bannersa207 bannersa208

   «Бір өлке- бір кітап» акциясы Өмірбек Мұқанұлы    

    «Бабалар тағылымы» атты кітабы бойынша  

    «Ұрпақтарға із тастап ұлағатты» атты әдеби отау сценарийі 

     Өтетін орны:С.Сейфуллин атындағы кітапхананың мәжіліс залы

 1-    жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, кітап сүйер оқырман қауым!

2-    жүргізуші: Армысыздар! Асыл халқым! Өз халқым.

   Пейілің кең жадыраған жаз қалпың.

 1-жүргізуші: 2012 жылдан бері қалың оқырманға өлкеміздің тұлғаларының жинақталған рухани қазыналарын насихаттауға «Бір өлке – бір кітап» акциясын көтеріп ұрпақтан ұрпаққа көшін жаңғыртады деп игі бастаманы қолға алған Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ММ-сі.                                                                                                    

 2-жүргізуші: Ия «Бір өлке – бір кітап» акциясының басты мақсаты «Ұлытау кітапханасы» сериясы насихатттау. Былтыр белгілі жазушы журналист – Әміралиннің «Арқада туған алып» кітабы таңдалса, биыл медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері, еңбек ардагері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Өмірбек Мұқанұлы «Бабалар тағылымы» кітабы.

 1-    жүргізуші: Білгенім – теңіздің тамшысындай ғана, Сол тамшы еккен гүліміздің

  тамырына нәр болып жатса, арман жоқ. Бабалар биігі аласармасын, тағылымы      тозбасын деп «Бабалар тағылымы» кітабын түйіндеген Өмірбек Мұқанұлының      «Ұрпақтарға із тастап ұлағатты»атты әдеби отауына  қош келдіңіздер.

                                                          Ән: ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамедин халық әні «Қанат талды»

  2-жүргізуші:  «Өмекен ешқашан да адамшылық ақ жолынан айнып көрген емес. Оның өмірге құштар көңілі, даладай кең алып жүрегі кім – кімге де болмасын жақсылық пен мейірім отын сыйлап келді, әлі де сыйлай бермек» деп журналист, ақын Ибрагим Бекмаханұлы суреттеген Өмірбек Мұқанұлының өмір жолымен танысайық.

                                                                        Слайд: «Өлкенің қамын, елінің елдігін ойлаған- Ұлытаудың Ұлары»

 1-жүргізуші: «Бір өлке-бір кітап»акциясының аясында өткелі жатқан Өмірбек Мұқанұлының «Бабалар тағылымы» атты  кітапты арналған «Ұрпақтарға із тастап ұлағатты» атты әдеби отауын  Капкеева Шарипа Құрманқызы ашып берсе

                                                                                                                         Сөз:

  2-жүргізуші: Халық өз бойындағы жақсы қасиеттерін ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, оның бойына сіңіріп отырады. Тәрбие ананың бесік жырынан бастап, ол дүниеге аттанған адамның тәрбиесіне дейінгі аралықтағы іс әрекеттердің халық қабылдаған жиынтығы іспетті.

  1-жүргізуші: Салт дәстүр, әдет-ғұрып, халықтың тәрбиелік дәстүрлерінің жалпы адам тәрбиесіндегі маңызы зор, мәні терең. Олардың сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі –қазақ халқы: Оның тәрбие-тәсілдері өте         көп. Халықтың ғасырлар бойы жасаған тағылымдық жолын бас-аяғын, бүтіндеп жазып шығу – үлкен еңбек, қыруар жұмыс. Бағаланар жиған- тергені осы шағын «Бабалар тағылымы» кітабында жарияланып отыр. Олай болса кітапқа саяхаттайық.

  (Сахнада: киіз үй іші жабдықталған, дастархан жайылған , Сазды әуен, «Сарыарқа» күйі ойналады)

  Әке: Ұмыт болған ата- баба дәстүрін еске салатын, көктемде күткен көңілге қуаныш ала келетін үзілген үміттерді жалғайтын ұлт дәстүрін үйретуден талмайтын келе жатқан Наурыз тойыларыңыз құтты болсын!

  Апа: Қазақтар жақсылықты – «Кие», жамандықты «Кесір», қысты – «Зымыстан», жазды «Табысқан» деп атаған. Наурызда күн мен түн теңеледі. Осы сәтті халық үлкен той деп  атап өткен.

  Әке: Балам қайдасың?

  Бала: Ия Әке

  Әке: Балам, «Қазақтар, атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», бір тал кессең он тал ек» деген.

