Әдебиетті насихаттау барысында М.Әуезов атындағы кітапхананың оқырмандар залында барлық оқырмандар тобымен  және «Жас толқын» поэзия клубының қатысуымен «Әлем мойындаған Әуезов» атты әдеби композиция өтті. 

     ОКЖ-нің Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Жезқазған қаласы мен Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы, өнер қайраткері Ғалым Мұхамединнің 65 жасқа толуына арналған «Қазақ әнінің қызғыш құсы» атты сазды әуен кеші ұйымдастырылды.

Жылдағы дәстүр бойынша «Бір елбір кітап» республикалық акциясы аясында, биыл «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына түсті. «Қазақ поэзиясының биігіне өрмелеп шыққан ақын ол – Сұлтанмахмұт Торайғыров. Абайдан кейінгі ұлы ақындардың бірі деуге әбден болады. Ұлт үшін күрескен адам. Сол себептен оқырмандарға  жас ақын С.Торайғыровтың шығармаларын оқуға шақыру мақсатында М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалында «Сұңғыла жыр сұлтаны – С.Торайғыров» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

       С.Сейфуллин атындағы кітапханада қаламгерлер клубының отырысы аясында журналистиканың ғана емес, бүкіл мәдениетініміздің желмаясына айналған Камал Смайыловтың 85 жылдығына орай « Алаш рухты ұрангер» атты тағылымды – ғұмырнамалық кеш өтті. 

 

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз