М.Әуезов атындағы кітапхана –филиал

№2 үлгілі к/ф, №9 үлгілі к-ф, №5 Кеңгір селолық  үлгілі кітапхана-филиалы

    Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

 

·        Мекен жайы:
Жезқазған қаласы
Алаш алаңы 3

·        8(7102) 736268

  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

     Қаз. ССР  Министрлер Советінің 1973 жылғы 25 сәуірдің қаулысына сәйкес  1973 жылдың 1 тамызында Жезқазған облыстық балалар кітапханасы ашылды. 1997 жылы 1-сәуір  Жезқазған облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірігуіне байланысты Жезқазған облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы болып аталды.  1997 жылы Жезқазған   облысы таралуына байланысты Қарағанды облысы мәдениет басқа №35 бұйрығына сәйкес «Қалалық балалар мен жасөспірімдеррмасының 1997 жылғы 09.06» кітапханасы болып аталды.

 2010 жылдың 1-сәуірінен бастап Жезқазған  қаласының әкімдігінің «Кітапханаларды қайта  ұйымдастыру»  туралы қаулысына  байланысты  «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі»   ММ-сі  құрамына кірді.   Кітапханада 8-қызметкер    оқырмандарға қызмет көрсетеді.  Кітап қоры –  113280, оның ішінде мем.тілде – 27266 құрайды.  Кітап қорын «Мәдени мұра», «Әдебиеттің  әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»  бағдарламасының аясында   және «Көңілді  көліктер», «Буынға бөліп оқимын», «Кел, ертегі  тыңдайық» т.б топтамалармен кітап қорын     толықтыруда. Заман талабына сай 17-электронды  басылыммен оның 6- аудиокітап, 9-ойын дисклері

(игротека), 2- CD-ROM толықтырылды.Оқырманы       -5650 жуық, кітап берілімі 171914, келім саны- 75305.   Кітапханада  абонементтер: 0-4 сынып, 5-9 сынып, 10-11 сынып ж/е жоғарғы, сонымен оқу залы   оқырмандарға қызмет етеді. Балалар мен жасөспірімдер кітапханасына Megaline провайдеріне    қосылған.    Кітапхана «РАБИС» бағдарламасымен жұмыс істеуде. Кітапханада «Атамекен», «Жер ұйық», «Балдәурен»,

    «Керемет шеберхана»   клубтары жұмыс істейді.

         «Атамекен»  клубы -  2000 жылдан бастап кітапханада құрылды. Жетекшісі: О.Сағынтаева. Мақсаты: 

    Клубтың отырысы белсенді    оқырмандарына арналған,  өрісі биік,   аясы кең тәрбие  ұғымына жетекшілік   ететін  игі          істерге ықпал жасап,қоғамдық тәлім-тәрбие  дәстүрлері мен ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берер  тарихта орны бар мәдени    мұраларды қастерлеуге, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді     насихаттау болып табылады.   «Атамекен» клубының отырысы      тоқсан сайын  өткізіледі. Клубтың құрамында студенттер және жоғарғы сынып   оқушылар.«Жерұйық»  клубы  - 2001      жылдан бастап  кітапханада құрылды. Жетекшісі : Ғ.  Рахаева.   Мақсаты: Жас   оқырмандарды   табиғатты қорғау – ең      маңызды әрі қажетті  міндеттерінің бірі, табиғи және мәдени ортаны,  экологиялық сананы, туған елін, туған жерін, қоршаған табиғатты аялауға үйрету.   Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігіне 

ерекше мән беру. Ізденімпаздық пен байқағыштыққа тәрбиелеу және өмірге сүйіспеншілікке     дағдыландыру арқылы келешекте өмірлік табыс биігіне шығарар баспалдақтың бірі болып табылады.

   «Жерұйық» клубының отырысы тоқсан сайын өткізіледі. Клубтың құрамында 5-9 сынып абонементінің    оқырмандары.          

        «Балдаурен»    клубы  -  2008 жылдан бастап құрылды.    Мақсаты: Отбасылық оқуды дамыту,    отансүйгіштік, адамгершілік пен мейірімділік рухында тәрбие беру, бүлдіршіндерге патриоттық сезімді     қалыптастыру, өлкетану әдебиетіне қызығушылығын ояту, оқу арқылы жас оқырмандардың   мәдени  және

 рухани байлығын, елжандылық рухта дамыту.  «Балдаурен»клубының отырысы әр айдың  басында өткізіледі. Клубтың құрамында  0-4 сынып  

    абонементінің жас оқырмандары.   «Керемет шеберхана»   клубы -  2013  жылдан  бастап  құрылды. Мақсаты: 

   Келешек жас ұрпаққа қазақ халқының ұлттық өнерін  дәріптеу, өнер   туындылары арқылы дағдыларды  жаңарту, ұлттық

   мәдениеттілікке тәрбиелеу, оқырмандардың  эстетикалық  талғамын ұштау, өнерге ынтасын  дамыту, ұлттың  сезімін ояту,

   шапшаңдыққа, талғампаздыққа, әсемдікке, адамгершілікке тәрбиелеу. «Керемет шеберхана» клубының отырысы аптасына

   бір рет өткізіледі. Клубтың  құрамында 0-4 сынып абонементінің жас бүлдіршіндері. 2010 жылы Кітапханаларды дамыту ісі

   және әдістемелік жұмыс бөлімінің ұйымдастырумен   «Маман шегі»  бағдарламасында «Кітапханашының оқырман

   белсенділігін арттыруға   көмегі» атты көшпелі семинар өтті. 2011 жылы облыстық Абай атындағы кітапханада Тәуелсіздіктің

20-жылдығына арналған «Отан.Тәуелсіз. Біз» үздік құрал байқауының 3-орын  жеңімпазы Р.А.Нұрышева. 2011 жылы «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімнің мақтау грамотасымен кітапханашы: Р.Б.Шортанбаева

марапатталды. 2012 жылы облыстық Абай атындағы кітапханада өткен «Тілтаным» облыстық байқауда

кітапханашы Рунас Лариса 3-орын алды. 2012 жылы Ж.Бектұров атындағы кітапханасы жазушы Ж.Бектұровтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Таңбалы тарлан» атты жасөспірімдер арасында республикалық виртуальды шығармашылық байқауда оқырмандары Атакишева Валентина  2-дәрежелі жеңімпаз атанды. 2012 жылы Жезқазған қалалық әкімнің «Жыл кітапханашысы» номинациясы және 100000 теңге сыйлықты Балалар  жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Нұрышева Роза

    Абылханқызы марапатталды. 2012 жылы «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімнің мақтау грамотасымен кітапханашылар:

        О.А Сағынтаева мен,  Л.Н.Рунас марапатталды. 2012 жылы  Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы «Кітапхана 

    –өлкетанушылық ақпарат орталығы» атты облыстық семинарды ОКЖ қарасты Балалар мен жасөспірімдер 

     кітапханасында өткізді. 2012 жылы Облыстық Ж.Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасы «Жастар және  кітапхана : ақпарат қоғамында сұхбат»- облыстық семинар өтті.    2013 жылы ОКЖ арасындағы «Білікті маман – білімнің көшбасшысы» атты сайыста Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 3-орын иеленді. 2013 жылы Ж.Бектұров атындағы  облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Еселі еңбек асқақ мұраттарға жеткізеді» атты мульимедиялық байқауда

   «Еңбек – негіздердің негізі»  атты   «Бейнероликтер»  номинациясы бойынша, №8 қазақ

    гимназиясының, 11 сынып оқушысы Шохаманова А.  облыстық мультимедия байқауының

    жеңімпазы   атанып, ІІ дәрежелі дипломмен және  ақшалай сыйлықпен марапатталды.

   2013 жылы Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған  «Екі елден – екі ақын.

Қазақстан Тарас Шевченконы оқып ұсынады. Украина Махамбетті оқып ұсынады» дауыстап оқу халықаралық виртуальды байқауында  № 7 лицейдің   9 сынып  оқушысы   Күштібаева Ж., осы халықаралық байқауына қатысып, халықаралық виртуалды байқауының жеңімпазы атанып, ІІ дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықпен   марапатталды.  2013 жылы «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімнің мақтау грамотасымен кітапханашылар:                    Ғ.Қ.Рахаева мен С.С.Искакова марапатталды. Нұрышева    Роза Абылханқызы - кітапхананың жетекшісі .  Білімі жоғары.  Жезқазған мәдени-ағарту  училищесіне 1975 жылы түсіп, 1977 жылы  үздік   бітіріп, сол жылы  Жезқазған  қаласындағы   М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде оқу залы меңгерушісі қызметінен бастап, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі болып  еңбек еткен. 1986  жылы Шымкент  қаласындағы Аль-Фараби атындағы педагогикалық мәдениет  институтын бітірген. Кітапхана саласында 37 жыл бойы еңбек  етуде. 

     Сағынтаева Орал     Абылхасенқызы – о.д.ж.с. кітапханашы. 1974 -1976 жылдар аралығында    Жезқазған мәдени-

ағарту училищесінде оқыды. 1976 жылдан 1987 жылдар    аралығында Жаңаарқа аудандық орталықтандырылған кітапханада

 жұмыс жасады.   1987- 1997 жылдырда облыстық балалар кітапханасында, 1997-2010 жылдарда Балалар және

   жасөспірімдер кітапханасында,  2010 жылдан бастап «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-сі Балалар   және жасөспірімдер кітапханасында жұмыс    атқаруда.Орал Абылхасенқызы 2005 жылы Қарағанды  облыстық мамандық біліктілікті арттыратын курста оқып  «Балалар кітапханаларындағы жаңа мүмкіншіліктер»тақырыбы бойынша Сертификат алған.    Кітапхана   саласында 38 жыл  бойы еңбек етуде. 

          Рахаева Ғалия Құрманқұлқызы – о.д.ж.с. кітапханашы.  Білімі – орта арнаулы. Жезқазған педагогикалық училищесінің

«бастауыш мектеп білімі» тобын аяқтаған. 1979 жылдан бастап кітапхана саласында қызмет атқарады. Еңбек стажы 35 жыл.

    Рунас Лариса Николаевна – ж.д,ж.с кітапханашы. Білімі –жоғары. Жезқазған педагогикалық     институтының 1993 жылдан бастап кітапхана саласында қызмет атқарады.    Еңбек стажы 21 жыл.

   Искакова Сауле Сұлтанқызы – о.д, санаты жоқ кітапханашы. Қарағанды педагогикалық училищесінің «мектепке дейінгі білім» тобын бітірген. 2008 жылдан бастап  кітапханада жұмыс істейді. Еңбек стажы-

6 жыл.

   

   Р.Б.Шортанбаева – ж.д. санаты жоқ кітапханашы. Жезқазған педагогикалық институтының « География-биология» факультетін бітірді. 1994 жылдан кітапхана саласында.

   Н.Е. Нургалиева- о.д. санаты жоқ кітапханашы. ЖИГК- дің «ЕТ мен АЖ бағдарламамен қамтамасыз ету» бөлімін бітірген. 2010 жылдан кітапханада қызмет атқарады.

  Ж.Ж. Тукенова – ж.д.санаты жоқ кітапханашы. ЖезУ «Филиология» факультетін бітірді.  2006 жылдан бастап кітапханада жұмыс істейді.

 

№7 кітапхана-филиалы

      Мекен жайы:

        Жезқазған қаласы
 Ғарышкерлер 39 а

       8(7102) 776923

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

        Кітапхана Жезқазған орталықтандырылған  кітапхана жүйесінің құрамында   1977 жылдан бастап жұмыс атқарған. Ол кезде  мыс қорыту зауатының электролит цехында орналасып, мыс зауатының жұмыскерлеріне қызмет еткен. 2009 жыл бастап мыс зауатынан көшіріліп, қала тұрғындарына қызмет көрсетілуде. 2010 жылдың 1-сәуірінен бастап Жезқазған қаласының әкімдігінің «Кітапханаларды қайта ұйымдастыру»  туралы қаулысына байланысты «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-сі құрамына кірді. 2011 жылы кітап қоры жоспарлы тексерістен өтті. Кітап қорынан -7587 дана кітап, оның ішінде мем.тілде- 383 дана есептен шығарылды. Бүгінгі күні кітап қоры – 4335 дана, оның ішінде мем.тілде – 2841дана. Кітап -3928, газет -141,журнал – 240, электрондық басылым – 26 дананы құрайды. 26 электронды басылымның 1-еуі электронды оқулық, 2-еуі CD-ROM, 7-еуі аудиокітап, 16 –сы ойын дисклері (игротека). Кітап қорын «Өлке», «Нұр-Астана», «Фолиант», «Олжас кітапханасы», «Ел шежіресі», «Таймас»,  «Балалар әдебиеті» т.б баспалармен толықтыруда. Оқырманы – 1509, Келім саны- 18258, Кітап берілімі – 22861. 2012 жылы қалалық кітапханалардың арасында Ғабит Мүсіреповтың 110 жылдығына арналған «Адамның анасы» атты сюжеттік-рольдік композицияда,«Естен кетпес бір бейне» атты  слайд-шоу ұйымдастырды. «Дархан даланың тұлғасы» атты көрме-жайлаумен таныстырылды.2013 жылы ОКЖ-сі ұйымдастырған «Библиографиялық құралдар жәрмеңкесі -2013» шебер класс сайысына «Жүрегіне жыр ұялаған». Ақын Ғ.Жайлыбай шығармашылығы туралы ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш шығарды.

     Оқырмандарға кітапханаға тарту және кітап қорын насихаттау мақсатында «Тіл тәуелсіздігі – ел болашағы» атты бақытты сәт, Дін ұлылықтың 

нағыз үлгісі» атты рухани танымдық сағат, «Дара да дана тұлға » атты кітап көрмесі,  «Тарихи ескерткіштер- мәдени мұра қазынасы» атты сырттай саяхат,«Сағындырған сұлу жырлар»      Мағжан Жұмабаевтың  шығармаларындағы махаббат тақырыбы туралы әдеби –сазды кеш,  «Өлең бар да өлмейді ол» атты кітап көрмесі, «Жыртқа менің жүрегім –тұйық мекен» атты жыр алаңы т.б ұйымдастырылып тұрды. 2014 жылдан бастап «Шабыт» қызығушылық клубы оқырмандармен жұмыс жүргізеді. Клуб құрамында ақын Ү.О. Трайсова, жас ақын А.Байжанов, зейнеткерлер Ә.Жәнібек, Е.Әбубәкір, тұрақты оқырмандар  Е.Дүйсенбеков,   Ғ.Алин,  Д.Танатаров  ж/е№21, №7 орта мектеп оқушылары бар. Барлығы:12 оқырман.  2014 жылы клубпен бірлесе өткізілетін іс-шара; І тоқсанда:«Берекелі әнші» атты кеш (Көшенов  Б. әнші,сазгер, ақын туғанына 65 жас) 14.03.2014 ж. , «Бақыт құсы» атты кітабы бойынша кездесу кеші  (жерлігілкті ақын Ү.О. Траисовамен) ІІ тоқсанда: 18.06.2014, «Сыр сандықты ашып қара...» (ақын С.Сейфуллиннің туғанына 120 жыл)  атты әдеби сазды кеш ІІІ –тоқсанда 14.10.2014 ж., «Қала құрдастары» (Жезқазған қаласының құрылға нына   60 жыл толу мерейтойына) сырласу кеші ІҮ тоқсанда 20.11. 2014ж. өтеді.

Қожырбаева Құралай Сламбекқызы – кітапханашы. 

1991-1993 жылдары Сәтбаев қаласының «Мәдени – ағарту» училищесінің «Кітапхана ісі» бөлімін қызыл дипломмен бітірген. 1993 жылдан бастап кітапхана саласында еңбек етеді. 2007жылы Қарағанды облысының мәдениет департаментінің Н.В.Гоголы атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мамандық біліктілікті арттыратын « Кітапханалық қызмет: жаңа бағыт» атты облыстық курстың сертификаттың иеленген. 2012 жылы «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің «Кәсіби шеберлігі» номинациясымен марапатталған.2013 жылы ОКЖ-сі ұйымдастырған «Библиографиялық құралдар жәрмеңкесі

  -2013» шебер класс сайысына «Жүрегіне жыр ұялаған». Ақын Ғ.Жайлыбай шығармашылығы      туралы  ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш шығарып, «Кәсіби шебер» номинациясымен марапатталды.

 

№3 кітапхана-филиалы

·         Мекен жайы:
Теректі станциясы

·        8(7102) 900092

·        Fil3-biblio@mail.ru

2006 жылдың 1-қарашасында Жезқазған қаласының әкімдігінің қаулысының шешімі бойынша «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қарағанды облысының мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 ж.ж. арналған» аймақтық бағдарламасын іске асыру мақсатында Теректі ауылының «Жас Терек» клубынан орталықтандырылған  кітапхана жүйесінің №3 кітапхана -филиалы өз есігін оқырмандарға ашты. 2010 жылдың 1-сәуірінен бастап Жезқазған қаласының 

әкімдігінің «Кітапханаларды қайта ұйымдастыру»  туралы қаулысына байланысты «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-сі құрамына кірді.  2012 жылы кітап қоры жоспарлы тексерістен өтті.  Кітап қорынан -2198 дана кітап, оның ішінде мем.тілде 64 дана есептен шығарылды. Бүгінгі күні кітап қоры 5565 дана, оның ішінде мем.тілде -3531 дана. Кітап саны- 5196 дана, газет-127, журнал 239, электрондық басылым -3 дананы құрайды.  Кітап қорын «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында, «Ауыл кітапханасы», «Жаңа заман әдебиеті: Поэзия», «Қазақ поэзиясының шеберлері», «Әлем ертегілері», «Алтын классика» т.б топтамалармен толықтыруда. Оқырман- 516, Келушілер саны 6656, Кітап берілімі -11015 құрайды. Заманның талабына сай кітапхана  компьютермен қамтылған. Интернет желісіне қосылған.  РАБИС бағдарламасымен орнатылған. 2011 жылы кітапханашысы Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған облыстық семинарға «Карагандинские сельские библиотеки: проблемы, опыт, возможности» селолық кітапханаларға арасындағы семинарға қатысып қайтты.

2012 жылы №3 кітапхана –филиалы облыстық «Ең үздік ауыл кітапханасы» байқауынан «Өзгеріс жолындағы кітапхана» номинациясымен ноутбукпен марапатталды. 2012 жылы №5 Кеңгір елді мекеніндегі кітапхана – филиалында өткен қалалық «Мәдени мұра – ауылдық кітапханада» атты көшпелі семинар – тренингте «Сыр сандық» сұрақ –жауап ұйымдастырды. Кітапхана –филиалы кітаптарды насихаттау, оқырманның оқуға деген қызығушылығын артыру, рухани дамуына жол ашу үшін  «Ана түпсіз бұлақ..»  атты құрмет-сағат, Дүниежүзілік кітап күніне байланысты «Кітап даналық қазына» аттыкітап керуені,  «Кітап ғасыр мұрасы» атты кітап көрмесімен, Ұлы Жеңіс күніне «Өшпес ерлік мәңгіге» атты ерлік сағаты, 1 маусым күні Балалар күніне байланысты «Мен суреттеймін елімді» тақырыбымен сурет көрмесі,      1 қазан Қарттар күніне «Дария кеуде тау  мүсін...»  кездесу сағаты, «Туған тілдің қашанда, көтерейік беделін» атты интелектуалдық ойын т.б ұйымдастырылып тұрады.                

Қасымбекова Махфуза  Төлеубайқызы –кітапханашы. 1983 жылдан бастап Жезқазған облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында,1989 жылдан облыстық жасөспірімдер кітапханасында кітапхана қызметкерінің  жұмысын атқарды.1988-1993 аралығында сырттай Аль-Фараби атындағы Шымкент қаласындағы педагогикалық мәдениет институтының «Кітапханатану- библиограф» мамандығы бойынша бітіріп, жоғары  дәрежелі, білімді диплом алды. 2006 жылдан бастап № 3 Теректі ауылдық кітапхана – филиалының кітапханашысы. 2008 жылы «Үздік кітапханашы» дипломымен марапатталды. Көп жылдан бері кітапхана саласында еңбек етіп келе жатқан Қасымбекова Махфузаны  Төлеубайқызы 2011 жылы Қалалық әкімнің «Ауылдың үздік кітапханашысы» номинациясымен және 100000 теңге ақшалай сыйлықпен марапаталды.


№4 кітапхана-филиалы

·        Мекен жайы:
Малшыбай селосы

·        8(71059) 52112

      2007 жылдың 1-желтоқсанда  Жезқазған қаласының әкімдігінің қаулысының шешімі бойынша «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қарағанды облысының мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 ж.ж. арналған» аймақтық бағдарламасын іске асыру мақсатында Малшыбай ауылының әкімдік үйінде орталықтандырылған  кітапхана

жүйесінің №4 кітапхана –филиалы  ашылды. Ауыл тұрғындарының бос уақыттарының дұрыс өткізуге қажетті жағдай қалыптасты. 2010 жылдың 1-сәуірінен бастап Жезқазған қаласының әкімдігінің «Кітапханаларды қайта ұйымдастыру»  туралы қаулысына байланысты «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-сі құрамына кірді. 2011 жылы кітапханашының өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты кітап қоры толық тексерістен өтті. Кітап қорынан кірістен шыққан кітап -763 дана, оның ішінде мем.тілде – 620 дана шығарылды. Кітап қоры бүгінде 4607 дана, оның ішінде мем.тілде – 3447 дана. Кітап 4314 дана, электронды басылым -2, газет 109, журнал-182 дананы құрайды. Кітап қорын «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында, «Ауыл кітапханасы», «Кәсіптік білім», «1100 қызықты деректер», «Тыңда балам ертегі» т.б топтамалармен толықтыруда. Кітапханада компьютермен жабдықталған. «РАБИС» бағдарламасы орнатылған. Малшыбай елді мекенде - 402 тұрғын. Соның 383 - Оқырманына қызмет етеді.Келушілер саны 6006, Кітап берілімі - 8857 құрайды. Оқырмандардың кітап әлеміне деген қызығушылығын «Шешендік өнер- мәңгілік мұра» атты фольклорлық сабақ, "Елбасы мұраты- ел бақыты" атты тарихи сағат, «Ата заңым тұғырым» атты пікір алмасу, "«Иман»- имандылық шамшырағы " атты сұхбат – көрме, «Дені саудың жаны сау» атты пайдалы кеңестер сағаты, «Ұлытаудың асыл перзенті» атты ғұмырнамалық кеш, «Кітап-көмекшің, ақылшың» атты кітап көрмесі т.б арттыруға бағытталған. 

 

    

   

Тулешова Гаухар Нұрмашқызы – кітапханашы. Білімі жоғары. КарГУ –дың математика факультетін бітірген. Кітапханада 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап еңбек етеді.

   

№6 кітапхана-филиалы

 

·        Мекен жайы:
Талап селосы

·        8(7102)921409 

·        Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

      2008 жылы Жезқазған қаласының әкімдігінің қаулысының шешімі бойынша «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қарағанды облысының мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 ж.ж. арналған» аймақтық бағдарламасын іске асыру мақсатында Талап ауылының әкімдік үйінде орталықтандырылған  кітапхана жүйесінің №6 кітапхана –филиалы ашылды. 2010 жылдың 1-сәуірінен бастап Жезқазған қаласының әкімдігінің «Кітапханаларды қайта 

ұйымдастыру»  туралы қаулысына байланысты «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-сі құрамына кірді. Кітапхана бүгінгі күні Megaline провайдеріне қосылған, пайдаланушыларға қызмет көрсетеді. «РАБИС» бағдарламасымен жұмыс істейді. 2011 жылы кітап қоры жоспарлы тексерістен өтті, Кітап қ орынан 478 дана кітап, оның ішінде мем.тілде – 93 дана есептен шығарылды. Кітап қоры бүгінгі күні - 6023 дана, оның ішінде мем.тілде -2794дана. Кітап- 5664 дана, газет -  112, журнал- 243, электрондық басылым – 4 дананы құрайды. Кітап қорын «Мәдени мұра»,  «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасының аясында, «Қазіргі поэзия шеберлері», «Урожайкины. Всегда с урожаем», «Мастер криминальных тайн» , «Шәкәрім әлемі», «Балаларға арналған энциклопедия» т.б топтамаларымен толықтырылуда.  Оқырман -555, Келушіле саны-7361, Кітап берілімі- 10093. №6 Талап кітапхана-филиалында   «Әлем таныған  Қазақстан « атты  кітап көрмесі,  «Ұлтымыздың киесі – тілінде» атты    сайыс, «Тілім –менің тұғырым» атты  сыр -сандық Жеңіс күніне орай «Ұлы Жеңіс  ұрпаққа ұлағат» атты кездесу,  Балаларды қорғау күніне байланысты «Бала- көңілдің гүлі, көздің нұры» атты ертеңгілік,  «Наурыз –жыл басы » атты мерекелік сағат т.б іс-шаралар әкімшілікпен, №6 орта мектебімен және «Домбра дастан» ансамблімен  бірігіп өткізіп тұрады.    Тақырыптық папка жиынтығы ашылды айта кетсек; «Соғыс ардагерлері», «Туған жер»,« Ел құрметіне бөленген азамат» (А.Қаражігітовке) т.б.

 

   

  Байбосынова Рахима Сакенқызы –кітапханашы. Білімі – орта арнаулы. Жезқазған селхоз техникумының  есепші мамандығын бітірген. 2011 жылдың  9-шілдесінен бастап №6 кітапхана –филиалында жұмыс істейді. Оқырмандардың таным-талғамына, қызығушылығына, сұранысына сәйкес тиімді қызмет көрсете білуге атсалысуда.

 

                                                                             

 

 

 

№8 кітапхана-филиалы

 

·        Мекен жайы:
Қорғанбай селосы

·        8(7102)776420

    2008 жылы 1-қазаннан бастап Жезқазған қаласының әкімдігінің №192/3 14.03.2007 қаулысының шешімі бойынша «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қарағанды облысының мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 ж.ж. арналған» аймақтық бағдарламасын іске асыру мақсатында Қорғанбай ауылының клуб үйінде орталықтандырылған  кітапхана жүйесінің №8 кітапхана –филиалы ашылды. 2010 жылдың 1-сәуіріненбастап Жезқазған

қаласының әкімдігінің «Кітапханаларды қайта ұйымдастыру»  туралы қаулысына байланысты «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-сі құрамына кірді. «РАБИС» бағдарламасымен жұмыс істейді. 2013 жылы кітап қоры жоспарлы тексерістен өтті, Кітап қорынан 1283 дана кітап, оның ішінде мем.тілде – 360 дана есептен шығарылды. Кітап қоры бүгінгі күні - 3239 дана, оның ішінде мем.тілде -2590 дана. Кітап- 2992 дана, газет -  79, журнал- 167, электрондық басылым – 1 дананы құрайды. Кітап қорын «Мәдени мұра», «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламалар аясымен, «Жасөспірімдер кітапханасы», «Қазіргі қазақ прозасы», «Алтай Ертіс кітапханасы», «Тыңда балам ертегі», «Әлем ертегілері», т.б топтамалармен толықтыруда. Қорғанбай елді мекенде – 140 тұрғын. Соның 133 -  оқырманына қызмет етеді.Келушілер саны 1484, Кітап берілімі - 4100 құрайды.    Оқырмандарға  Кітапхана жас ұрпақтың жүрегіне білім мен ізгілік дәнін себуші ұлағатты орда болумен қатар, егеменді еліміздің ертеңіне тіреу, іргесіне сүйеу болатын жастарымыздың қазіргі уақыт талабы мен

  сұранысына сай білімі мен қызығушылығының жетіліп дамуына ықпал ету жолында «Жұртшылықты жігерлендірілген жолдау» атты пікір алмасу сағаты, Ұлы жеңіске мың тағзым» ардагерлермен кездесу,       « Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздік» атты тағзым кеш, «Кітап – адамға таптырмайтын пайдалы дос», «Кітап – алтын қазына» кітап көрмелері, «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты тақырыптық сөре, «Достық – тұрақтылықтың алтын арқауы» атты сурет көрмесі «Жақсының жүзі жарқын» атты әдебиеттерге шолу т.б іс-шаралар арқылы жеткізді. Оқырмандардың сұранысы бойынша тақырыптық папкалар ашты. Айта кетсек: «Қазақ жазушылары» «Ескерткіштер елдің тарихы» «Жарқыра, жайна Жезқазған» т/б.

 

 

 

 

 

  Смайлова Қаршыға Әбдіқапарқызы – кітапханашы. Білімі – орта арнаулы. Жезқазған селхоз техникумының  есепші мамандығын бітірген. 2010 жылдан бастап кітапханада қызмет атқарады. 2011 жылы кітапханашысы Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған  облыстық семинарға «Карагандинские сельские библиотеки: проблемы, опыт, возможности» селолық кітапханаларға арасындағы семинарға қатысып қайтты. ОКЖ-нің ұйымдастырған іс-шараларына қатысып, өз жұмысына үнемі пайдалануда. 2011 жылы «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің «Ауылдың үздік кітапханашысы» номинациясымен марапатталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