 (Әкесімен баласы тал егеді)

  Әйелдер: жаңа атып келе жатқан күнге «Армысың қайырымды Күн-Ана» деп сәлем беріп, бұлаққа май құйып, өсімдіктерге ақ бүркеді, Сөйтіп, табиғаттың өніп- өсуіне жағдай жасайды.

  Апасы: Отағасы үйге кіріп, шай ішіңіз        

Үстел басында шай ішіліп отырғанда, баласына анасы қағидаларды айтып отырады.  Бір қолымен нанды үзбе

 Әкесі: Нанынды таусып же, сол қолымен тамақ жеме.

Ассалаумағалайкум деп жігіттер кіреді.

 Әкесі: ой төрлетіңдер шайға келіңдер, Мал сойыңдар, тамақ ішіп кетсің.

(Қонғанда ертеңіне үн түнсіз аттанып кетеді. Кетерді үй ішінде қайрақты алып, Сырмаққа бізді шаншып кетеді)

 Жеңгесі: Еркежан екеуі, қонақтар кеткен соң үйдің ішін жиыстырып, қайрақты іздейді.Сырмаққа шанышқан бізді көріп апасына айтады.

Апасы: бұл бізде бой жеткен қыз бар, оларда ержеткен ұлымыз бар жекжат болайық дегеннің белгісі. Қызым ойлаң. Егер келсім дерсек, қайрақты сұрамаймыз бұл «құда түсудің басы» деген салт.

Қыз үндемей кетеді.

Сол кезде көрші келін  баласымен кіреді.

 Көрші келін: Апа жақында түскен келін кешке келіп біздің үйде қонақ болсын дейді,- апам.

Бала қолындағы заттарын «шашады»

 Анасы: Ой мынау жаман қолындағыларын шашты ғой, осы үйде той болады деп кеттеді.

 Апасы: Әумин,айтпақшы келін сені қонаққа шақырып жатқан ол да бір үлкен шаңырақ. Ол үйге барғанда төріне шықпа, шәй құйсаң бір тізерлеп отырып құйарсың, үлкендердің әңгімесіне кіріспе бұл қайын енелік ақылым. 

Айналайын бұл қазақтың «отқа шақыру» деп аталатын салт дәстүрі. Шақырған үйге құр қол бармай, әкелген жасаудан бір затынды апаруын керек. Мына затынды апарсан қайтер едің (көрпеше). Отқа шақырудың мәні бұл да сенің бір үйің, бүгіннен бастап үйге келіп тұр» деген туысқандық ниеттің білдіру. Сырт көз саған баға береді, сынай қарайды, мен айтқан қағидаларды жанында ұстай ғой.

Сол кезде кіші ұлы кіріп

 Бала: Апа асықтарымды алайыңшы. Біз ойын ойнаймыз.

(Деп асықтарың алып шығып кетеді)

Кәне екеуміз қандай ойынды ойнайық.

 Екінші ұл: Мен таптым , кәне екеуміз «Киім алғыш» деген ойынды ойнайық. Ойын тәртібі былай 3-4 асықты жабайылатып шашып тастайды. Асықтар біріңғай не бүк, не тәйке, не алшы, шік түссе қарсыласы бір киімін шешіп беруі керек. Ұтылған балалар ойын соңында ұтылған заттарың қайтарып алу үшін ұтылғанымыз айыбымызды өтеп білгенімізді паш етеміз.

Ойынды бастаймыз. Ойын ойналады.

 Әкесі: ей ұл ана малдарға су берсеңші

Ұтылғандардың айтатыңдары

 Үш тұл:

  Ашу тұл

 Тұрлаусыз ғашық тұл.

             Шәкіртсіз ғалым тұл

Алты парыз:

Бір – біріне әдейі барып сәлем беру

Шақырса – бару,

          Кеңес сұраса, ақыл қосу.

Сұрағанына жауап беру.

          Ауырып қалса, көңілін сұрау.

           Қайтыс болса, жерлеуге қатысу

 Жігіттің тоғыз жауы:

          Басты жауын жалқаулық, сорлататын.

          Осалдығың – аңқаулық соқтыратын саныңды.

          Жасқаншақ болсаң, ұры алар қоралап қойған малыңды.

          Жалатқызбас жасықтық аузындағы балыңды.

          Өтірік айтсаң өңмендей жоғалтасың арыңды.

          Өсек терсең желмендей – суға кетірер салынды.

          Көпірме босқа мақтан қып түкке тұрмас барыңды.

          Көрінгенге жалтақтап бола алмайсың жағымды.

          Біреуді алдап- арбаумен аша алмайсың бағыңды.

 Әкесі: Ей бәйбіше  мен дәрігерге барып келейінші, неше күн болды түнімен қилы-қилы түстер көріп ұйықтай алмай жүрмін.

Сол кезте дәрігер қызда келіп кіреді.

