15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні жыл сайын  аталып өтіледі. Осыған орай   Жезқазған қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесін

 

 

 

ің   №7 кітапхана-филиалында      « Ауған соғысы ұмытылмақ емес» атты    кездесу кеші ұйымдастырылды. Ерлік -саналы әскери тәрбиенің жемісі.  Бүгінде өзінің Отан алдындағы борышын өтеп, жүрген ер азаматтар қаншама.  Бейбіт заманда Отанын қорғай білген  азаматтардың  ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес.  Біз білмейтін соғыс аты бүгінде беймәлім деп жар

 

 

 

ияланып, кешегі жас та болса, бас бола білген ағаларымыздың ерлігі ешқашанда ұмытылмайтыны туралы кітапханаша Қ.Қожырбаева ой бөлісті. Ауған соғысына қатысқан интернационалист – жауынгер     Жезқазған қаласының Ауған соғысының  ардагерлер төрағасы Аманов Ақылбек Түсіпұлы  өткен соғыс жолдары, өзі куә болып қатысқан ұрыстар жайлы әңгімелеп берді.  1985 жылы әскерге алынып, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып, сол жылы Ауған жеріне соғысқа аттанады. 1988 жылы елге аман- есен оралып, Ауған соғысының ардагерлер төрағасы,  Жезқазған заң колледжінің директоры болып қызмет атқарып келеді. Ауған соғысының ардагері  Алибеков Даулет  Абитканұлы қаламыздың қара шаңырақ  №8 мектепте білім алып, кейін №7 мектепті 1985 жылы  бітіріп,  сол жылы әскери борышын өтеуге әскер қатарына алынғаны туралы айтып берді. 1988 жылы елге қайтып оралады. Қазір ауған соғысының ардагері.  Сонымен қатар,  ұрыс даласында Отан үшін қаза болған  жерлестеріміз А.Мамажанов, В. Тарадай, О. Морозов, Ғ. Құттыбаев  ерліктері  жайлы     айтылды.  №5 орта мектептің  оқушылары  С. Юлдашева мен Н.Үсенова ақын   Ғ.Ештанаевтың «Ауған жауынгерінің монологі»  және Б.Еңсебаевтың «Қаруласым» атты өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Арнайы шақырылған қонақтарға кітапхана қызметкері алғыс білдіріп, сыйлықтар табыс етті.     Кеш тартымды, әрі қызықты өтті.

 

 

     

 

 

 

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0
  • Пікір білдіргендер жоқ