын атқарған, елге сыйлы адам еді. Соғыс ардагері әкем жұмыстың қай түрін болмасын дөңгелетіп (аграном, ферма басшысы, қойма меңгерушісі) әкететін. Еңбек ар-дагері әкеміз жұмыстан оралғанда білте шамның жарығымен Қарақойшы екеу-мізді әнмен жарыстыратын әдеті бар болатын. Анамның әншісі Қаракойшы. Мен әкемнің өнерпазымын. Сонымен дайын асқа карамай әңді шырқайтын едік. Бір-бірімізден асыра гүрлендіре айтамыз. Ағайдың менен үлкендігі бар әнді нешіне келтіре майда шырқайтын. Мен оған жетемін деп, әр күн өзімше дайындалып, коржынымдағы әндерді көбейтіп, талаптанып жүретінмін. Жеңіліп бара жатсам маған әкем дем беретін еді. Біздің даусымызды естіген көрші-қолаң үйге жиналып бір жасап қалатын. Ол да бір өткен күн екен.
     Ауылда күнде жиын болатын. Ол уақыт барымен базар бір-бірін сынамайтын жаймашуақ шақ. Әр қуанышқа барлық ауыл болып шаттанып, атсалысатын. Сондай басқосуларда әжелеріміз бен шешелеріміз, апа-жеңгелеріміз сызылта ән салатын еді. Аналарымыз кай жерде еңбек етсе сол жер әннің ордасына ай-налып шыға келетін. Қырман басы, егін алқабы, сүт дайындау фермасының ба-сында қызу еңбек етіп жүрген барлық қыз-келіншектер тамылжыта ән шырқайтын. Бұл әннен ерлерде кұр калмайтын. Олар отырған жерде қара домбыра қодцан қолға өтіп, ағаларымыз бірінен-бірі асыра әуелете шырқайтын еді. Жалпы Ескененің барша жұрты ән шырқайды. Тымық күнде әуелеген әнге барлық Ескененің дархан даласы мүлгіп тербелетін еді. Осындай өлкеде өмірге келіп, әннің ордасында өмір сүрген біздің әнші болмауға кұқымыз да жоқ шығар.
- Аға, сіз қазактын біртуар ұлы Жүсіпбектің шәкірті екенсіз. Ол кісімен қалай таныстыныз?
 Ұмытпасам 1965 жыл. «Ауылға әнші Жүсіпбек келеді»,- деп естідік. Үлкен-кіші, ауылдың тайлы таяғы қалмай концертке бардық. Шағын үйде бізге орын қайда, қабырғадан шыгып тұрған іргетасқа жабыса отырмыз.
Дауысы зор, аты алты алашқа мәлім, әннің еркесі атанған Жүсекеңді алғаш көруіміз.
Жаңаарқа.-2012.-26 маусым.-4 бет.

 


СЧАСТЬЕ В ПЕСНЕ

Секретам вокального мастерства он учился у народного артиста Казахстана, лауреата Государственной премии Жусипбека Елебекова. Педагог гордился талантливым воспитанником. Встретить такого преподавателя дар свыше, считает Галым Мухамедин. В детстве маленький Галым научился петь под домбру у свое¬го брата Каракойшы. Его знаме¬нитые земляки - певец Игилик Омаров, кюйши Фазыл Туткабе-ков, гитарист Корабай Есенов. После школы Галым пошел в ме¬ханизаторы. Потом заведовал автоклубом. И всегда участвовал в местных праздниках как певец. Однажды в село Ескене, что в Жанааркинском районе, приехал с концертом Жусипбек Елебеков. Услышав пение аулчан, он пригласил их в Алматы, в эстрадную студию, где преподавал. И в 1973 году Галым приехал в столицу разучи¬вает семьдесят казахских народ¬ных песен. Жусипбек Елебеков преподносил не только технику и мастерство исполнения. Он час¬то повторял, что исключительно песни, идущие от сердца, завою¬ют публику. Шла напряженная ра¬бота над репертуаром. По окончании студии в 1975 году по направлению Министер¬ства культуры страны Галыма Му-хамедина принимают в ансамбль «Жезкиик», созданный при Жез-казганской областной филармо¬нии. И до сей поры Галым Мухамедин работает здесь. В Казахстане нет уголка, где бы он ни выступал. Ему аплоди¬ровали также зрители России, Кыргызстана, Узбекистана, Лат-вии, Литвы.,Эстонии, Германии Исландии и других стран. А в ре-пертуаре Галыма Мухамедина неизменно оставались шедевры Укили Ыбырая, Биржан сала, Акан сери, Жаяу Мусы, Мади, Гарифуллы, Кенена, Сакена Сей-фуллина, Иманжусупа, Жарыл-гапберди, Тайжана Калмагамбе-това, Болмана. Со временем вы¬шел сольный альбом «Жезкиика».
      Певец всегда в творческом поиске, собирает народный фольклор, восстанавливая почти забытые песни. Ему присваивают звание Почетного граждани¬на г.Жезказгана. Он становится обладателем премии акима Ка¬рагандинской области «Алтын кобыз». Одна за другой следуют победы на республиканских конкурсах. С 1993 года Галым Мухамедин преподает в Жезказганском музыкальном колледже. Более соро¬ка его выпускников работают в филармониях, театрах, учебных заведениях Казахстана. Жезказганцы хорошо знают воспитанни¬ков Галыма Мухамедина - Кар-лыгаш Байдалину, Гульдаурен Жидебаеву, Райхан Ипбергено-ву и многих других.
      Семья у заслуженного артиста Республики Казахстан творческая. Его супруга Алия Айтжанова - мастер разговорного жанра. Повзрослели их дети, растут внуки. Зрители не изменно встречают их тепло и с любовью. Ученики продолжают популяризировать казахское творчество. Наверное, это и есть счастье.
Валентин ШИПУНОВ.
Сарыарқа.-2012.-13.04.(№16).-С.10.

С ПЕСНЕЙ ПО ЖИЗНИ

   Слушая казахские народные песни в исполнении Галыма Мухамедина, на-слаждаешься прекрасным мастерством, которое проникает в душу, и будто чув-ствуешь мир предков, красоту казахских степей. Такому великолепному пению он научился у легендарного народного артис-та, лауреата Государственной премии Жусипбека Елебекова. Учитель гордился талантливым учеником, а Галым считает, что встретить такого учителя  дар Всевышнего.
   В детстве Галым научился петь под домбру у брата Каракойшы. Он подражал односельчанам, таким, как певцу Игилику Омарову, кюйши Фазылу Туткабекову, гитаристу Корабаю Есенову. Он вырос, стал механизатором, затем заведующим автоклубом. Активно участвовал в кон-цертных программах сельчан. А когда по радио слышал песни в исполнении Жу-сипбека или Манарбека, Гарифуллы, он забывал обо всем, мечтал петь, как они. Однажды в село Ескене на гастроли при-ехал Жусипбек Елебеков. Услышав, как поют здесь молодые люди, Жусипбек при-гласил их в Алматы, в студию искусств. Каракойшы не смог поехать. Галыму по-везло, он в 1973 году поступил в эстрад-ную студию искусств и учился в классе
самого Жусипбека Елебекова. Впервые он спел здес знаменитую песню «Гәкку» Укили Ыбырая. За год у легендарного пев-ца, народного артиста, он научился 70-ти казахским народным песням. Наставник учил технике и мастерству пения нод дом-бру и часто повторял ученику, что только песни, идущие от сердца, дойдут до серд-ца. В каждом его выступлении заставлял обновлять репертуар.
    В 1975 году после окончания студии по направлению Министерства культуры он был принят на работу солистом в ансамбль «Жезкиік», созданный при Жезказганской областной филармонии, и стал одним из основателей филармонии. С тех пор прошло почти 40 лет. В Казахстане нет области, где бы ни выступал с концертной программой Галым Мухамедин. Пропагандировал он казахские народные песни и в России, Кыргызстане, Узбеки-стане, Прибалтике, Германии, Исландии и в других странах мира. В его богатом репертуаре песни Укили Ыбырая, Биржана сал, Акана сери, Жаяу Мусы, Мади, Гарифуллы, Кенена, Сакена, Иманжусупа, Жарылгапберди, Тайжана, Болмана. Он выпустил песенный альбом «Жезкиік». В компакт-диск собраны произведения казахских народных и современных композиторов. Певец всегда в творческом поиске, собирает фольклор, в котором редчайшие, почти позабытые казахские песни. Эту любовь к музыке он прививает ученикам, он преподает с 1993 года в жезказганском музыкальном колледже. Он учит молодежь пению под домбру, пропагандирует традиции своего настав-ника. Многие его воспитанники стали ла-уреатами конкурсов и фестивалей. Более 40 выпускников работают в филармониях, театрах, музыкальных колледжах во всех областях Казахстана. Некоторые открыли школы, студии и пропагандируют казах-скую народную музыку. Галым Мухаме-дин гордится своими воспитанниками, среди них Карлыгаш Байдалина, Даригуль Алдажанова, Саламат Момбеков, Райхан Ипбергенова, Гульдаурен Жидебаева, Ер-кебулан Ахметов, Ардак Мукьгшев Аман 29 февраля в рамках традиционного фестиваля «Ұлытау үні» состо-ится творческий вечер «Ән тербеген ғұмыр» артистов Жезказганской филармонии им.Т.Калмагамбетова, заслуженного артиста РК, Почетного гражданина города, лауреата республиканских конкурсов «Жігер» и име-ни А.Кашаубаева, обладателя премии акима области «Алтын қобыз», ве-ликолепного исполнителя казахских народных песен Галыма Мухаме-дина и лауреата Всесоюзного фестиваля молодежи (в городе Москве), заслуженного деятеля культуры РК, артиста разговорного жанра Алии Айтжановой.


ПРОГРАММА XXII регионального фестиваля народного творчества и самодеятельного искусства ,«Ұлытау үні»
29 февраля
11.30. Торжественное открытие XXII регионального фестиваля народного творчества и самодеятельного искусства «Ұлытау үні» (Дом дружбы и культуры народа).
12.00. «Суретті түсірген Бекет Түбеков» - фотовыставка Почетного гражданина города, члена Союза журналистов Казах-стана, фотокорреспондента Б.Тубекова (Дом дружбы и культуры народа).
17.30. «Ән тербеген ғұмыр» - творче-ский вечер заслуженного артиста Респу-блики Казахстан Галыма Мухамедина и мастера художественного чтения Алии Айтжановой (Дом дружбы и культуры на-рода).
1 марта
14.00. Конкурс кюйши, жыршы, терме-ши (Дом культуры Улытауского района с.Улытау) (по согласованию).
2 марта
11.00. «Жулдыз-2012» - конкурс испол-нителей молодежной эстрадной песни (г. Сатпаев, Дворец горняков им.Шынболата Дильдебаева) (по согласованнию).
17.30. «Жанымның сөзі - жырларым» -творческий вечер Почетного журналиста Республики Казахстан, деятеля культуры, члена Союза журналистов и писателей РК, поэта, писателя Батырбека Мырзабекова (Жезказганский казахский музыкально-драматический театр им.С.Кожамкулова).
19.00. Торжественное закрытие XXII фестиваля народного творчества и са-модеятельного искусства «Улытау үні» (Жезказганский казахский музыкально-драматический театр им. С.Кожамкулова).
гельди Кожамуратов, Аккала Ахметова, Амангельди Кузеубаев, Мерей Каримов, Жалын Копбосынов, Жанбол Копбосы-нов, Бакытжан Рахимжанов, Айман Би-римжанова, Макпал Сейткамалова, Ерлан Мухаммед, Асхат Сагындыков и многие 'другие.
На своем творческом пути Галым Мухамедин встретил любимую супругу Алию Айтжанову. Она - актриса разго-ворного жанра, выразительного чтения. Алия начала трудовую деятельность ак-трисой в народном театре Актогайского района, играла главные роли в спектаклях Б.Тажибаева «Ана жүрегі», М.Ауэзова «Еңлік - Кебек», Г.Мусрепова «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу», Ж.Сарсекова и Ж.Жакыпова «Зауреш» и во многих дру-гих пьесах. Каждое выступление зал приветствовал аплодисментами. Алия в своих концертных программах пела пес-ни, выразительно читала поэмы, стихи. В ансамблях «Тоқырауын толқыны», затем «Жезкиік», «Үлытау» она была ведущей. В 1975 году в Москве на X Всесоюзном фестивале молодежи стала лауреатом. А на ВДНХ стала обладательницей бронзо-вой медали. Конферансье - стержень ве-чера искусств. От ее красноречия, умелых* организаторских способностей зависело многое. В год поддержки культуры в Ка-захстане Алия Айтжанова стала конфе-рансье года.
В гастрольных поездках с концерт-ной программой она побывала во многих странах, где поражала зрителей своим за-мечательным талантом. Алия Айтжанова с 1993 года преподает в жезказганском музыкальном колледже культуру языка и технику чтения. В 2002-2004 годы при отделе культуры жезказганского акимата открыла студию художественного чтения и готовила ряд крупных мероприятий. Она часто вспоминает свои студенческие годы, годы учебы в Карагандинской теа-тральной студии в классе народного арти-ста Казахстана Жамили Шашкиной. Жа-миля Шашкина - мэтр сцены казахского искусства. Она учила Алию мастерству и верила в ее будущее. Алия оправдала до-верие наставницы, стала любимицей зри-телей.
Имена артистов Жезказганской филар-монии имени Т.Калмагамбетова Галыма Мухамедина и Алии Айтжановой славят-ся не только в городе, но и в области, ре-спублике. Они внесли огромный вклад в фонд народной музыки и культуры. Они счастливы, в семье растут замечательные дети, внуки. Особо счастливы они от того, что зрители встречают их теплом и любо-вью, а достойные воспитанники продол-жают пропагандировать народную казах-скую музыку.
Сагынкуль ЖАНТУРИНА.
Жезказганская правда.-2012(8)24 февраля.-С.8.



 




   
 

Пікір білдірді (0) Қаралды: 904