 Дәрігер қыз: Саламатсыздар ма?

 Әкей: Ой кімді айтсаң сол келеді  деген өзімде барып келейін деп отырғанмын.

 Дәрігер қыз: Денсаулығыңыз қалай, Қай жеріңіз ауырып қалды.

 Әкей: Қызым қалың қалай? Түнімен жиі түс  көрем, бұл денсаулыққа зиян емес пе?

  Дәрігер қыз: Ата түс көру – қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі деп түсіндіреді ғылыми орта, түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И.П. Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді.

  Әкей: Кейде өзен кешіп бара жатам.

  Дәрігер қыз: Ол жақсылық нышаны ғой. Қазақ халқы түс көруге бей жай қарамаған. Түс көру адамның ырқынан тыс болғандықтан оны көрудің мағынасынан гөрі түсті жоруға көбірек көңілге түсті әрдайым жақсылыққа жорып отырған.

  Әкей: Түсімде қайтқан ағайым тек көрініп кетіп жүр, өткенде түсімде өзімнің өліп қалғанымды көріп шошып ояндым.

  Дәрігер қыз: Ой әкей өмір жасыңыз ұзақ болады. Дінде түсті рухани әлемнің хабаршысы ретінде қабылдайды. Түс көру адамға аян берілетіні болашақтан хабар берілетіні жайлы көптеген аңыз әңгімелер бар екенін өзіңізде білесіз ғой. Құранда аты аталатын Жүсіп пайғамбардың түсінде аян алуы мен түс жору ғылымына ие болуы алланың құдіреті деп санаған.

 Демек әкей, түс көру, оны жору жай нәрсе емес одан әрі білгіңіз келсе Өмірбек Мұқанұлының « Бабалар тағылымы» атты кітабын оқыңыз.

  2-жүргізуші: Бабалар дәстүрінен мақұрым қалмаса екен, біздің бабаларымыздың да өз білгені бар, өз биігі бар, сол арқылы кешегі аға ұрпақтың дүниетанымына барлау жасай алса деген оймен атадан аманат болған құндылықтарды жинақтаған бүгінгі кітаптың авторы Өмірбек Мұқанұлына сөз берейік.

  

Сөз: Өмірбек Мұқанұлы

                                                      Ән: ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамедин Тайжанның әні «Жомарт Тайжан»

   1-жүргізуші: Екінші жылы дәстүрге айналып «Ұлытау кітапханасы» сериясынан шыққан ең үздік туындыны, яғни өлкенің ақын-жазушыларының, қаламгерлердің бір шығармасын насихаттау кітапхана басты міндететіп отыр. Осы бастама туралы бірер ауыз лебіздеріңіз. Ақсақалдарымыз Ұлданов Қаташ Ұлданұлы, Ілиясов Нығмет Ілиясұлы және  Тілтану әдістемелік орталығы басшысы Ештанаев Ғазиз Елеусизбайұлы өз ойларыңыз.

                                                                                                                                Сөз:

 2-жүргізуші: Медицина саласының ардагерлері Жанасбаев Зікрия, Бөлеген Рахия Бөлегенқызы, Көшекова Гүлнәр Ахметқызы өздерінің ақ тілегін ала келіпті. Сөз сіздерде

                                                                                                                                 Сөз:

1-жүргізуші: Оқырман қауымға өлкеміздің тұлғаларының жинақталған рухани қазыналарын насихаттауға осындай игі бастама көтерген  Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ММ-сінің ұжымы. Ұжым басшысы Капкеева Шарипа Құрманқызы бүгінгі іс –шараны түйіндесеңіз.

Сөз: Капкева Шарипа Құрманқызы

 1-жүргізуші: Кітапхана –білімді жетілдіру орны. Білімді терең меңгергін келсе, керегеңді кітапханадан табасың. Осы  құндылығымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып сусындай берсін деген ақ тілекпен кешімізді аяқтаймыз.

                                         Мекен –жайымыз:                            

Жезқазған қаласы

Есенберлин көшесі  9 а

Тел. 8710 71-11-15

Эл. пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 Жауапты:   Капкеева Ш.К.-ОКЖ ММ-сі  директоры

Құрастырған:  Елубекова Қ.Т. –«Кітапханаларды дамыту ісі және   әдістемелік жұмыс» бөлімінің меңгерушісі                                                                                                             

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0

Ой-пікір білдіргендер

Load Previous Comments
1. « Ақмоншақ » , « Қайран шеше » атты повестерінің авторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

Сарыарқа газеті

1

Бір ел-бір кітап

4585214

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Баршаңызды осы кітаптарды оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желіде

  

  

ЭКСПО 2017

ekspo

 

QR код

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik